Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Волейбол. Шабуыл соққысын орындау -

Волейбол. Шабуыл соққысын орындау

Сабақ жоспары | Предметы | Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2389 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қаратоғай орта мектебі



Тақырыбы:
«Волейбол. Шабуыл соққысын орындау»
(10 «Б» класс)

Өткізген: Тулегенов Б.Б.

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы : Волейбол. Шабуыл соққысын орындау.

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға волейбол ойынының айла – тәсілдерін үйрету, шабуыл соққысының элементтерін үйрету, командалық ауызбіршілікті нығайту.

Сабақтың міндеттері : Білім беру: Шабуыл соққысын орындауды,қорғаныста ойнау әдісін және тактикалық ойын үлгісін үйрету.

Дамыту: Оқушының ой-өрісін, қабілеті мен икемділігін, күш – қуатын дамыту.

Тәрбиелеу. Оқушыларды тәртіпке, командалық ұйымшылдыққа, өз бетімен
спортпен шұғылдануға қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер : ысқырғыш, секундомер, доптар, гимнастикалық орындық, интерактивті тақта, бейнекамера.

Өтетін орны : Спорт зал.

Өтетін класы : 10 «Б» класс.

Өтетін күні : 30 қаңтар 2014 жыл.

Уақыт : 45 минут.

Сабақ
бөлімі Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе дайындық бөлімі
12 минут
Сапқа тұру
- кезекші рапорт беру
- сәлемдесу
- сабақ тақырыбын хабарлау
-бір-екіге саналу
Жүру жаттығулары
- қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүр
- қол желкеде өкшемен жүр
- қол белде табанның ішімен жүр
- қол белде табанның сыртымен жүр
- қолды алға созып жартылай отырып жүр
Жүгіру жаттығулары
-бір қатардан екі қатар құрап жүгіру
- қол белде аяқты алға сермей жүгір
- қол желкеде аяқты артқа сермей жүгір
- қол алда тізені жоғары көтеріп жүгір
- қол желкеде аяқты тізеден артқа сілтей жүгір
- оң қапталмен, қолды иықтан алдыға айналдыра жүгір
- сол қапталмен, қолды иықтан артқа айналдыра жүгір
- артпен жүгір
- шапшаң жүгір
- отырып жүр, отырып секіріп жүр
- терең дем шығарамыз
1мин

3мин

8мин

Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.
Оқушыларды түгендеу.

Аяқ алысын бақылау.

Денені тік ұстаймыз.
Басты көтереміз.
Дене тік ұстау.

Дене тік,ара-қашықтық сақта.

Екі қатарға бөліну.

Аяқ ұшы тік,
аяқ тізеден бүгілмейді.

Денені тік ұстаймыз.

Өкшені алақанға тигіземіз
Тіркеме адыммен.

Ара-қашықтық сақта.

Ара-қашықтық сақта
шапшаң жүгіру.
Басты бұрып артқа қара.
Денені бос ұстау.

Арнайы дайындық бөлімі
8 минут


Арнайы дайындық.
-допты жоғары лақтырып қағып алу
-допты жоғары лақтырып отырып тұрып қағып алу
-допты жоғары лақтырып айналып қағып алу
-қарама-қарсы тұрып доппен шабуылдау әрекетін орындау

8мин


Допты биікке лақтыру.

Допты жоғары
лақтырып қолды еденге тигізу.

Қолды жазып соққы жасау.

Негізгі бөлім
20 минут


Шабуыл соққысын орындау.

-Тордан 5 – 6 метр жерден жүгіріп келіп қос аяқпен серпіле әуеде секіріп соққы жасау әрекетін көрсету.
-Секіру әрекетін көрсеткен кезде адымдап келіп аяқты тізеден бүге, қолды артқа сермей лақтырып екпінмен жоғары серпілу керек.
-Әуеде оң қолын жоғары алып білектен соққы беруді көрсету. Осы жаттығуды доппен жасау.
-Бір оқушы тор түбінен әуелете допты лақтырады шабуылдаушы жүгіріп келіп бар күшімен секіріп соққы береді.
-Ұйымдастырушы арқылы соққыны қайталау.
-ереже бойынша волейбол ойынын ойнау

20мин



Оқушылар бірге сызық бойына тұрып. Жаттығуды орындайды,
Торға денені тигізбеу керек.

Соққы жасалған соң кейін қарай жүгіріп келесі соққыға дайындалу керек.
Тордан қарама-қарсы соққы жасалған кезде кезекпен шабуылдайды.

Әрекетті дұрыс орындау.

Ережені сақтап ойнау.

Шабуылдау кезіндегі қозғалу сәттері.

Қорытынды бөлімі
5мин


Қорытынды бөлім.
- Жалпы сапқа тұру
-Жаттығуды орындау кезіндегі қателіктерді айту
-Оқушыларды бағалау
-Сабақты қорытындылау
-Үйге тапсырма беру
-Қоштасу


5мин

Бір сызық бойын.
Жекелеген оқушыларға нұсқау беру.
Сабақтағы белсенді оқушыларға баға қою.
Үйге тапсырма беру.

Волейбол. Шабуыл соққысын орындау.


Ашық сабақ кезіндегі жаттығу сәттері.


Арнайы жаттығулар сәті.


Ашық сабақты интерактивті тақтадан бақылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.