.
.
Ж. Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2509 | Размер: | Автор: Нартай4540(Ашық сабақ)
Өткізген: Кулмуханова Н.Ж
2009-2010 оқу жыл
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Мақсаты: жүйке жүйесінің, жүйке ұлпасының, нейрондардың құрылысы мен қызметтері туралы түсінік беру.
Міндеті: жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы білімді қалыптастыру; атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін, жүйке жүйесінің жұмысының рефлекстік принципін, жүйкелік реттелу механизмін түсіндіру. Оқушылардың ақыл-ой еңбегіне үйрену дағдыларын дамытуды жалғастыру: салыстыру, талдау, қорытындылау; кітаппен жұмыс істеу, өзін-өзі бақылау.
Құрал – жабдықтар: жүйке жасушалары мен ұлпалары, жүйке жүйесінің бөлімдерінің, рефлекс доғасының құрылысы көрсетілген көрнекі кестелер; нақпішіндер, бейнематериалдар; интерактивті тақта..
Сабақ типі: Жаңа білімді хабарлау.
Әдістемелік шешім: оқулықтағы суреттерді, кестелерді пайдалана отырып баяндау-сұхбаттасу, жұмыс дәптерлеріне тірек -сызбанұсқаларын құру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.1..Мүше дегеніміз не?
2.Мүшелер жүйелері дегеніміз не?
3.Нейрон қандай жүйенің жасушасы?
4.Жүйке жүйесінің организдегі ролі қандай?
5.Неліктен организм біртұтас болып қызмет атқарады?
ІІІ. “Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері” атты жаңы материалды сызбанұсқалар арқылы оқыту. (6 сыныпта өткен «Тірі организдер»туралы білімдеріне сүйене отырып жаңа білім беру )
1. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары-нейрондар түзеді. Олар ақпаратты қабылдау,беру және сақтау қызметін атқарады.Жүйке жасушалары дене,өсіндіжәне жүйке ұштарынын тұрады.
-Дендрит дегеніміз не?
-Аксон дегеніміз не?
Синапс. Синапстың түрлері,медиатор туралы түсінік беру.
Тірек сызбанұсқаларын дәптерге құру.
1- сызбанұсқа
2- сызбанұсқа
2. Жүйке жүйесінің құрылысы мен маңызы.
3- сызбанұсқа
4- сызбанұсқа
2-зертханалық жұмыс
“Тізе рефлексін зерттеу және тәжірибе жүзінде тізе рефлексін бақылау”
1. Жүйке жүйесі қызметінің рефлекстік принципі.
Рефлекс, рефлекстің түрлері, инстинктер.
Рефлекс доғасы (рефлекс доғасының тірек сызбанұсқасын жазу).
2. Жүйке жүйесінің қызметідегі тура және кері байланыс принципі.
3. Адамның жүйке жүйесніңі эволюциясы. Жануарлардың жүйке жүйесімен салыстыру.
4. Рефлекстер туралы ілімнің дамуындағы И.П. Павлов пен И.М. Сеченовтің рөлі.
ІV. Тақырып бойынша білімді қорыту және жүйелеу.
І.Сызбалар арқылы жұмыстану.
1. Жүйке ұлпасының негізін ата?
2. Мидың сұр және ақ заты неден құралған?
3. Нейрондардың құрылысы,түрлері.қызметі?
4. Синапс дегеніміз не?
5.Рефлекс дегеніміз не?
6.Рефлекс доғасы дегеніміз не?
ІІ. Биологиялық диктант.
Жүйке жасушалары ..….. ,…….және …… ……. тұрады.Организмнің тітіркендіргіштерге жауап реакциясы……….. деп аталады.Рефлекс …….. ………арқылы іске асырылады. Ең қарапайым рефлекс…………рефлексі.
ІІІ. Кітаптағы(47 бет) сәйкестік тестісімен жұмыс.
V. Үй тапсырмасы.
14 параграф мәтінін оқып-білу, сұрақтарға жауап беріп, тест құрастыру.
ҮІ. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.