.
.
Пән Информатика сынып 5 Күні 3.09.13 ж. ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері.
Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3578 | Размер: | Автор: Нартай4540сабақ №: 1
Тақырып: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері.
Мақсат:
Білімділік – Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: кіріспе сабақ.
Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, таратпа карточкалар, оқулықтар, нұсқау беру
журналы, презентация (пректорда көрсетіледі), видео, интерактивті тақта.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Орындарынан тұрып, амандасу
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
20 мин Техникалық құралдармен жабдықталғандықтан және токпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланатындықттан кабинет – арнаулы кабинет болып саналады. Сондықтан, оқушылардың өмірін, денсаулықтарын сақтау мақсатында, мектептің дүние-мүліктерін бүлдірмей қолдану мақсатында арнайы ережелер қарастырылған. Бұл ережелермен оқушы жыл басында міндетті түрде тансуы керек. Оқушылармен осы ережелермен танысып, бұлжытпай орындауға міндетті. Мұғалім ережелерді таныстыру керек және олардың орындалуын қадағалау қажет. Компьютердің адамға тигізетін әсерлерін түсіндіру керек. Егер оқушылар зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі керек.
Қауіпсіздік техникасы ережелері.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы;
2. ДК - де жұмыс істеу алдындағы;
3. Жұмыс кезіндегі;
4. Апатты жағдайдағы;
5. Жұмыс аяқталғандағы:
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
4. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
5. Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.
7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.
8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.
ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:
1. Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.
2. Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.
3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.
ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см.
2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.
3. Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.
4. Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс.
5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.
Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.
2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.
4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.
ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
1. Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.
2. Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.
3. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
4. Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.
Күйген кездегі көмек көрсету:
Адам күйікке шалынған жағдайда:
1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.
2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету:
Адам талып қалған жағдайда:
1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:
Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.
2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.
3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау жаттығулары:
1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.
3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу. Дәптерлеріне конспектілеп отыру.
ІІІ. Сергіту сәті. 3 мин. Көзге арналған жаттығулар көрсетіледі. (презентация)
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса Оқушылар жаттығуды орындайды.
IV. Бекіту. 15 мин 1-тапсырма
Карточкамен жұмыс.
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.
Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды
Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады
Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды
Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды
Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды
Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды
2- тапсырма.
Тест
1.Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қоюға болмайды?
А) Өте ауыр
Ә) Ауа алмасуы (желдетуі) бұзылады
Б) Ұнамсыз
В) Экран жабылып қалады
2. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?
А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау
Ә) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру
Б) Пернелерді ақырын басу
В) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу*
3. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?
А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру
Ә) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу
Б) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау
В) Арасында мониторды өшіріп отыру
4. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?
А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру
Ә) Компьютерді ажырату батырмасын басу
Б) Тұрып, кабинеттен шығу
В) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету
5. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу ... аспауы керек?
А) 6 сағаттан
Ә) 45 минуттан
Б) 2 сағаттан
В) 15 минуттан
6. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?
А) Мұғалімді шақырамын
Ә) Ақауды өз бетіммен жоямын
Б) Компьютерді электр желісінен ағытамын
В) Сыныптасымнан көмек сұраймын
7. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?
А) 10-15 см
Ә) 20-30 см
Б) 40-50 см
В) 55-65 см
8. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер:
А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін
Ә) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар
Б) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін
В) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды
3-тапсырма
Қауіпсіздік техника нұсқауы журналы қолдарын қою. Карточкалармен орындарында отырып жұмыс жасайды.
Интерактивті тақтаға шығып,
тапсырмаларды орындайды.
VI.Үй жұмысы. 3 мин. ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.