Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Витаминдер (дәрумендер) -

Витаминдер (дәрумендер)

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2991 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: §50. Витаминдер (дәрумендер)
• Мақсаты: Оқушыларға витаминдердің маңызы, топтарына, жетіспегенде пайда болатын ауруларына тоқталу арқылы білім беру.
Міндеттері:
1.Оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы витаминдердің қызметі, авитаминоз, гипервитаминоз ұғымдарының мәнін ашу арқылы білім беру.
2. Оқушылардың витаминдер топтарына тоқталу арқылы білімін толықтыру, әр түрлі білім көздерін қолдана білу. Ойларын салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету арқылы дамыту.
3. Оқушыларды топпен жұмыс кезінде ұйымшылдыққа және сыйласымдыққа тәрбиелеу. Өз денсаулығына жауапкершілік сезімін арттыру, салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: - Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру
Сабақтың әдісі: СТО:түсіндіре басқарып, жеке және топтық жұмыс,өздік жұмыс, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекіліктер: таратпа материал, суреттер, кесте.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Танысу: Шеңбер құру, атын сұрау.
Топқа бөлу: 1,2,3
Келісім қабылдау
 Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз
 Бір-бірімізді тыңдаймыз
 Бір ғана адам сөйлейді
 Өз ойларымызбен бөлісеміз
 Бос сұрақтар болмайды
 Уақытты үнемді пайдаланамыз

ІІ.Үй жұмысын сұрау. 5минут
1. «Аукцион» ойыны. (жекелеп жұмыс)
Тақтадғы тағамдарды жинау. Тағамдардың артында 1 сұрақ жасырылған соған жауап бергенде ғана жинай алады.
1.Зат алмасуды ғылыми түрде қалай атайды? (метаболизм)
2. Заттар мен энергияның алмасуы неше сатыдан тұрады? (2)
3. Энергетикалық алмасу дегеніміз не? (органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінетін реакциялар жиынтығы )
4. Энергияны өлшеу бірлігі (джоль)
5. Энергетикалық алмасу неше кезеңнен тұрады? (3)
6. Энергетикалық алмасудың кезеңдерін ата (дайындық, оттексіз, оттекті)
7. Дайындық кезеңіндегі энергия қайда жұмсалады (жылу түрінде бөлінеді)
8. Оттексіз кезең қайда жүреді (цитоплазмада)
9. Анаэробты дегеніміз не? (оттексіз)
9. Оттекті алмасу қайда жүреді (митохондрияда )
10.1 г. Май ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді? (39,1кДж)

Осы жиналған тағамдардың құрамында қандай зат бар?
ВИТАМИНДЕР /ДӘРУМЕНДЕР
ІІІ.Негізгі бөлім.
1.Жаңа тақырыпты түсіндіру. 3 минут
Топтастыру.
Витаминдер дегеніміз - ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы.

Витаминдердің ашылу тарихынан...

1880 жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады.
Витамин жетіспесе - авитаминоз
Витамин шектен тыс көп болса -гипервитаминоз

Витаминдердің топтары

Майда еритін Суда еритін
А, Д, Е, К С, РР, В, В топтары

А (ретинол) Эпителий ұлпаларының дамуын,қалыпты өсуін реттейді; ферменттер жұмысын күшейтеді; көру пигменті –родопсиннің түзілуін қамтамасыз етеді; өсу витамині деп атайды;
Жетіспесе: тері құрғап жарылып, қасаң қабығы бұзылады, іңірде нашар көреді, ақшам соқыр ауруына шалдығады. Басыңызда қайызғақ пайда болады, тамағыңыздың сілемейлі қабықшасы жиі-жиі қабынады;
Кездеседі: Бауырда, сарымайда,балық майында көп.Өсімдіктекті өнімдерде-құрамында каротин бар сәбіз,қызан, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш,өрікте көп.
Тәуліктік мөлшері 2,5-10,5мг.


Д (кальциферол) Сүйектердің қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз етеді; бұлшықет тонусын күшейтеді; ферменттер жұмысына әсер етеді; ағзадағы кальций алмасуын жүзеге асырады; күннің ультракүлгін сәулелері арқылы ағзада түзіледі;
Жетіспесе:Фосфор–кальцийлік алмасу бұзылады; бойдың өсуі баяулайды; сүйек беріктігінен айырылады; аяқ сүйектері қисаяды; бас, қарын үлкен болады.
Кедеседі: Балық майында, бауырда, жұмыртқа сарыуызында т.б. кездеседі.
Тәуліктік мөлшері 2,5 мг;

К (филлохинон) 1935 жылы дат биохимигі Хенрик Дам анықтады, қан ұюына,ішекте органикалық заттардың сіңірілуіне қатысады;
Жетіспесе: қан ұюы баяулайды.
Кедеседі: Салат жапырағында, бауырда көп кездеседі; К витамині жетіспеушілігі өте сирек кездеседі, себебі ішек қабырғасында жеткілікті мөлшерде түзіледі.
Тәулігіне: 0,2-0,3мг.
Е (токоферол) ағзаның зат алмасуына және көбеюіне әсер етеді.
Жетіспесе: әйелдерде бедеулікке, бұлшықеттер қатаяды.
Кедеседі: көкөністерде, астық тұқымдастарында, өсімдік майында, жұмыртқада
Тәулігіне: 10-20мг.
С (аскорбин қышқылы) Тотығу-тотықсыздану реакция айналымына қатысады; көптеген ферменттер құрамына кіреді; ақуыз синтезіне қатысады; антиденелердің қалыптасуын жүзеге асырады; дентин, шеміршектің қалыптасуына қатысады, ішекке темір элементінің сіңірілу процесін күшейтеді; бүйрек үсті бездерінде норадреналиннің түзілуін жүзеге асырады;

Жетіспесе: Қызылиек қанталайды, қан кетеді; бұлшықеттер ауырады; қылтамырлар үзіледі; буын ауырады; тістер босап түседі; ағзаның ауруларға қарсы тұруы төмендейді, тез шаршау;
Кездеседі: Итмұрын, қара жидек, бүлдірген,апельсин, лимон, пияз, сарымсақ, қырыққабат, алма т.б.
Тәулігіне 50-100 мг қажет.


В тобы витаминдері
В тобы витаминдерінің 15 жуық түрлері бар; Зат алмасуда маңызды қызмет аткаратын ацетилхолин құрамына кіреді. Астық, бұршақ тұқымдастарда, қызылшада, бауырда, жұмыртқа сарыуызында, ашытқыда кездеседі.

Витамин В1 (Тиамин) Көмірсулар алмасуына қатысады; жүрек, бұлшықет, жүйке жүйесі мүшелерінің қызметін реттейді;
Жетіспесе: В1 витамині жетіспеуінен “Бери- бери” (полиневрит), сал ауруы пайда болды.
Кездеседі: тазартылмаған астық тұқымынының дәндерінде, бұршақ тұқымдастарында, жұмыртқа сарыуызында кездеседі;
Тәулігіне: 2,3мг.
Кептердегі В1 авитаминозы

Витамин В 2 (Рибофлавин) ХІХ ғасырдың 30 жылдары алғаш анықталды; зат алмасуға, көзге, қан жасалу мүшелеріне әсер етеді.
Жетіспесе: Көздің мөлдір қабықшасы қабынады, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасы қабынады, көзден жас ағады.
Кездеседі: Етте, сүтте, бауырда, жұмыртқада,астық дәндерінде кездеседі;
Тәулігіне: 3-4 мг.

Витамин В6 (Пиридоксин) Ақуыз алмасуына қатысады; қантамырлар қабырғасында холестериннің жинақталуына кедергі жасайды;
Жетіспесе: атеросклероздың дамуы; бауырдың семіруі;көкбауырдың бұзылуы; қалқанша безі қызметінің нашарлауы байқалады.
Кездеседі: Арпа, бауыр, бидай ұнтақтарында кездеседі.
Тәулігіне: 2,3мг.

Тышқандардағы авитаминозы
Витамин В12(цианкобаламин) Қан жасушалары-эритроциттер, тромбоциттердің түзілуін жүзеге асырады;
Жетіспесе: қаназдық, көп жетіспесе адам өліп кетуі мүмкін.
Кездеседі: бауырда, бүйректе,балықта, жұмыртқада, кездеседі.
Тәулігіне: 2-3мг.

Доңыздағы қаназдық ауруы
Витамин РР (никотин қышқылы) ХХ ғасырдың 20 жылдары ғана қасиеті зертеле бастады;тотығу реакцияларындағы катализатор-ферментердің құрамына енеді; май қышқылдарының синтезіне қатысады; аминқышқылдары айналымына қатысады;
Жетіспесе: көңіл күйі өзгереді, теріде күлдіреген көпіршіктер пайда болады. Адам пелагра ауруына шалдығады.
Кездеседі: бауырда, етте, жұмыртқада,қара нан, жер жаңғағынде көп кездеседі. Тәулігіне 15-25мг.

2. Жұппен жұмыс. Ізденушілік жұмыс 12 минут
1-топ Витаминнің маңызы
2-топ. Майда еритін витаминдер: А, Д, Е, К
3-топ Суда еритін витаминдер: С, РР, В,
«Жарнама» кезеңі.
1. Маңызын айту.
2. Қандай топтарға бөлінген.
Тағамдағы витаминдерді сақтау. Бұл кезеңде әр топ өзінің зерттейтін жұмыстарына сипаттама береді

«Жарнама» кезеңі.
3. Маңызын айту.
4. Қандай тағамда кездеседі.
5. Витаминдерінің жетіспеуінен болатын ауытқулар. Бұл кезеңде әр топ өзінің зерттейтін витаминдеріне сипаттама береді.
IVСабақты бекіту "Құпия сан" ойыны. 3 минут
Ойын шарты: тақтаға дайын алты сөз ілінеді. Мүғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар кестедегі жауапты қоюлары қажет.
1. Авитаминоз
2. Токоферол Е
3. Тиамин В1
4. Гипервитаминоз
5. Никотин қышқылы РР
6. Кальциферол Д
1. Витаминдерді шамадан тыс көп қабылдау - 4
2. Д витаминінің атауы -6
3. РР витаминінің атауы -5
4. Е витаминінің атауы -2
5. Витаминнің жетіспеушілігі-1
6. В1 витаминінің атауы -3
VСабақты бағалау: 2 минут
VI.Үй тапсырмасы : §50 оқу 1минут















- Сіз қандай түсті гүлді ұнатасыз?

Қызыл – белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызу қанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.
Қызғылт – жалынның түсі ,негізінен ол адамдар ыстық қанды болып келеді. Олар жарқын, айрықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.
Сары- жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күй тез өзгергіш, оптимист адам.
Алқызыл- нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттар мен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасиеттері де тән.
Ақ – шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.

Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқынқандықты, араздықты ұнатпайтын ақтілекті жандар.

Бағалау парағы
№ Оқушының
аты – жөні

Үй тапсырмасын
тексеру Жаңа сабақты бекіту Бағалары
«Дүкенде» ойыны жекелеп жұмыс Ізденушілік жұмыс жұппен жұмыс
жұмыс Жарнама
«Құпия сан» ойыны
Топпен жұмыс

І





Бағалау парағы
№ Оқушының
аты – жөні

Үй тапсырмасын
тексеру Жаңа сабақты бекіту Бағалары
«Дүкенде» ойыны жекелеп жұмыс Ізденушілік жұмыс жұппен жұмыс
жұмыс Жарнама
«Құпия сан» ойыны
Топпен жұмыс

ІІ





Бағалау парағы
№ Оқушының
аты – жөні

Үй тапсырмасын
тексеру Жаңа сабақты бекіту Бағалары
«Дүкенде» ойыны жекелеп жұмыс Ізденушілік жұмыс жұппен жұмыс
жұмыс Жарнама
«Құпия сан» ойыны
Топпен жұмыс

ІІІ

















Витаминнің аты Маңызы Тағам Аурудың аты Тәуліктік мөлшері
А ретинол Өсуіне, ауруға қарсы тұруға,түнде жақсы көруге, тері туындыларына әсер етеді. Бауыр, сүт, жұмыртқа сарысы, сәбіз, қызанақта, асқабақта, өрікте Ақшам соқыр ауруы 2,5-10,5мг.
Д кальциферол Сүйек ұлпасына мықтылық қасиет береді Балық майы, бауырда, уылдырықта, жұмыртқаның сарысында, сүт, жануар бауырында Мешел ауруы (рахит) 2,5мг.
Е токоферол Зат алмасуға, көбеюге Көкөніс, астық тұқымдасының дәнінде өсімдік майында, жұмыртқада Бедеулік, бұлшықет жансызданады. 10-20мг.
К филлохинон Қанның ұюына әсер етеді Көкөністер, томат, бауыр Қан ұйымайды 0,2-0,3 мг.

Витаминнің аты Маңызы Тағам Аурудың аты Тәуліктік мөлшері
С аскорбин қышқылы Ауруға қарсы тұруға, сүйек, тіске мықтылыққа Көкеніс, жемістер, тұздалған қырыққабат, қарақат, итмұрын Құрқұлақ 60-100мг.
В1 тиамин Зат алмасуға, жүректің, асқазан, жүйке жүиесіне Жармада, сүт өнімдерінде, жұмыртқада, жемісте Бери-бери
Сал 2,3мг.
В2 рибофломин Зат алмасуға,
көзге, қан жасалуына Жарманың құрамында, ашытқыда, етте, сүтте Терінің кілегейлі қабығындаауру пайда болады. 3-4мг.
В6 пиридоксин Нәруыздың алмасуына, эритроциттердің жетілуіне, темірдің дұрыс жұмаслуы Адам ішегіндегі микроорганизмдерден түзіледі. 2,3мг.
В12 цианкобаламин Қанның түзілуі үшін Бауыр, бүйрек, балық, жұмыртқаның құрамында Қаназдық 2-3мг.
РР никотин қышқылы Ішек-қарын қызметіне Ет, бауыр, жұмыртқа, қара нан, жер жаңғағында Теріде күлдіреген көпіршіктер, дақтар пайда болады
пеллагра 15-25мг.







Графиктік диктант

Иә

Жоқ




1. Қанатсыз құс бола ма? (Иә)
2. Құста қуық бола ма? (Жоқ)
3. Құстар тамағын шайнай ма? (Жоқ)
4. Құстардың солақайы немесе оңақайы бола ма? (Иә)
5. Соқыр құстар бола ма? (Жоқ)
6. Қауырсын тек құста ғана болады. (Иә)
7. Ең ұзын тұмсық тырнада. (Жоқ) (Бірқазан)
8. Түйеқұстың салмағы 90 кг болады. (Иә)

2. «Сәйкестік тесті» . «Кім жүйрік?» 6 минут
Жұптық жұмыс (қатар отырған екі бала бір-бірінің жұмысын тексереді).
1.Дененің ең ұзын ағзасы қайсы? 22
2. Ішкі ағзалардың ең үлкені қайсы? жоқ
3. Қай ағза еш үзіліссіз жұмыс істейді? ішек
4. Мидың салмағы шамамен қанша кг .? бауыр
5. Бұлшық еттер созылады ма? жүрек
6. Бас сүйекте неше сүйек бар ма? 1,4 кг
7. Мұрын неше түрлі иісті ажыратады? 34
8. Адамның омыртқа саны неше? 10000

3. Биологиялық ойын. (топтық жұмыс) 6 минут
«Экологиялық соқпақ» бөлімі. Бұл соқпақта үш кедергі бар. Әр біреуінде екі сұрақтан жасырынған.
1. «Қышқылды жаңбыр» кедергісі:
а). Мендельдің үшінші заңын ата.
ә). Гендер хромосомада қалай орналасады?
2. «Ядролық сынақ аймағы» бөгеті:
а). Өзгергіштіктің түрлерін ата.
ә). Генетика нені оқытады?
3. «Бетін мұнай жапқан теңіз» бөгеті:
а). Аутосома дегеніміз не?
ә). Аналық жыныс хромосомасын ата.

«Аукцион»ойыны
Аукционда алма сатылады. Оны сатып алу үшін кім көп сұраққа жауап берсе сол сатып алады.
1.Шығыс Қазақстанда орналасқан қорық.( Батыс Алтай)
2. Кактустық жапырағы неге тікенге айналған. (Суды аз буландырады)
3. Құстар неге тас, шыныны жұтады? (Ас қорытуға қатысады. Себебі тістері жоқ)
4.Қан сорғыш масаның аталығы немен қоректенеді? (Гүл шірнесімен)
5.Балықтардағы торсылдақтық қызметі (Салмағын өзгертеді)
6. Буаздылықтыңең ұзақ мерзімдері (600 күн)
7. Ең ірі тұяқты жануар (Бегемот)
8. Ең ірі тұқым (Кокос пальмасы-20)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.