Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Т о л а ғ а й» отбасылық сайыс  . -

«Т о л а ғ а й» отбасылық сайыс .

Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2105 | Размер: | Автор: arai
. Тақырыбы: «Т о л а ғ а й» отбасылық сайыс

Өтілетін күні: 14.02.2015
Өтілетін орны: спорт зал
Уақыты: 1030
Қатысушы: 2 – 3 сынып оқушылары мен ата - аналары
Мақсаты: Оқушылардың меңгерген дене жаттығуларының түрлерін ата-аналарымен бірге және өз бетінше орындауға шынықтыру. Эстафеталық ойындар арқылы дененің ептілік, икемділік, төзімділік, жылдамдық қасиеттерін қалыптастыру. Бала денсаулығын сақтауда, спортқа деген қызығушылығын қалыптастыруда отбасының жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Түрі: сайыс
Құрал – жабдықтары: доптар, секіртпелер, кеглилар, нысаналар, шығыршықтар, кіші доптар, шелектер, бадминтон қалақтары.

Ө т і л у б а р ы с ы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Мұқағали: Армысыздар, бармысыздар!
Алтынай: Қош келдіңіздер, ата-аналар, балалар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым!
Мұқағали: Бүгінгі бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған «Толағай» отбасылық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Алтынай: Мұқағали, сен бұл сайыс туралы білесің бе?
Мұқағали: Негізі теледидардан талай рет тамашалап, өзім де қатысуды іштей армандағанмын.
Алтынай: Онда сайысымызды бастамас бұрын бағдарламаның мақсатымен таныстырып кетсек қалай болады?!
Мұқағали: Жарайды, айтсақ айтайық.
II. Негізгі бөлім
Алтынай: «Толағай» отбасылар сайысы еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама.
Мұқағали: Сайысқа төрт отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны үшеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Алтынай: Тәлімді-тәрбие әр отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ-ұлт болашағы болады. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. «Спорт-денсаулық кепілі» десек, «Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.
Мұқағали: Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған отбасыларды ортаға шақырайық.
Алтынай: Қызыл түсті жиекке орналасатын 2 сыныптың сайыскер отбасынан құралған «Рахметовтар» отбасы тобы
Мұқағали: Көк түсті жиекке орналасатын 3 сыныптың сайыскер отбасынан құралған «Халиуллиндер» отбасы тобы

Алтынай:
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын.
Болашақ спортшы отбасылар келді ортаға,
Қол соғып, қарсы алайық, кәне, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
Мұқағали:
Қазылар орнықтырар әділдікті!
Кімдердің бірліктері кәміл мықты!
Спортшы отбасылар сайысында,
Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...
Алтынай: Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған отбасылар тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділқазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар.
Мұқағали: Мектептің әлеуметтік педагогы Хамзин Дәулет Сатыбалдыұлы
Алтынай: Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Даулетқалиева Арайлым Саржанқызы
Мұқағали: Мектеп тәлімгері Зейнуллин Дастан Жаңабайұлы
Алтынай: Сайысымыздың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады. Ал әділқазылар алқасы әр кезеңнен кейін 5 балдық жүйемен өз бағаларын беріп, сараптама жасап отырады.
Мұқағали:
Бәйгені ат жаратып шапқан алар,
Олжаны жатқан емес, тапқан алар, - деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына «Сәт сапар» тілейік, ағайын.
Алтынай:
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.

Мұқағали:
Ал, ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі «Өз тобыңды таныстыр»
Шарты: Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.
Олай болса, ортаға «Қайсар», «Қыран» топтарын ортаға шақырамыз.
Алтынай:
Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай, қанекей,
Жаттығуды бастаймыз!
Би: «Флэшмоб». Музыка ырғағымен би қимылдарын отбасымен бірге көрсете орындау.
Мұқағали: Әділқазылар алқасы сайыстың тұсаукесер кезеңіне беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер!
Алтынай: Рахмет. Келесі сайысымыз «Теңбілдоп»
Шарты: Бұл сайыста отбасы мүшелерінің әрқайсысына әр түрлі тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша белгіленген межеге алдарында құрылған кедергілердің арасымен өтіп, жүгіріп барып келуі керек. Сайыс кезінде кедергілерді құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
Әкесі – допты аяқпен теуіп жүру; Анасы – допты тізеге қысып алып жүру;
Баласы – бадминтон қалағымен кіші допты түсірмей алып жүру.
Екеуі. Сайыскерлер дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!
Мұқағали: Әділқазылар алқасы бағалап жіберсек. Бағаларға түсініктеме беріп кетсеңіздер!
Алтынай: Рахмет. Келесі үшінші сайысымыз «Батпақ»
Шарты: Бұл сайыста отбасының барлық мүшелері бірге қатысады, 2 шығыршықтан беріледі. Бір шығыршықты жерге қойып, шығыршықтың ішіне барлығы бірге кіріп тұрады. Екінші шығыршықты да алдына тастап, дәл осылай қайталанады. Белгіленген нысанға дейін барып, кері қайтып келу.
Екеуі. Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!
- Жарайсыңдар! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!
Мұқағали: Рахмет. Келесі сайысымыз «Эмоцияны немесе іс – әрекетті қайтала»
Шарты: Бұл сайыста әкесі мен баласы кезектесіп белгіленген нысанада тұрған шарды жару керек. Шардың ішінде жазылған эмоцияны баласы , іс – әрекетті әкесі көрсете түсіндіреді. Кезекте тұрған әкесі мен анасы, анасы мен баласы соны шешу керек.
- Сәт сапар!
- Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!
Алтынай: Рахмет. Келесі бесінші сайысымыз «Қақпашы»
Шарты: Бұл сайыста әкесі тобына қарама – қарсы белгіленген нысанға барып, қолына шелек ұстап тұрады. Қалған анасы мен баласы кезектесіп кедергі арасымен жүгіре барып, қолындағы кіші допты лақтырады. Шелек ұстаған әкесі лақтырған кіші допты қолындағы шелекпен қағып алуы керек.
Екеуі. Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!
- Жарайсыңдар! Әділқазылар алқасы бағалап жіберсеңіздер!
- Сайыс барысындағы сайыскерлердің жетістігі мен қателіктерін айтып, бағаларға сараптама жасап кетсеңіздер!
Мұқағали: Рахмет. Келесі сайысымыз «Көпсайыс»
Шарты: Бұл сайыста аналары секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалары да жүреден отыра қосаяқтап секіріп анасының қасына барады, ал әкелері өрмекші жүрісін сала ана мен баланың жанына барып, әке мен ана баласын айқастырылып ұсталған қолдарына отырғызып өз орнына кері оралу. Әрі жылдамдық, әрі шеберлік және ептілік пен күш - жігерді талап етеді бұл сайыс. Екеуі. Дайынсыздар ма? Қалыспа, Дайындал! Алға!
- Жарайсыңдар! Бәрекелді! Әділқазылар алқасы соңғы сайысымыздың бағаларын берсеңіздер!

III. Қорытынды бөлім
Алтынай:
Қазылар орнықтырар әділдікті!
Кімдердің бірліктері кәміл мықты!
Спортшы отбасылар сайысында,
Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты...
Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз.
Жеңілсек жеңілдік деп жасымаймыз.
Жығылсаң жер көтерер деген екен
Реніш өкпелеуге қосылмаймыз!
Мұқағали:
- Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша кезеңнің қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз:
«Толағай» әнін хормен шырқау.
Алтынай:
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! - дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын – Халиуллиндер отбасынан құралған топ «Қыран»
ІІ орын – Рахметовтар отбасынан құралған топ «Қайсар»
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.
Мұқағали:
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен «Толағай» сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жетписова Анар Сабыржановна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.