.
.
Солтүстік Қазақстан облысы «Мен және отбасым!»
Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1627 | Размер: | Автор: araiАйыртау ауданы
Шүкірлік селосы
Кусаинов Рамазан Сагинаевич
ұялы тел: 87016564817, жұмыс: 87153352728
Тақырыбы: «Мен және отбасым!»
Сайыстың мақсаты: 1. Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. 2. Ата-ана мен мектептің қарым-қатынасын нығайту. 3. Дене шынықтыру мен белсенді дем алуды ұйымдастыруда спорттың әсерін оқушылар санасына жеткізе білу.
Құрал-жабдықтар: Секіртпе, баскетбол добы, теннис ракеткасы,шарик, кегли,обруч, гимнастикалық таяқша, қап.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер. Бүгінгі «Мен және отбасым» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі көңілді отбасылық сайысымызға 6-сынып ата-аналары мен оқушылары қатысады. Сонымен ортаға сайысқа қатысатын отбасыларды шақырайық.
Тащановтар әулетінен құралған «Тұлпар» тобын қарсы алайық.
Топ басшысы: Аружан-сыныптың оқу секторы, бос уақытында анасына көмектеседі. Ән айтқанды ұнатады. Мүшелері: Әкесі Темірболат және анасы Бибігүл, сіңлісі Дәмелі биші болам деп армандайды.(көмекшісі Нұрлыбек)
Даулыбаевтар әулетінен құралған «Сұңқар» тобын қарсы алайық.
Топ басшысы: Бақытжан-сыныптың топ басшысы, бос уақытында сурет салғанды ұнатады. Мүшелері: Әкесі Нұржан және анасы Ажар, ағасы Нұрымжан, інісі Әділжан- боксшы болғанды армандайды.
Макеновтар әулетінен құралған «Бәйтерек» тобын шақырамыз.
Топ басшысы: Райымбек-сыныптың спорт секторы, шаруақор бала. Мүшелері: Әкесі Қорғанбек және анасы Райымгүл, қарындасы Айаулым-әнші болуды армандайды. (Көмекшісі-Әділет)
Сағынай әулетінен құралған «Мерген» тобын қарсы алайық.
Топ басшысы: Абзал-бос уақытында ән айтқанды, сурет салғанды ұнатады. Мүшелері: Әкесі Мұхтар және анасы Гүлжан, әпкесі Гүлжиян (Көмекшілері Алихан, Аян)
Мүғалім: Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Келесі кезекте сіздерді бүгінгі сайысымызға әділ төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Закирьянов Ұлан Кәкімұлы – тарих және география пәнінің мұғалімі.
2. Исина Айдын Байдрахманқызы – казақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.
3. Туребеков Дәурен Қариполлаұлы – информатика пәнінің мұғалімі
Құттықтау сөзі мектеп басшысына беріледі.
Мұғалім: Бүгінгі сайысымыз 8 кезеңнен тұрады. 2,4,6-шы кезеңдерден кейін топтардың ұпайлары айтылып отырады. Ендеше сайысымызды бастайық. Сайыс төмендегідей кезеңдерден өтеді.
Топ басшылары өз командаларымен бірігіп топтың атын, ұранын айтады. Эмблема және буклеттерін әділқазылар алқасына тапсырады. Олар оны да бағалайды.
1. 1-ойыншы 3 кеглиді жинап басқа барып келу, 2-ші ойыншы кеглилерді қайтадан орнына қояды. Топ мүшелерінің барлығы орындайды.
2. Кеглилердің арасынан өтіп барып келу. Топ мүшелері барлығы орындайды.
Логикалық тапсырмалар.
1. Қақпашы нені күзетеді? ( қақпаны)
2. Не жеңіл килограмм мақта ма? Әлде килограмм темір ме? ( екеуі де бірдей)
Музыкалық үзіліс.
3. Әкесі балаларын арқасына мінгізіп барып келу. Шешесі секіртпемен секіріп барып келу.
4. Екі обручты кезек-кезек жылжытып отырып барып келу.
3. Бір сөзбен айтқанда: асық, тоғызқұмалақ, тығылмақ,
аударыспақ ... (ұлттық ойындар)
4.Олимпияда туында неше кольцо бар? (бес)
Музыкалық үзіліс.
5. Теннис ракеткасымен шарикті түсірмей барып келу. Топ мүшелері барлығы орындайды.
6. Гимнастикалық таяқты алақанға тік ұстап барып келу. Топ мүшелері барлығы орындайды.
7. Қаппен секіріп барып келу. Топ мүшелері барлығы орындайды.
5.Спорт алаңындағы ең басты адам кім? (төреші)
6.Бокстың алаңы қалай аталады? (ринг)
8.Кросс деген не? (жүгіру).
8. Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы белгіленген жерге барып келіп,топ мүшелерін бір-бірден тасып кейін қайтады. Соңғы ойыншы сызықты бірінші кесіп өтсе ұпай беріледі.
Музыкалық үзіліс.
Мұғалім: Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айтыңыздар.
1-орын «Тұлпар» тобы
2-орын «Мерген» тобы
3- орын «Байтерек» тобы
4-орын «Сұңқар» тобы
Мұғалім: Осымен «Мен және отбасы» атты отбасылық сайысымыз аяқталды. Өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттіліктерге толы болсын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.