Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дені саудың- жаны сау. -

Дені саудың- жаны сау.

Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 357 | Просмотров: 2338 | Размер: 305.8 Kb | Автор: arai
. Досжанов Асылбек
Қызылорда қаласы,
Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектебі
Дене шынықтыру мұғалімі


Тақырыбы: Дені саудың- жаны сау
Мақсаты: Эстафеталық ойындарға деген оқушылардың қызығушылығын арттыру. Эстафетаны ұйымдастыра отырып, оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастыру, ойын дамыту, сауықтыру, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыстың жүру барысы: Сәлеметсіздер ме, оқушылар, қонақтар! «Тәні саудың- жаны сау, жаны саудың- дені сау» демекші, біз бүгін сіздермен бірге «Көңілді эстафета» сайысын бастаймыз.
Ал енді сайысқа қатысушы командаларды қарсы алайық.
(Музыка ойналады)
Эстафеталық сайыс 7 бөлімнен тұрады.
1. -«Кім жылдам?»
2. -«Кедергілерден өту»
3. -«Кім епті?»
4. « Шаяндар сайысы»
5. «Өрмек жүгіріс»
6. -«Өткелден өту»
7. -«Кенгуру»
1. «Кім жылдам?»
Ойыншы допты жерге ұрып, жалаушалардан айналып өтіп, келесі ойыншыға береді.

Жүргізуші: Денсаулық- ол шыныққан
Барлық дене мүшесі
Денсаулық- ол тыныққан
Жүйке тамыр мүшесі

2. «Кедергілерден өту
Жүгіріп, төсеніштен аунап, берілген есепті шығарып,
Жалауды алып жүгіру.

Жүргізуші: Сымбат- мүсін дененің
Бітім- көркі дененің,-- демекші, келесі сайыс «Кім епті?»

3«Кім епті?»
Допты ұстап жүгіріп, баскетбол торына тастау. Допты қағып алып, келесі ойыншыға беру.

4. «Шаяндар сайысы»
Ойыншылар қолды жерге тіреп, артқа қарап жүреді.

5. «Өрмек жүгіріс»
Түрлі- түсті төртбұрыштарды жинап алып, келесі ойыншыға береді. Ойыншы орнын ауыстырып алмай орнына қояды.

Жүргізуші: Сымбат жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап,
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап,- дегендей, келесі сайысқа көшеміз.

6. «Өткелден өту»
Ойыншы келесі ойыншыны арқалап, өткелден өтеді.

7.«Кенгуру»
Допты екі аяқ арасына салып, секіріп, қайтадан жүгіріп келеді

Жүргізуші: Міне, бүгінгі біздің сайысымызда аяқталды. Командалар өздерінің күштерін, ептіліктерін көрсете білді. «Көңілді эстафеталар» сайысын қортындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Командаларды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.