.
.
Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы,Қоскөл селосы Тамырдың ішкі және сыртқы құрылысы
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3276 | Размер: | Автор: Нартай4540«№11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Тортаева Айгуль Сериковна
6 сыныптағы биология пәнінен «Тамырдың ішкі және сыртқы құрылысы»тақырыбына жасалған қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тамырдың ішкі және сыртқы құрылысы
Мақсаты: Оқушылардың тамыр және оның құрылысы туралы білімдерін кеңейту. Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге баулу, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау.
Міндеттері:
1.тамыр туралы жалпы сипаттама беру;
2.өзара пікір алмасуға ықпал ету;
3.оқушылардың бағалай білуіне ықпал ету;
Қолданылған модуль:
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» «ОүБ және ОБ», «АКТ ны қолдану»
Сабақтың тақырыбы Тамырдың ішкі және сыртқы құрылысы
Мақсаты Оқушылардың тамыр және оның құрылысы туралы білімдерін кеңейту. Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлануға, ұтымды жауап беруге баулу, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау.
Күтілетін нәтиже 1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады;
2. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік алады;
3. Оқушылар өз идеяларын дәлелдеуіне мүмкіндік алады.
Сілтеме 6 сыныптың «Биология» оқулығы, эл.оқулық, Диалог негізінде оқыту (Мерсер мен Литлтон,2007), Сын тұрғысынан ойлау
Ресурстар Интербелсенді тақта, проектор, оқулық, стикер, А-4,т.б.
Өтілетін уақыты 45 минут
Үйге тапсырма «Менің бақшамдағы өсімдіктер тамыры» тақырыбына ойтолғау жазу,сол өсімдік түрлерінен кеппешөп дайындау
Сабақтың барысы
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
(2 минут) Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарының әзірлігін тексеру,топқа бөліну:тақтада ілінген өсімдіктердің тұқымына байланысты,яғни қайсысы даражарнақты,қайсысы қосжарнақтыға жатады,сол бойынша бөлінеді. Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады,екі топқа бөлінеді
Қызығушылықты ояту
(5 минут) Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «ыстық орындық» ойыны орындалады.Тұқым,дара және қосжарнақты тұқым құрылысы,айырмашылығы,
эндосперм,сабақша,бүршікше т.б
Ассоциация тәсілі арқылы тамыр туралы білетіндерін жинақтату, жаңа сабақтың тақырыбын интерактивті тақтадан жұмбақ шешу арқылы ашу.
Әр топтан бір-екіден шығып ыстық орындыққа отырып,сұрақтарға жауап береді
Топ мүшелері постерге кластер жасап, топтың бір мүшесі оны қорғайды, яғни топтың атынан ортақ пікір жариялайды.
Мағынаны тану
(33минут) 1. 1-ші топқа тамырдың сыртқы құрылысы,ал 2-ші топқа тамырдың ішкі құрылысы, жайлы мәтіндер таратып, оқыған мәтіндерін топта және сыныпта талқылату. Жаңа сөздермен жұмыс.
2.шағын тест дайындау. Топтар бір-біріне дайындағандарын береді
3.тапсырма «синквейн»әдісін пайдалана отырып «Тамыр»сөзіне бесжолды өлең жазу 4.тірек-сызбаларды аяқтау
Тамыр типтерін салыстыру
Тамыр бөлімдерін атаңдар
4.Сергіту сәті. «Алдар көсе» бейнебаянына билету
5.Электронды оқулықпен жұмыс.
Бағалау.
6.Топ жетекшілері бағалау кестесі арқылы топ мүшелерінің білімін, белсенділігін сараптап бағалайды.
Әр топ өзіне берілген мәтінмен танысып, оны талдап,түсіндіреді, жаңа сөздермен жұмыс жасайды.
Бір - бірімен ақылдасып, көрініс арқылы немес постер қорғау арқылы ойын жеткізеді.
Бірлесіп талдау жасап, дәптерлеріне жазады, топтан бір оқушы интербелсенді тақтаға орындайды.
Тапсырмалар топтарымен бірлесе отырып орындайды
Бейнебаяннан көрген дене қимылдарын қайталайды.
Оқушылар бір-біріне әділ баға береді
Рефлексия
(5 минут) «6 қалпақ» тәсілі арқылы арқылы оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтқызу
Әркім өз ойын ашық айтып білдіреді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.