Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Вирустар және фагтар -

Вирустар және фагтар

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 478 | Просмотров: 16808 | Размер: 39.7 Kb | Автор: bibigul
. Қысқа мерзімді жұмыс жоспары.
Мерзімі: 19.11.14ж Мектебі:№68 Пәні: Биология Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: §21. Вирустар және фагтар
Сілтеме: Жалпы биология 10-сынып. Т.Қасымбаева. К.Мұхамбетжанов. Ресурстар презентация, кестелер, үлестірмелер, плакаттар, тақырыптық суреттер, ғалымдар суреттері, әдістемелік журналдар, МАН
Мақсаты: Танымдық: оқушылардың вирустар мен бактериофагтардың құрылысы туралы білімдерін толықтыра отырып, вирус арқылы таралатын аурулар түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.
Эмоциялық: жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір сүруге, ұжымдасып еңбек етуге үйрету және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Әлеуметтік: оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар тақырып мазмұнын топпен, жұппен, жеке талдаулар арқылы меңгеруге дағдыланады. Талдау, пікіралмасу арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Негізгі идеялар Вирустар арқылы таралатын аурулар түрлері туралы білдіре отырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру.
Дереккөздер: Оқулық, электронды оқулық, слайд презентация, үлестірмелер, кестелер, “Биология және салауаттылық негізі”, “Биолог анықтамалығы” әдістемелік журналдары, МАН (Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІІ негізгі деңгей).
Тапсырмалар: Семантикалық кесте
Тест тапсырмасы
«Жигсо» стратегиясы
«Екі жақты түсіндірме күнделігі» әдісі
Сандар сыры
«Топтастыру» стратегиясы
Кейінгі тапсырмалар: ЖИТС вирусы.
Уақыты Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушылардың іс – әрекеті
минут Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. Тренинг (сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын)
Менің көңіл – күйім жақсы
Мен сабақты жылдам орындаймын
Мен сабақты жақсы оқимын
Менің тәртібім жақсы т.б. Оқушылар мұғаліммен амандасады, топқа бірігеді. Сабаққа психологиялық дайындық жасайды.
Минут Үй тапсырмасын пысықтау:
1 - тапсырма. Семантикалық кесте
Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кестеге толтыру.
Құрылымы Эукариоттық Прокариоттық
Хромосомалар
Эндоплазмалық тор
Рибосомалар
Гольджи жиынтығы
Лизосомалар
Митохондриялар
Вакуольдер


Топ мүшелері берілген тапсырманы орындайды, сұрақтарға жауап береді.

Минут
2-тапсырма. Тест.
1.Өсімдік жасушасының қабықшасы неден тұрады?
А)жасұнықтан Ә)гликогеннен Б)Крахмалдан В)нуклеин қышқылдарынан
2. Жануар жасушасының қабықшасы неден тұрады?
А)липидтер мен нәруыздардан
Ә) сыртқы қабаттан және астыңғы жағында орналасқан плазма мембранасынан
Б) вакуольдерден В) гликокаликстен
3. Өсімдіктердің жасуша қабықшасымен салыстырғанда жануарлар жасушасының қабықшасы қандай?
А)қалың Ә) жұқа Б) орташа В)тегіс
4. Плазмалық мембрана жасушаның тіршілігі үшін қандай қызмет атқарады?
А) тасымалдау Ә) өткізгіштік Б) қорғаныштық В)зат алмасу
5. Цитоплазмамен жанасып жататын жасушаның астыңғы қабаты?
А) вакуоль Ә)ядро Б) плазмалық мембрана В)қабықша
6. Нәруыз бен полисахаридтердің ірі молекулалары, тағамның ірілеу түйіршіктері,
бактериялар жасушаға қандай жолмен өтеді?
А) пиноцитоз Ә)фагоцитоз Б)осмос В)диффузия
7. Цитоплазманың құрамына нелер кіреді? А) органоидтар
Ә) организм тіршілігіне қажетті органоидтар, гиалоплазма және матрица
Б)ферменттер В)май қышқылдары
8. жарық микроскобының көмегімен жасушаның қандай бөлімдері табылған?
А) ядро Ә)сыртқы мембрана Б)ядро қабықшасы В)цитоплазма
9. Электрондық микроскоптың көмегімен жасушаның қандай бөлімдері анықталған?
А) жасуша орталығы Ә)ядро Б) ядрошық В)митохондрия
10. Жасуша органоидтеріне не жатады?
А) цитоплазма Ә) митохондрия Б)мембрана В)ядро
11. жасушаның қандай органоидтерінде нәруыз синтезі жүреді?
А) митохондрияда Ә)рибосомада Б) ЭПТ-да В)ядрода
12. Қандай органикалық зат жасушада негізгі энергия көзі болып табылады?
А) нәруыз Ә)май Б)көмірсулар В)АТФ
13. Энергияның босап шығу процесі жасушаның қандай органоидінде жүреді?
А) митохондрияда Ә) рибосомада Б) ядрода В)лизосомада
14. Жасушадағы матрицаның рөлін қандай макромолекула атқарады?
А) ДНҚ Ә) АТФ Б) РНҚ В)НАДФ
15. Адам жасушасының ядросында қанша хромосома болады?
А)48 Ә) 36 Б) 46 В)32
16. Вирустарды қандай ғалым ашты?
А) Д.И.Ивановский Ә)Л.Пастер Б)И.И.Мечников В)С.Н.Виноградский
17. Өсімдіктер мен жануар жасушасының тұрақты құрамды бөлігі?
А) митохондрия Ә)лизосома Б) цитоплазма В)ядро
18. Хромосоманың алғашқы кермесі қалай аталады?
А) хроматида Ә) центромера Б) гистон В)метацентрлі хромосома
19. Жасушаның «асқорыту мүшесі» деп аталатын органоид?
А)Гольджи жиынтығы Ә) Лизосома Б)рибосома В)ЭПТ
20. Өсімдіктер мен жануар жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс?
А) цитоплазма Ә) жасуша орталығы Б)вакуоль В)митохондрия

Минут
«Мағынаны тану» бөлімі. Жаңа сабақ.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - БІЛІМ» М.Әуезов.
Жигсо әдісі бойынша тапсырма: Оқушылар жаңа тақырыпты оқып шығып, жұбымен пікір алмасып, топта талқылайды.
Минут 3-тапсырма.
«Екі жақты түсіндірме күнделігі» әдісі. (Тақырыпта берілген термин сөздердің анықтамасын немесе мағынасын жазу)
1) Вирус –
2) Virus –
3) Бактериофаг –
4) Бірқалыпты фагтар –
5) Лизогенді бактериялар -
Минут

4- тапсырма. Сандар сыры.
(Тақырыпты пайдалана отырып, берілген сандардың не екенін жазу)

1. ХІХ ғасыр -
2. 1898 жыл -
3. 1915 жыл -
4. 1917 жыл –
5. 1935 жыл –
6. 20-22 нм –
7. 30-90 минут –
8. 40 нм –
9. 100º -

5-тапсырма. «Топтастыру» стратегиясы.
(Топтық жұмыс кезінде оқушылар «Вирус арқылы таралатын аурулар түрлері» тақырыбында постер жасап қорғайды)
Ұсынылатын критерийлер:1) тақырыптың нақтылығы
2) тақырыпты жеткізу шеберлігі

минут Рефлексиялық бағалау. Екі жұлдыз, бір ұсыныс парағын өз пікірлерін жазуға беремін. Дөңгелек белгілер таратып беремін, оқушылар таңдағанын парағына жабыстырады. Әр оқушы бүгінгі сабақ туралы алған әсерлерін, ұсыныстарын жазады
Қызыл дөңгелек – маған сабақ ұнаған жоқ, уақытым босқа өтті.
Жасыл дөңгелек – сабақ ұнады, әлі де ізденуім керек.
Сары дөңгелек – сабақ маған қатты ұнады, жақсы қатыстым деп ойлаймын.
минут Қорытындылау. Бағалау. Кері байланыс: рефлексия.
минут Үйге тапсырма: 1) ЖИТС вирусы тақырыбын оқу
2)«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»тақырыбында эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.