.
.
Күні: 23.12.2014ж. Графикалық редакторының сурет салу құралдары.
Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2469 | Размер: | Автор: Нартай4540Сынып: 5 А
Пән: Информатика
Мұғалім: Мұқаметжан Т. Д.
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторының сурет салу құралдары.
Сабақтың мақсаты: 1. Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Түзу сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру. Тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тікбұрыштарды салу дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді,
эллипстер, шеңберлер және қисық сызықтар салғанда, олардың
түсін,қалыңдығын өзгерте білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ. Практика.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Таратпа материалдар, компьютер,бағлау жұлдызшалары.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Жаңа сабақ
ІV. Практикалық бөлім
V. Сабақты бекіту
VI.Қорытындылау
VІII.Үй тапсырмасын беру
IX. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Түгендеу
- Оқулықтарын, дәптерлерін тексеру.
Күліп тұрған күн белгісі арқылы, жарқын көңіл- күймен сабақты бастау.
II. Үй жұмысын тексеру (Бұлттар сұрақ - жауап)
1. Paint графикалық редакторы туралы ұғым;
2. Графикалық деректерді енгізу үшін қандай құрылғылар қолданылады?
3. Графикалық редактор дегеніміз не?
4. Растрлық графиканың артықшылығын ата?
5. Қандай тәсілмен файлды ашуға және файлды құруға болады?
6. Бағдарламаны қалай ашамыз?
1. Графикалық редактор терезесінің элементтерін ата:
Ақпараттық диктант
III. Жаңа сабақ
- ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
- құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
- түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез – келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
- масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
- карандаш құралы, бұл кез – келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.
- кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап алуға болады.
- бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
- жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
- сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.
- қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
- тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған.
- көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
- эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.
- бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған.
ІV. Практикалық бөлім
І тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйдің суретін салыңыз.
1І - тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал
Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. (Шырша)
Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей. (Ай)
Бір көзіңмен «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
«Қарап ал маңайға» дейді
(Бағдаршам)
Cергіту сәті: видео ашылады, соны оқушылар қайталау керек.
ІІІ - тапсырма. Еңбек құралдары мен ыдыстарды Түзету – Көшіру, Түзету – Қиып алу командалары арқылы екі топқа бөліп жинақта.
V. Сабақты бекіту
1. “Paint” сөзі ағылшынның тілінен қалай аударылады?
А) жобалау
В) оқу, кітап
С) сурет, сурет салу +
Д) музыка, ән салу
2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) кішкене төртбұрыштардан
В) нүктелерден +
С) сызықтардан
Д) символдардан
3. Палитраның неше түсі бар?
А) 256
В) 20 +
С) 30
Д) қанша керек болса да
4. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) қарапайым және түрлі түсті +
В) қарапайым дәне күрделі
С) стандарттық және стандарттық емес
Д) жұмсақ және қатты
5. Paint редакторында неше құрал-саймандар бар?
А) 10
В) 12
С) 15
Д) 16 +
6. Paint программасын қалай іске қосамыз?
А) Бастау – Барлық командалар - Стандарттық – Paint +
В) Бастау – Стандарттық – Paint
С) Менің құжаттарым – Менің суреттерім - Paint
Д) Жұмыс үстелі – Қоржын - Paint
7. Терезенің үлкен бөлігі бос кеңістік қалай аталады?
А) сурет салу алаңы +
В) палитра
С) терезенің атауы
Д) құрал-саймандар жиыны.
VІI. Сабақты қорытындылау: Графикалық редактордың мүмкіндіктерін ата: «Сиқырлы күлтелер»
Жауабы: Бұл бағдарлама әртүрлі суреттерді салуға, түрлендіруге мүмкіндік береді.
VІII. Үй тапсырмасын беру
1) Әр құралдың міндетін жатқа білу
2) «Сиқырлы дастархан» суретінің эскезин жасап келу.
IX. Бағалау
Жұлдызшалары арқылы оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.