.
.
Ақтөбе облысы «Толағай» спорттық – отбасылық сайыс .
Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2447 | Размер: | Автор: araiМұғалжар ауданы
Ембі қаласы №2 орта мектебінің
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Жапакова Гүлзат Санаққызы
«Толағай» спорттық – отбасылық сайыс
Мақсаты: Ата-ана,оқушы,мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке,жылдамдылыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: доптар,шығыршық,түрлі-түсті шарлар,төсеніш,қап,арқан,қасық,теннис добы,кеглилер.
Сайыс шарттары:
1.Тіке жүгіріс
2.Шығыршықпен допты алып жүру
3.Қаппен секіру
4.Шар ату
5.Кедергілерден өту
6.Ептілікті байқау
7.Тіркесіп жүгіру
8.Үзілісті жүгіріс
9.Арқан тартыс
10.Кім жылдам? (логикалық есеп шығару)
11.Капитандар сайысы
Сайысқа 3 отбасы қатысады.(құрамында 3адам)
Сайыс шарты бойынша әр топтың аты,төсбелгісі,ұраны болады.
Сайысты бағалайтын төрешілер құрамы сайланады.
Сайысқа түсетін отбасыларының тобының аты: «Арлан» тобы
«Бірлік» тобы
«Смайлик» тобы
1.«Тіке жүгіріс» ысқырып белгі бергеннен бастап тіке жүгіріп,белгіленген жерден кеглиді айналып өтеді.
2. «Шығыршықпен допты алып жүру» допты кедергілердің арасымен алып жүру.
3. «Қаппен секіру» бел тұсына дейін қапты киіп,қос аяқпен секіру.
4. «Шар ату» отырып,қаз жүрісімен жүріп барып,белгіленген жерден шарды атып жару.
5. «Кедергілерден өту» жүгіріп келіп төсеніштің алға домалып түсіп,шығыпшықтың арасынан өтіп,жүгіріп қайту.
6. «Ептілікті байқау» теннис шаригін қасыққа салып,ауызға тістелеп жүріп қайту.
7. «Тіркесіп жүгіру» алдағы екі ойыншы тіркесіп жүгіріп қайтып,үшінші ойыншыны тіркестіріп жүгіріп шығу.
8. «Үзілісті жүгіріс» алаң ішіндегі (едендегі) сызық бойынша үзілісті жүгіріспен жүріп қайту.
9. «Арқан тартыс»
10. «Кім жылдам?» логикалық есеп шығару (уақыт есебімен)
4 4 4 4 = 20
11. «Капитандар сайысы» гір тасын көтеру
Сайыс соңында төрешілердің шешімімен жеңімпаз топ белгіленеді.
Жүлделі 1 орын 48 ұпаймен «Бірлік» тобы
2 орын 46 ұпаймен «Смайлик» тобы
3 орын 44 ұпаймен «Арлан» тобы м а р а п а т т а л а д ы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.