.
.
«№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Спорт – біздің досымыз!
Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2400 | Размер: | Автор: araiТақырыбы: Спорт – біздің досымыз!
5- сыныптар арасындағы сайыс
Өткізген: Мадиева А. Ж
Жетібай селосы
2013 оқу жылы
Тақырыбы: Спорт –біздің досымыз!
Мақсаты:1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.
2. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу.
3. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Көрнекіліктері: доп, шар,, кедергілер, секіртпе, арқан.
Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Сан түзеп жүру. Топқа бөліну.
Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді Спорт-біздің досымыз! Атты спорттық шарамызға шақырамыз. Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғамда, мектепте жағдай жасап, денсаулықты сақтауға атсалысуымыз қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азамат болып өсеміз.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреуі озса сайыста
Біреуі артта қалады.
Жеңілденгендер реңжімей.
Тараса бізге жарады.
Сабырлы да салмақты
Білімді де өнерлі
Білікті де жүректі.
«Сіздерге жеңіс тілейік»-дей отырып ортаға үш топты шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
І топ «денсаулық»
ІІ топ «Қыран»
ІІІ топ «Көгершін»
А) Таныстыру рәсімі өтеді
Ә) Сәлемдесу рәсімі өтеді
Б) Топ ұрандары айтылады
Эстафеталық жарысымызды бастайық.
1-ші ойын. Секіртпемен секіру.
Шарты: 3 топ белгі берісімен секіртпемен секіріп барып, есептер жазылулы тұр, соның жауабын жазу.
2-ші ойын. Аққала.
Шарты: а) Үлкен резеңке доптың үстіне отырып, секіріп жарысу.
ә) Допты жерге ұрып жүгіру.
б) Футбол добын теуіп бару.
3-ші ойын. Самокат тебу.
Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.
4-ші ойын. Арқан тарту.
Шарты: Белгі бойынша әрбір топ арқанды өз жағына арай тартады. 3 рет тартысқаннан кейін 2 рет өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз болып танылады.
Сайысымыздың соңғы 3-ші бөлімі. Қимылды ойын.
Шарты: 3 топ қосылып ойнайды. Шеңбер бойымен иығынан бірін-бірі ұстап бір аяқтап секіріп шеңберді айнала жүреді. Кімде-кім ілесе алмай аяғын түсіріп немесе құлап қалса, сол ойыншы ойыннан шығады. Осылайша ойын жалғаса береді. Ең соңына дейін құламаған ойыншы жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Міне, бүгінгі Спорт – біздің досымыз атты эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті.
Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Топтарды мадақтау, құттықтау.
Жүргізуші: Осымен бүгінгі эстафеталық жарысымыз аяқталды.
Қош сауболыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.