Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жапырақ -

Жапырақ

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 341 | Просмотров: 2176 | Размер: 18.9 Kb | Автор: bibigul
. Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жапырақтың қызметімен, сыртқы құрылысымен таныстыру, жапырақтың жүйкеленуі туралы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденпаздығын, жауапкершілігін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұтымды ойлауға, белсенді қимылдауға, өзгенің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, слайд, таратпа материалдар, тірек сызбалар, кеппешөп
Сабақтың түрі: тірек-сызбамен, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин
II.Үй тапсырмасын сұрау: 10 мин
III.Жаңа тақырып: 15 мин
IV.Бекіту: 7 мин
V.Қорытынды: 3 мин
VI.Бағалау 2 мин
VII.Үйге тапсырма: 1 мин
II.Үй тапсырмасын сұрау ( биологиялық диктант)
1.Сояу __________ өсімдігінде болатын түрін өзгерткен жер үсті сабақ.
2.Шырынды сабақтар ____________ өсімдіктерінде болады.
3.Түрі өзгерген жер асты өркендерге ___________ , _____________ жатады.

4.Пиязшықтың төменгі ұшындағы тығыз жерін ____________ дейді.

5.Пиязшықтың сыртындағы кебу жарғақ тәрізді қабыршақтары ___________ қорғайды.
6.Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркенді _________ дейді.
7.Тамырсабақтың ұшында ___________ болады.
8.Қабыршақ қолтығындағы ___________ жер асты және жер үсті өркендер дамиды.
9. Жер асты пиязшықты өсімдікке ___________ жатады.
10. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда _________ тәрізді.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын жұмбақ шешу арқылы тақырыпты анықтап алу.

Көктемде тұрады бұтаққа асылып
Күзде жерде жатадышашылып
(жапырақ)
Улы газ да, су да оның қорегі,
Тіршілкке қоректік зат бөледі
(жапырақ)
III.Жаңа тақырып:
Жапырақ өсімдіктің өсу мүшесі.
фотосинтез
суды буландыру
Жапырақтың атқаратын қызметі газ алмастыру
Органикалық заттарды қорға жинау
көбею

жапырақ тақтасынан
Жапырақтың сыртқы құрылысы сағақтан
Егерде сағақ бар болса онда сағақты , ал егер сағақ жоқ болса сағақсыз жапырақ деп атайды
Фотосинтез, суды буландыру, газ алмастыру, қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Ал сағақтың атқаратын қызметі жапырақ тақтасымен сабақты байланыстырып тұрадыжәне жапыраққа беріктік қызмет береді. Өсімдіктерде жапырақтары бірдей пішінде болмайды.

Жапырақ пішіндері

Бүйрек тәрізді Қылқанды Таспа тәрізді Жүрек тәрізді Жебе тәрізді
(бегония) (қарағай) (бидай) (жөке) (шырмауық)
Жай (бір ғана тақтасы бар жапырақ)
Жапырақ
Күрделі (екі немесе одан да көп жапырақ)

Терек қайың
Жай жапырақ емен
жөке қарағаш

Күрделі жапырақ:
1.Үш құлақты- сағақта 3 жапырақша болады.
2.Саусақ салалы –сағақта 5-7, одан да көп жапырақ саусаққа ұқсап орналасады.
3.Қауырсын тәрізді – негізгі сағақты бойлай құс қауырсыны тәрізді бойлай орналасады.

Жапырақтың жүйкеленуі дегеніміз өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.
Жүйкеленудің қызметі
Су мен онда еріген минеалды заттарды өткізеді Беріктік қасиет береді
Жүкелену бірнеше типке бөлінеді:
1. Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену
2. Саусақ салалы
3. Параллель
4. Доғалы жүйкелену
Жапырақтың орналасуының 3 түрі бар.
1. Кезектесе
2. Қарама-қарсы
3. Топтасып
IV.Бекіту: 3 топқа жеке-жеке тапсырма беру
1-топ: берілген өсімдіктерді жапырақ пішіндеріне қарай ажыратып, тиісті тобына реттік нөмірін жазу
1. Қарабидай
2. Гүлшетен
3. Қарағай
4. Шырша
5. Шырмауық
6. Жөке
7. Жүгері
8. Бидай
1 Таспа тәрізді
2 Жебе тәрізді
3 Қылқанды немесе ине тәрізді
4 Жүрек пішінді

2-топ : Графикалық диктант « ^ » дұрыс, « - » қате.
1.Жапырақ өсімдіктің өсу мүшесі.
2.Жапырақта органикалық заттар жиналмайды.
3. Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады.
4. Егер бір сағақта екі немесе одан да көп тақтасы болса бұл жай жапырақ.
5. Сағақсыз жапыраққа терек, қайың, емен жапырақтары жатады.
6. Көбеюге қатысады.
7. Жапырақ қор затын жинамайды.
3-топ: Сәйкестедіру тесті.
1. Үш құлақты күрделі итмұрын
2. Тақ қауырсынды күрделі шырмауық
3. Жұп қауырсынды күрделі қарағай
4. Ине тәрізді беде
5. Бүрек тәрізді асбұршақ
6. Жебе тәрізді бегония

V.Қорытындылау: бүгінгі жаңа тақырып бойынша жапырақтың негізгі өсу мүшесі екендігіне көз жеткіздік.жапырақтың сыртқы құрылысымен, жүйкеленумен, сабаққа бекінуі туралы білдік Н.Ә Назарбаевтың «жасыл ел» бағдарламасы бойынша жайқалған жасыл желекті ел болайық деп өзімнің сабағымды аяқтаймын
VI.Бағалау
VII.Үйге тапсырма: &16 23-24 сурет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.