.
.
Сабақтың тақырыбы : § 41.Тыныс алу мүшелерінің аурулары.Кох таяқшасы . 1.Сабақтың мақсаты:оқушыларға тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуы,тыныс алу мүшелерінң әртүрлі аурулары, олардың пайда болу себебі мен оларды емдеу шаралары туралы білім беру. 2.Тәрбиелілік жағы :тыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау,тазалық және жеке бас гигиенасын сақтау,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3. Күтілетін нәтиже : оқушылар тыныс алу мүшелерінің көптеген аурулары ,олардың себебі ,таралу жолы туралы біледі және жеке бас гигиенасын оқып-үйренеді. Сабақтың түрі : Жаңа сабақ Өту әдісі :СТО әдісі. Қажетті ресурстар: интерьактивті тақта, слайдтар, плакаттар, тыныс алу жүйесінің мүшелер макеті ,темекі , стакан, мақта, бағалау бетшелері. Сабақтың барысы :1.Ұйымдастыру ( сәлемдесу, топқа бөлу.3 минөт ) Сергіту сәті : Көзімізді жұмып, ішімізден мына сөздерді қайталаймыз.Мен өз біліміме сенемін,бүгінгі сабақта терең ойлап, нақты жауап беремін,Бәріңе де бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. 1-топ «Мұрын» 2-топ « Көмей » 3-топ «Өкпе». Үй тапсырмасын сұрау: «Кім жылдам ?» (7 минут ) 1. Тыныс алу жолдарын ата 2. Мұрын қуысында ауа қандай өзгерістерге ұшырайды ? 3.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деген не ? 4. Тыныс алу көлемі деген не ? 5. Тыныс алуға қажетті ауаның құрамы? 6.Сыртқа шығарылған ауаның құрамы қандай ? 7.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын қандай құралдармен анықтайды ? 8.Ауа тамырының құрылысы қандай ? 9.Тыныс алуға және тыныс шығаруға қандай бұлшық еттер қатысады? 10. Плевра және плевра сұйықтығының маңызы қандай ? Тыныс алу мүшелерінің аурулары.Кох таяқшасы .
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4241 | Размер: | Автор: bibigulІІІ.Жаңа сабақ: Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Кох таяқшасы. 3-топқа бөлемін .ДЖИКСО –әдісі ( оқушыларға дайындалуға 10 минут беріледі ) 1-топ : «Мұрын » тобы.Сасық тұмау ,гайморит «полип, кеңсірік аурулары, оның белгілері мен сақтану жолдары туралы дайындалады ) ( телефондары арқылы интернетке шыға алады және мұрын аурларын емдейтін дәрігер туралы айтады ) 2-топ : «Көмей»тобы.Көмей және кеңірдек аурулары ,олардың таралу жолы , емдеуші дәрігер,гигиенасы туралы дайындалады , интерьнетке шыға алады .(бронхит, тонзилит,лорингит аурулары туралы ,оны емдеуші дәрігер туралы айтады. ). 3-топ : «Өкпе»тобы :Өкпенің аурулары: (плеврит, өкпе рагы ,туберкулез аурулары, олардың таралу жолдары мен сақтану жолы туралы дайындалып , интерьнеттен туберкулез туралы материал алады.(санаторийлер, емдеу ауруханалары, емдеуші дәрігер , өз жеріміздегі ауруханалар мен санаторийлер, емдеу әдістері туралы айтады ) Дайын топтар ортаға шығып басқаларға түсіндіреді, постер қорғайды (5 минөт ). Сергіту сәті : Музыкалық үзіліс 3минут Топ мүшелерінің дайындаған ақпараттарымен танысып болған соң мұғалім сабақты толықтыра отырып , қорытындылайды. (5 минут )
Демонстрациялау әдісі :Тәжірибе көрсету (мұғалім көрсету болады 5 минут ) .Мұғалім таза мақтаны алып, оның үстіне жанған темекіні салып, қақпағын жабады. Содан соң 2-3 минөт өткен соң мақтада қандай өзгеріс болғанын , яғни мақтаның темекі түтінінің әсерінен ластанғанын көрсетіп , егер осы мақта біздің өкпеміз десек ,оның темек әсерінен қаншалықты бұзылатынын байқауға болатынын түсіндіріп, темекі шегетін кісінің өкпесі мен темекі шекпейтін кісілердің өкпесінің суретін көрсете отырып, оқушыларды жат әдеттен аулақ болуға шақырады. Бекіту :1.Сәйкестендіру тестісі .(5 минут ) Бағалау :Топ басшысы өз тобындағы мүшелерді бағалау бетшесіне бағалайды, мұғалім бағалауды толықтырып, өз бағасын қояды. Кері байланыс. Үйге тапсырма :БАҚ пен қосымша әдебиеттерден тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы материалдар жинақтап, реферат жазу.
Түпқараған ауданы
Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Биология пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі
Атшыбаева Күләш
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.