.
.
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы. Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы.
Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2143 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды жануарлар әлемінің сан алуандығымен олардың адам
өміріндегі табиғаттағы пайдасымен таныстыру.
2. Оқушылардың жануарлар әлемі туралы білімдерін кеңейтіп және
топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау,
зейінін, бақылаушылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды жануарларды және туған жердің табиғатын қорғауға,
адамгершілікке, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайдтар, жануарлар суреттері, Қызыл Кітап, үлестірмелер, сызбанұсқалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: саяхат сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында «Менің сүйікті жыл мезгілім» атты психологиялық ой-толғау беріледі.
Слайдта жылдың төрт мезгілі бейнеленген, әрбір топ оқушылары таңдаған жыл мезгілдерін суреттеп, жасырылған сұрақтарға жауап береді.
Жаз- жер беті жасыл желекке оранып, сыбдырлай аққан өзені мен сайраған құстар даусы төңірекке сән береді.
Күз- аспанды бұлт торлап, қатты соққан желден ағаштар майысып, қызылды- жасылды жапырақтар сабағынан қимастықпен үзіліп жерге төгілуде.
Қыс- ағаштардың басын ақ қырау шалған, жер бетін қар басып, мұз қатқан.
Көктем- жылжыған қар еріп, өзендер мұз құрсауынан босанған, ағаштар бүршік атып сәнге бөленген.
Жаз мезгілінде жасырылған сұрақтар:
1) Табиғат құбылыстарын ата?
2) Жылу деген не?
3) Зат деген не?
4) Теңіз суы ненің қоспасы?
Күз мезгілінде жасырылған сұрақтар:
1) Өзен деген не?
2) Жылуды тез өткізетіндер?
3) Диффузия деген не?
4) Эмульсия ненің қоспасы?
Қыс мезгілінде жасырылған сұрақтар:
1) Физикалық дене деген не?
2) Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан кім?
3) Емдік судың шығатын жері?
4) Теңіз деген не?
Көктем мезгілінде жасырылған сұрақтар:
1) Қысым деген не?
2) Жасанды жарық көздерін ата?
3) Энергияның белгілі пішіні.
4) Жылуды аз өткізетіндерді ата?
Бүгінгі өтетін сабағымыз жорық сабақ. Таудың ең биік ұшар басы-шың, сол шыңға жету үшін біз бірнеше бөгеттерден өтуіміз керек. Ал шыңның ұшар басында бізді табиғат сыйлары күтіп тұр. Жорыққа аттанбас бұрын мынадай шарттарды орындауымыз керек.Ол шарттарды орындау үшін сендер топпен жұмыс істейсіңдер. ( шарттарда жаңа сабақтың мәтіні беріледі)
1-шарт. Жыртқыш аңдар, құстар.
2-шарт. Үй жануарлары.
3-шарт. Суда мекендейтін жануарлар
Жыртқыш аңдар, құстар
Қасқыр-адамға бала кезден таныс.Ертегілерде орынсыз ақылсыз етіп көрсетеді.Негізінде қасқыр-күшті,батыр,ержүрек,ақылы мен айласы түлкіден де асып түседі.Денесінің ұзындығы 100-130см,салмағы 20-35 кг.15-16 жыл өмір сүреді.Қазақстанда қасқырды жыл сайын атуға рұқсат етілген,бірақ түгелдей жоқ қылып жіберуге болмайды-олар табиғат санитары.
Бүркіт-өте ірі,қанатының құлашы 225 см,салмағы 6кг.Қауырсын түсі қоңыр.Балаларының құйрығының түбі мен саусақ қауырсындары ақ түсті,есейе келе жоғалады.Ұясын құздарға,
ағаштарға салады.Аналығы жұмыртқасын 1,5 ай басады,жылына 1 рет жұмыртқалайды.
Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп есептейді.Бүркіттер қоян,түлкі т.б аулайды,жақсы үйретілген бүркіт қасқырды да алады.Бүркіт біздің еліміздің көк байрағында бейнеленген.
Қыран бүркіт қазақ халқында еркіндік,бостандық сүйгіштікті,сұсты кейпі күш пен қуатты көрсетеді,қырағы көзімен елдің тыныштығын қадағалап тұрғандай.
Барыс денесінің ұзындығы 225-250 см, салмағы 40 кг,терісі теңбілді мысық.. Мәңгі қарлы тау басында тіршілік етеді.Қыста қоректену үшін төмен түседі. 15 жыл өмір сүреді..Олар қоян, кекілік,ұлармен қоректенеді.Өзінің күштілігі мен ептілігіне байланысты барыс үнемі аңыз,ертегі кейіпкерлері болады.Біздің мемлекетіміздің белгісі.Өте сирек кездесетін аң, Қызыл Кітапқа тіркелген.
Үй жануарлары
Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар деп түсінідіріледі. Түйе атасы - Ойсыл қара , сиыр атасы – Зеңгі баба, жылқы атасы – Қамбар ата, қой атасы – Шопан ата, ешкі атасы – Сексек ата дей отырып, қазақ атамыз түйе- байлық, қой- мырзалық, ешкі – жеңілдік, жылқы – сәндік, сиыр – ақтық деп, төрт түлік малдың қадір қасиетін білген.Мысалы сиырлы кісі-сыйлы кісі, түйелі кісі - күйлі кісі, көшпенді елге түйе қол, жылқылы елге – бие қол деген екен.Төрт түлік бойында болатын жақсы қасиеттің бәрі түйе малының бойынан табылған. Мысалы: түйесі бардың – киесі бар, көтерем деп түйеден безбе –салтанатың емес пе? «Тебеген деп биеден безбе – қос қанатың емес пе » деген.
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл – көсір» деген. Мүшелік жыл санауда қой сегізінші жыл.
Сиыр мүшелдік жыл санауда – екінші жыл. Сиыр еті, сүті, терісі адамға пайдалы. «Сиыр – бір үйдің асыраушысы» бекер айтылмаған.
Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті түлігінің бірі – жылқы. Көш көлігі, елді, жерді қорғау мақсатында қолға үйретілген. Мысалы: адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды «жылқы мінезді» деген. Жылқы – жеті қазынаның бірі.
Суда тіршілік ететін жануарлар
Қазақстанда аққудың екі түрі бар: сұңқылдақ және сыбырлақ. Салмағы 7 – 10кг, қанатының құлашы 1,5метр, аппақ, әсем мойны бар құстар. Сұңқылдақ аққу мойнын тік ұстайды, ал сыбырлақ аққу мойнын иіп, тұмсығын суға бағыттап ұстайды.Сұңқылдақ аққу ұран салғандай керней үнін шығарады, сыбырлақ аққу даусынан дерлік айрылған, сыбырлап дыбыс шығарады, олар суға сүңгімейді. Ұясын қамыс, қоға арасына салады
Бекіре балық – ұзақ өмір сүретін балықтар. Денесі ұзыншақ келген, ұршық тәрізді. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін көп ауланған. Қазір аулауға тыйым салынған.
Дәуіттер ұзыншақ,басы қозғалмалы,үлкен тасырайған көздері мен жетілген алдыңғы ұстағыш аяқтары бар ірі жәндіктер.Дәуіттер- күдікпен қарайтын жыртқыштар. Қалың шөп және бұталар арасында, кеудесі мен алдыңғы ұстағыш аяқтарын жоғары көтеріп, жемтігін аулайды. Жемтігін көре малып, оған байқатпай ұрланып жақындайды да,алдын-ала жиналған ұстағыш аяқтарын алдына тастап, жемін саны мен сирағының ортасына қысып ұстап алады.Әртүрлі жәндіктермен қоректенеді.Кең таралғаны-кәдімгі дәуіт.
-Жақсы, мәтінмен жұмыс істеп, шарттарды орындадыңдар, жорыққа шығу үшін қолайлы жағдай туды.
-Енді жолға шығуға дайынбыз ба? Шыңға шығу оңай шаруа емес. Оған бірлік, еңбекқорлық, шыдамдылық қажет. Осындай қасиеттерді көрсетіп, шыңды ала аламыз ба? Онда жолға аттанайық. Бірақ алдымызда бірнеше бөгеттер бар.
1. «Қарлы бұрқасын» бөгеті.
Қар ұшқындап жауып тұр. Тауда қар көшкіні болу қаупі бар. Қар көшкіні қыруар зиян келтіріп, сендерді басып қалуы ықтимал. Сондықтан қар көшкінін болдырмау үшін «Қарлы бұрқасын» бөгетін алуымыз керек. Ол үшін әрбір топ берілген сұрақтарға жауап береді.
• Жануарлардың топтарын ата ?
• Жануарлар қайда мекендейді ?
• Қоректенуіне қарай жануарлар неше топқа бөлінеді ?
• Жануарлардың адамға қандай пайдасы бар ?
• Суда жүзетін құстарды ата ?
• Қай балықтан қара уылдырық алынады ?
• Үй жануарларының маңызы ?
• Жыртқыштарды ата ?
• Жыртқыш құстарды ата ?
Жақсы, «Қарлы бұрқасын» бөгетін алдық, жорығымызды жалғастырайық. Алдағы бөгеттен өткендей батыл болады деген сенімдемін. Тауда әр түрллі оқиғалар көп болады. Келесі «Мұздық » бөгеті. Бұл бөгетте слайдта көрсетілген жануарды тез жылдамдықпен тауып, сипатама берулерің керек. Бұл бөгет сендердің зеректіліктеріңді, бақылаушылықтарыңды сынаққа түсірмек.
-Балалар, бұл бөгетті де табандылық пен білімнің арқасында алдық. Жорығымызды жалғастырайық.Бірақ мұнда кездейсоқ тағы бір бөгет шықты, оны алуға дайынбыз ба? Іске сәт!
«Тасты жартас» бөгеті. Биікке көтерілген сайын қиындықтар көбейіп келеді. Тастардың арасында тек жануарларға байланысты емес, сендердің жаратылыстану пәнінен алған жалпы білімдеріңді сынамақ.
• Қарашіріктің екінші аты –
• Топырақтың газ тәріздес бөлігі –
• Топырақтану ғылымының негізін салушы –
• Жерге ең жақын аспан денесі –
• Суреттердің ең таңдаулысы -
• Ауаны қыздырғанда өзгереді –
• Температураны өлшейтін құрал –
• Ең жақын жұлдыз –
• Ай тұтылуының ұзақтығы –
• Суы мол өзен –
• Сұйық молекуласының қабығының болуы –
• Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен –
• Тынық мұхитының шұңғымасы –
• Қазақстандағы суы мол өзен –
• Таралу, ыдырау, жайылу мағынасын білдіретін сөз -
-Жарайсыңдар ,балалар! Сүрінбей бөгеттердің бәріне төтеп беріп келе жатырсыңдар. Тауда әр түрлі жағдайлар болады. Бұл бөгетте сендерге «Егер мен болсам... » атты ситуациялық жағдай берілген, соны шешіп көрсек.
«Қар көшкіні» бөгеті
Балалар ойнап жүріп, ағаштың ішінен бір құстың ұясын көреді. Бұл ұяның ішінде екі балапан отыр екен. Балалар біреуін алып, үйіне әкелді. Әкесі баласына айтты: « Бұл балапанды ұядан неге алдың? Шешесіз балапандар тұра алмайды. Баласыз шешесі қайғырады, далада құр өліп қалады ғой,- дейді. Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды».
Әкесі баласына қандай ақыл айтты деп ойлайсыңдар? Сендер қандай ақыл қосар едіңдер? (Бұл бөгет оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген).
«Қырлы қырат» бөгеті.
-Тапсырмаларды орындау барысында қар көшкіні, бұрқасын азайғанын байқадыңдар. Бұл бөгетте тақырыпқа байланысты ой-толғаныс сатысымен бес жолды өлең құрастыруларың керек.
1. Бүркіт. 1. Аққу.
2. Қырағы, ірі. 2. Әдемі, аппақ.
3. Қоректенеді, ұшады, аулайды. 3. Жүзеді, қоректенеді, билейді.
4. Бүркіт- жыртқыш құс. 4. Аққу- махаббат символы.
5. Бүркіт- батылдық символы. 5. Аққу- адал құс.
1. Жылқы.
2.Әдемі, кербез.
3. Шабады, кісінейді, қоректенеді.
4. Жылқы- жеті қазынаның бірі.
5. Жылқы-көш көлігі.
- Жақсы, балалар! Бес жолды өлеңді ұйқасымен құрастырдыңдар. Сабақтың басында шыңның басында сый күтіп тұр деп айтқан болатынмын. Ендеше, бұл сый сендердің білімдеріңді толықтыруға көмектесетін ерекше кітап – Қызыл Кітап екен. ( Оқушыларға Қызыл Кітап беттерінен қорғауға алынған жануарлар, құстар жайлы мәліметтер беру).
-Шыңға жеттік. Барлық бөгеттерді бағындыру үшін білім қажет екенін дәлелдедіңдер! Сабаққа жақсы дайындалыпсыңдар, алғыр, ұшқыр ойларыңды жеткізе білдіңдер. Өмірде алатын, бағындыратын шыңдарың көп болсын!
ММ «19 жалпы орта білім беретін мектеп»
Тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі
және маңызы
Биология пәнінің мұғалімі: Кожикеева А.Б.
Семей 2011
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.