Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Әкем,анам және мен» Отбасылық сайысы . -

«Әкем,анам және мен» Отбасылық сайысы .

Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3225 | Размер: | Автор: arai
. Алматы қаласы, Бостандық ауданы
Халықаралық «Мирас» мектебі
Сыбайласова Жанар Игорьевна
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Еңбек өтілі – 9 жыл
Санаты – жоғары
Өтетін орыны: спорт залы
«Әкем,анам және мен»
Отбасылық сайысы
ЕРЕЖЕСІ:
Мақсаты мен міндеті:
- Дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру
- Салауатты өмір салтын насихаттау

- Оқушыларды дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызығушылығын арттыру
Жарыс ережесі:
Қатысатындар: Әкесі, анасы, 10 – 12жастағы ұл немесе қыз
Команданың аты және ұраны
Жарыс төрешілер алқасы қабылдаған тәртіп бойынша жүргізіледі
Сұраныс:
Сұраныс төрешілер алқасына бір күн бұрын тапсырылады.
Марапаттау:
I, II, III орын алғандар сыйлықтар мен мадақтама қағазымен марапатталады.
Төреші топты таныстыру және топтың ұрандарын айту
1. «Қорқақ жеңбейді, жеңімпаз берілмейді!»
Ойын ережесі:
а) Үш жатқан шеңберден екі аяқпен секіріп өту (әкесі,анасы екі аяқпен, баласы бір аяқпен)
ә) Гимнастикалық төсеніштен алдыға екі рет аударылып түсу
б) кіші гимнастикалық орындықтан (әкесі үш – үштен алты рет екі аяқпен секіріп өту, анасы және баласы орындықтың үстімен) жүгіріп өту.
в) Бір қолға таянып, бір орында үш рет айналу
г) орындыққа қойылған дойбы тасын әкесі ақ тасты, анасы қара тасты дұрыс тізу, ал баласы барлығын жинап орнына қою.

2. « Өмір шахмат іспеттес, бірнеше қадам алдын ала ойлайтын ғана жеңіске жетеді».
а) 4м қашықтыққа қойылған орындық үстіндегі жазған мақал-мәтелді оқып нүктелер қойылған жерді толықтыру.
ә)келесі 4м жердегі қойылған орындық үстіндегі жазылған жұмбақ сөзді тауып жазу.
б)келесі 4м қашықтықта орналасқан орындық үстінде екі орынды,бір орынды сандардың қосындысын тауып жазу.

3. «Жарыс ептіліктен бастау алады»
Баскетбол добын торға тастап, стол теннисінің ракеткасымен теннис добын қақпақылдап алып қайту, анасы теннис добын қақпақылдап барып секіртпе жіппен секіріп қайту, баласы секіртпе жіппен барып, баскетбол добын жерге ұрып қайту.
4. « Күш дене шынығуында емес, қажымас қайратқа байланысты!»
Әкесі 16 кг гір тасын артына ұстап жүгіріп 10-12 м қашықтықта орындықты айналып келеді, анасы отырып артқа таянып орындыққа дейін барып, жүгіріп қайтады, баласы екі қолға таянып секіріп орындыққа дейін барып, оны айналып жүгіріп қайтады.
5. «Табандылықпен алынбайтын шың жоқ»
Қозғалыс топтық ойыны «Сағат». Бірінші орынға – 15ұпай, 2 орынға – 14ұпай. 3орынға..........

1 – 4 ойындарда әкесі бірінші бастап, баласы аяқтайды. Бірінші келген топқа- 10 ұпай, екінші келген топқа – 9 ұпай...... Жекелей қателік жіберген ойыншының ,өз тобының алған ұпайынан 1 ұпай шегеріліп отырады.
.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.