Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Көмірсулар. Липидтер. -

Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Көмірсулар. Липидтер.

Сабақ жоспары | Предметы | Биологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 11545 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Гвардейский қалашығының
Б. Момышұлы атындағы №43 орта мектебінің
биология пәні мұғалімі
Инсенова Кундыз Шарипказыновна

Сыныбы: 9 сынып Пәні: БиологияМұғалім:Инсенова Қ.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Көмірсулар. Липидтер.
Сабақтың мақсаты: Жасушаның органикалық құрамы туралы білім алады. Көмірсулар мен липидтер құрамын салыстыра біледі.
Сабақтың міндеттері: Оқушылар өз бетінше ойланады, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға дағдыланады, ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Әдіс-тәсілдері: Ой шақыру стратегиясы, кластер, Іnsert Венн диаграммасы. Топтық жұмыс.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет.
Ресурстар:,флипчарт,маркер,стикер,кестелер.
№ Сабақ
кезеңдері Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін
нәтиже Бағалау
1. Ұйымдастыру 3мин Психологиялық ахуал:бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп,әр оқушының жақсы қасиеттерін айту арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.Топқа бөлу.(тәтті конфеттер шашу арқылы топқа бөлу)
Бағалау парағын тарату. Оқушылар жылы лебізбен бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.Оқу құрал жабдықтарын дайындайды.
.
Оқушының сабаққа деген ынтасы артады
2 Үй тапсырмасын сұрау 5мин Әр түсті стикерге оқушылардың деңгейлеріне байланысты ашық сұрақтар жазып тақтаға жабыстыру арқылы сұраймын. Қызыл стикердегі сұрақтар
1. Тірі организмдердегі бейорганикалық заттарды ата.
2. Макроэлементтер тобын атаңдар.
3. Биоэлементтер деп қандай элементтерді айтады
4.Организмде су және тұздардың мөлшері қандай
Жасыл стикердегі сұрақтар:
1. Микроэлемнттердің организм үшін қандай маңызы бар?
2. Макроэлементтердің организм үшін маңызы қандай?
3. Жасушадағы судың алатын орны қандай?
4.Минералды тұздар организмде қандай күйде кездеседі?Сары стикердегі сұрақтар:
1. Микроэлементтердің кейбір түрлері организмде жетіспегенде қандай өзгерістер болуы мүмкін?
2. Макро және микро элементтердің жетіспеуіне байланысты болатын өзгерістерге мысал келтір.
3. Судың химялық қасиетіне сипаттама бер.
4. Жасушадағы минералды тұздардың қызметін түсіндір.
Оқушылар стикердегі балдық ұпайға қарап, сұрақтарға жауап береді. Оқушы өз мүмкіндіктеріне қарай тапсырма орындайды,тілі дамиды,проблеманы шеше біледі Бағалау критерийлері
Сары-3 балл
Жасыл-2балл
Қызыл-1балл

3 Жаңа сабақ 25мин
1.Ой шақыру стратегиясы. Жасуша құрамы туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Кластер құру.
2. Тақырып бойынша білгендерін топта бірлесе отырып постермен жұмыс жасау.
3.Іnsert стратегиясын пайдалана отырып оқушыларға мәтінге белгі қойып оқуға тапсырма берем.
4.Оқығаның түйіндеп, дәптерге жаздыру.
5.Топта талқылай отырып,постерге өз түсінгендерін,өз ойларын жазып талқылау.
6.Әр топқа тапсырма беру.
Ітоп Жасуша
ІІтоп Көмірсулар
ІІІтоп Липидтер.
ІVтоп Бақылаушылар

1.Кластер әдісі арқылы оқушылардың ойы мен бұрынғы білімі анықталады..
3.Мәтінге белгі қойып оқиды.
4.Кесте құрып,ойларын түйіндеп,дәптерге жазады.
5.Топта талқылай отырып,өз ойларын постерге түсіріп,қорғайды
6.Тақырыпты толықтыра отырып ізденеді.
7. Бақылаушы топтар арқылы білімдерін толықтырады.
7.Оқушылар топ болып бірлесе жұмыс атқарады. Оқушылар жеке өз бетімен ойланады,проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды,мәтінге талдау жасауды үйренеді,белсенді тыңдайды.Постермен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
Бағалау критерийлері:
Кестенің толық болуы:
1-4балл
Тақырыпқа сәйкес 2пікір:
1-2балл
Жоғары дәрежелісұрақ
2сұрақ:1-2 б
Ойын нақты жеткізу:1-4б

Топ бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды
4 Бекіту 8мин Венн диаграммасы арқылы жануар жасушасы мен өсімдік жасушасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады. Әр топ өз жұмыстарын ортаға салады, басқа топтар қатесін тексереді,сұрақ қояды. Талқылау дағдылары дамиды. Салыстыру , бағалау дағдылары қалыптасады. Бас бармақпен
бағалау
5

Қорыту

2мин

Сабақты талқылап қорытындылайды
Кері байланыс

Ойларын жүйелейді,қорытындылайды,кері байланыс парағын толтырады
Тақырыпты жүйелеп,жинақтап қорыту дағдысы дамиды Кері байланыс тарату

6



Үйге тапсырма


2мин


Үй тапсырмасын тақтаға жазу ,нұсқау беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады

Сыныбы: 9 сынып Пәні: Биология Мұғалім:Инсенова Қ.Ш.
Сабақтың тақырыбы:Нәруыздар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға нәруыздың құрылысы мен қасиеттерін оқыта отырып, өмірдегі маңызы туралы ұғындыру. Өздігінен жұмыс істеуге, ойлауға, сұрақ қоюға дағдыландыру, өзін-өзі бағалуға үйрету, өз бетінше білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Пәнаралық салыстырулар мен зерттеулерді біледі. Топпен жұмыс жүргізеді.Алған теориялық білімдерін топ ішінде талқылап практикада қолдана білуді түсінеді. Логикалық ойлауы дамиды.

Әдіс-тәсілдері: Ой шақыру стратегиясы,визуалдандыру, ЖИГСО стратегиясы, топтық жұмыс.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет.Ресурстар: Электрондық оқулық, флипчарт,маркер,стикер,кестелер.
№ Сабақ
кезеңдері Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін
нәтиже Бағалау
1. Ұйымдастыру 3мин Топқа бөлу. Суретпен.
Оқушылар сурет арқылы топқа бөлінеді. Оқушының сабаққа деген ынтасы артады
2 Үй тапсырмасын сұрау 5мин Сұрақты ұстап ал тәсілі.
Оқушыларға доп лақтыру арқылы алдымен өзім сұрақ қоям. Мыс: Көмірсулар жасушада қандай қызмет атқарады? Ұстап алған оқушы жауап береді.
Ары қарай оқушылар өздері жалғастырады.
Оқушылар сұраққа жауап береді. Сұрақ қояды.
Оқушылардың білімдері байқалады. Сұрақ қою дағдысы қалыптасады. Дұрыс жауапқа бір балл. Жұлдызша бере отырып бағалаймын.
Сары 3 ұпай
Жасыл 2 ұпай
Қызыл 1 ұпай
3
Жаңа сабақ
3 мин.

25мин


"Миға шабуыл"
1. Кез келген тірі организм үшін қоректенудің маңызы қандай?
2. Біз энергияны қайдан аламыз?
3. Органикалық заттардың ішіндегі маңыздысы қайсысы деп ойлайсындар?
4 .Седерге таныс ақуызды көз алдыларыңа елестетіп көріп, түсінік бере аласыңдар ма?

МММ кестесін толтыру.
Мен нені білемін Мен нені білгім келеді Мен нені білдім



ЖИГСО әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту
Сұраққа жауап береді.
Кестемен жұмыс жасайды.
Топқа бөліне отырып, мәтінмен жұмыс жасайды. Бір-біріне әңгімелеп талқылайды.

Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, кетемен жұмыс жасау.
Оқушылардың бұрынғы білімдері мен логикалық ойлаулары байқалады.
Тақырып мазмұнын ұғынады.
Кестемен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
ЖИГСО әдісі арқылы бір-біріне жаңа сабақты меңгертеді.Ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Бағалау критерийлері:
Кестенің толық болуы:
1-4балл
Сұраққа жауап
1балл
Тақырыпты түсіндіруде ойын нақты жеткізу:1-4б

4 Бекіту 8мин Лездеме тәсілі.
Тақтаға 1 оқушы шығып, конверттен біркілт сөзді алып атын атамай түсіндіреді. Қалған оқушылар ол сөзді табады. Сөзді тапқан оқушы конверттен келесі сөзді алып ары қарай жалғастырады.
Конверттегі сөздер: Аминқышқылдары
Полипептидтер.
Ферменттер.
Антидене
Оқушылар әңгіме құрастыра отырып кілт сөзді табуға қалған оқушыларды ынталандырады.
Диалогқа түсу арқылы ауызекі сөйлеу дағдылары дамиды.

Дұрыс жауапқа бір балл. Жұлдызша бере отырып бағалаймын.
Сары 3 ұпай
Жасыл 2 ұпай
Қызыл 1 ұпай
5

Рефлесия

2мин

Кері байланыс. Екі жұлдыз , бір тілек.

Ойларын жүйелейді, қорытындылайды,
Кері байланыс арқылы оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ой пікірі байқалады. Кері байланыс тарату

6



Үйге тапсырма


2мин


Үй тапсырмасын тақтаға жазу , нұсқау беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады

Сыныбы: 9 сынып Пәні: Биология Мұғалім:Инсенова Қ.Ш.
Сабақтың тақырыбы:Нуклейн қышқылдары. АТФ.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жасушадағы нуклейн қышқылдары туралы білімді игерте отырып, өмірдегі маңызы туралы ұғындыру. Топпен және жұппен жұмыс істеуге, ойлауға, сұрақ қоюға дағдыландыру, өзін-өзі бағалуға үйрету, өз бетінше білім алуға қызығушылын ояту.
Сабақтың міндеттері: Топпен жұмыс жүргізеді.Алған теориялық білімдерін топ ішінде талқылап практикада қолдана білуді түсінеді. Логикалық ойлауы дамиды , сөздік қорлары молаяды, сұрақ қою дағдылары жақсарады.
Әдіс-тәсілдері:, insert стратегиясы, кестемен жұмыс, топтық жұмыс.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет.
Ресурстар: Интербелсенді тақта.Электрондық оқулық, флипчарт,маркер,стикер,кестелер.

№ Сабақ
кезеңдері Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін
нәтиже Бағалау
1. Ұйымдастыру 3мин Топқа бөлу. 1,2,3.
Оқушылар санау арқылы топқа бөлінеді. Оқушының сабаққа деген ынтасы артады
2 Үй тапсырмасын сұрау 5мин Сұрақты жазбаша дайындап, көршілерімен алмасу тәсілі. 3 сұрақтан.

.
Оқушылар сұрақты қағазға жазып, көршісімен алмасады.
жауап береді. Сұрақ қояды.
Оқушылардың білімдері байқалады. Сұрақ қою дағдысы қалыптасады. Дұрыс жауапқа бір балл. Жұлдызша бере отырып бағалаймын.
Сары 3 ұпай
Жасыл 2 ұпай
Қызыл 1 ұпай
3
Жаңа сабақ
3 мин.

25мин


Миға шабуыл . Сұрақты тап.
1.Оқушыларға жауаптар интербелсенді тақтада беріледі. Оқушылар жауаптарға қарай сұрақтарын айтады.

Мағынаны тану.
2. insert стратегиясын пайдалана отырып, мәтінге белгі қойып оқу арқылы топпен жұмыс істейді.

І топ. ДНҚ
ІІтоп РНҚ
ІІІтоп АТФ

Сипаттама беру, постерге түсіріп, жұмысты қорғау.



Топпен жұмыс жасайды. Айтқандарын дәлелдейді, Өмірмен байланыстырады.
Талқылайды, сұрақ қояды, бағалайды.
Оқушылардың бұрынғы білімдері мен логикалық ойлаулары байқалады.
Тақырып мазмұнын ұғынады.
Insert әдісі арқылы бір-біріне жаңа сабақты меңгертеді. Ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Бағалау критерийлері:
Кестенің толық болуы:
1-4балл
Сұраққа жауап
1балл
Тақырыпты түсіндіруде ойын нақты жеткізу:1-4б

4 Бекіту 8мин Қорытындылау.Ыстық орындық тәсілі.
Тақтаға 1 оқушы шығып, орындыққа отырады. Қалған оқушылар сұрақ қояды. Сұрақ саны 5. Жаңа тақырып бойынша бірнеше оқушылар шығады.

Бір-біріне сұрақтар қояды. Оқушылардың бүгінгі сабақта не білгендерін анықтау. Бақылау
Диалогқа түсу арқылы ауызекі сөйлеу дағдылары дамиды.

Дұрыс жауапқа бір балл. Жұлдызша бере отырып бағалаймын.

5

Рефлесия

2мин

1. Кері байланыс. Бас бармақ әдісі.

Бас бармақ жоғары қараса , онда ... Мен түсіндім
Бас бармақ көлденең қараса ... Мен түсінгендеймін
Бас бармақ төмен қараса ... Мен түсінбедім.

2. Сұрақтар салынған қорап.
Сыныпта оқушылар осы қорапқа өздері түсінбеген сұрақтарын салып қалдырады, ол сұрақтар келесі сабақта талқыланады.
Ойларын жүйелейді, қорытындылайды,

Сұрақ жазады. Кері байланыс арқылы оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ой пікірі байқалады.

Сұрақтар арқылы оқушыларға түсініксіз сұрақтарды білу және анықтау.

6



Үйге тапсырма


2мин


Үй тапсырмасын тақтаға жазу ,нұсқау беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады

Сыныбы: 9 сынып Пәні: БиологияМұғалім:Инсенова Қ.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: Жасуша құрылысының органикалық заттары туралы алған білімдерін қорытындылау және бекіту.
Сабақтың міндеттері:Тест тапсырмалары және деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы тарау бойынша алған білімдерін көрсете алады. Бір-бірін әділ бағалауға үйренеді. Логикалық ойлауы дамиды , сөздік қорлары молаяды, сұрақ қою дағдылары жақсарады.

Әдіс-тәсілдері:, Тесттік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, АКТ, диологтық оқыту әдісі.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет, электронды оқулық.
Ресурстар: Интербелсенді тақта.Электрондық оқулық.
№ Сабақ
кезеңдері Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін
нәтиже Бағалау
1. Ұйымдастыру 2мин Психологиялық ахуал туғызу.
Жақсы тілектер айту. Оқушының сабаққа деген ынтасы артады
2
Тест жұмысы
10мин
Тарауға байланысты тест сұрақтары таратылады.
Тест орындайды .

Оқушылардың теориялық білім деңгейін қаншалықты меңгергенін байқау. Оқушылар өздері жұптарымен ауыстырып бір-бірін бағалайды.
Критериилер тақтада ілінеді.
Әр дұрыс жауапқа 1 балл.
3
Дегейлік тапсырмаларды орындау.

1.Сәйкестендіру тапсырмалары.
2.Есептер бұрышы.
3.Электронды оқулыққа сүйене отырып материалдарды талдау.
20 мин.


Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды тарату.
Электронды оқулықтағы матеиалдарды пайдалана отырып, ауызша орындату түсініктеме бергізу.


1.Оқушылар таратылып берілген жеке тапсырмаларды орындайды.
2.Есептер шығарады. Жеке жұмыстарын мұғалімге өткізеді.
3. Интербелсенді тақтада Электронды оқулықпен жұмыс жасайды.
Оқушылардың бұрынғы білімдері мен логикалық ойлаулары байқалады.

Түсінбеген материалдарды қайта қарастырады.
Бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

4 Ыстық орындық әдісі 10мин Қорытындылау.Ыстық орындық тәсілі.
Тақтаға 1 оқушы шығып, орындыққа отырады. Қалған оқушылар сұрақ қояды. Сұрақ саны 5. Жаңа тақырып бойынша. Бірнеше оқушылар шығады.

Бір-біріне сұрақтар қояды. Оқушылардың өткен тарау бойынша алған білімдеріні анықтау.
Диалогқа түсу арқылы ауызекі сөйлеу дағдылары дамиды.
Дұрыс жауапқа бір балл. Жұлдызша бере отырып бағалаймын.

5

Рефлесия

2мин

2. Кері байланыс. Екі жұлдыз бір тілек. Стикерге жазып, тақтаға ілу.Ойларын жүйелейді, қорытындылайды,

Кері байланыс арқылы тапсырмалардың қиын немесе жеңіл болғандығын білу.



6



Үйге тапсырма


1мин

Үй тапсырмасын тақтаға жазу ,нұсқау беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады

Пәні: биология 8 сыныпМұғалім: Инсенова Қ.Ш.
Сабақтың тақырыбы:Тері құрылысы: Эпидермис, нағыз тері (дерма), майлы шел қабаты, олардың қызметі.
Сабақтың мақсаты: Терінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім беру.
Сабақтың міндеттері: 1.Терінің құрылысы және қызметі, жабын жүйесі туралы білім алуына ықпал ету..
2. Терінің жұмысы, маңызы туралы алған білімін саралауға үйрету, топпен ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Оқушының ойлау , қабілеті ашылады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар терінің құрылысы және қызметі туралы білімді меңгереді.
Әдіс-тәсілдері: Ой шақыру статегиялары, диалог, эссе, сәйкесендіру, тест. т.б.
Ресурстар: кестелер, флипчарт, маркет, стикер, түсті қағаздар.


Сабақ кезеңдері
Уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Күтілетін нәтиже
Бағалау

1.
Ұйымдастыру
3 мин 1.Түгелдеу
2.Психологиялық дайындық.(түсті қағаздар арқылы көңіл-күйді анықтау және сол түсті қағаздар арқылы топқа бөлу І,ІІ,ІІІ,ІV топтар. Оқушылар түсті қағаздар арқылы топқа бөлініп отырады. Оқушының сабаққа қызығушылығы артады.

2
Үй тапсырмасын сұрау
7 мин А) Артығын тап та, түсіндір.
І топ Бүйрек, Нефрон, Өт, Несепағар,
ІІ топ Су мен тұздың мөлшерін реттейді. Зәр түзіледі. Жылу реттеу қызметі. Гуморалды жолмен реттеледі.
ІІІ топ. Реабсорбция, Энурез, Фильтрация, Вазопрессин.
ІV топ. Биологиялық сүзгі, жұлынның сегізкөз бөлімі, бауыр, қуық.
Б) Эссе жазу. «Егер де сіз дәрігер болсаңыз...»
Оқушылар өз ойларын жеткізе алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады, сыни ойлай алады. Оқушы өз мүмкіндіктерін көрсете алады, проблеманы шеше жолында ойланады. 5 балдық жүйе арқылы топ басшысы кестеге түсіреді.
Эссе жазған оқушыларды
«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.

3.
Жаңа сабақ
20 минут 1.Ой шақыру стратегиясы.
Жұмбақ жасыру.
1) Тау басында бәйтерек, бәйтерекке су керек. (бас, шаш)
2) Өзінің жаны жоқ
Жандыға жабысып күн көреді. (тырнақ)
3) Газды да алмастырады, суды да бөледі.
Ыстық-суығыңды да сезеді,
Күте білсең аурудан да қорғайды. (тері)

І топ. Эпидермис.
ІІ топ. Дерма.
ІІІ топ. Гиподерма
ІV топ. Тері түзілістері

Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс істей отырып, берілген тапсырмаларды постерге түсіру.

Сергіту сәті: Қорапта не бар ойыны:
Әр топқа қорап беріледі, топтан көзі жұмылған күйде бір оқушы шығып, сол қораптағы заттарды қолымен ұстап көріп атын айтады.


Жұмбақты жалпы барлық оқушылар шешеді.

1. Оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып, алған білімдерін , түйген ойларын, шығармашылық қабілеттерін постерге түсіреді, топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Оқушылар
алған білімдерін іс-жүзінде тексеріп көреді.

Тапқырлығы мен жылдам ойлау дәрежесін байқау.

Оқушылар өз бетінше жеке ойланады, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды, постер мен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.

Оқушылардың қызуғышылығы оянады, есте сақтау, түйсіну, сезу қабілеттері дамиды.


Әр топтан бір оқушыдан шығып, жұлдызшалар арқылы басқа топ жұмыстарын бағалайды.

Топ басшысы дұрыс жауаптарына 1 ұпайдан беріп отырады.

4
Бекіту
12 минут
Өзіндік жұмыс

Терінің қызметі:
Терінің құрылысы:
1. Эпидермис 2. Жылу реттеу 3. Нағыз тері 4. Тыныс алу 5. Шел қабаты
6. Сипап сезу 7. Тырнақ 8. Қорғаныш
9. Май бездері. 10. Ыдырау өнімдерін шығару 11. Шаш
Терінің құрылысы: 1, 3, 5, 7, 9, 11.
Терінің қызметі: 2, 4, 6, 8, 10.

Біліміңді сына
1) Тері – жабын мүшесі, неге?
2) Тері – қорғаныш мүшесі, неге?
3) Тері – сезім мүшесі, неге?
4) Тері – дене температурасының тұрақтылығын сақтаушы, неге?
5) Тері –бөліп шығару мүшесі, неге?
6) Тері – тыныс алу мүшесі, неге?
7) Теріде дәрумені түзіледі, қандай?
8) Теріде қоңыр пигмент түзіледі, неге?
9) Теріде бездер бар, қандай
Әртүрлі тапсырмаларды жеке орындайды, алған білімдерінің нәтижесін көрсетуге тырысады

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
Оқушылар сәйкестендіру тапсырмасын орындау арқылы ойлауы дамиды.

Сыни ойлай алу қабілеті артады, сөздік қоры дамиды.
Дұрыс жауаптар
1 балдық жүйе арқылы бағаланады, топ басшысы кестеге түсіреді.

5
Қорыту
2 мин
Сабақты талқылап, қорытындылайды. Кері байланыс парағы толтырылады. Оқушылар тақтадағы ұнаған және ұнамаған сабақ кезеңдері мен өз ұсыныстарын стикерге жазып тақтадағы плакатқа іледі. Тақырыпты жинақтап қорыту дағдысы дамиды.
Кері байланыс.

Не ұнады?
Не ұнамады?
Сұрақ, ұсыныс?

6
Үйге тапсырма
1 минут Үй тапсырмасы тақтаға жазылады, нұсқау беріледі. Тері аурулары. Шағын шығарма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.