Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қаржылық есептің мәні мен маңызы. -

Қаржылық есептің мәні мен маңызы.

Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2648 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қаржылық есептің мәні мен маңызы.
Жылдам шешім қабылдаудың негізі–толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз–меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметін және ұйымдық– құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай–ақ министрліктер, ведомостволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады. Оларға сондай–ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақыттында аңдап, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай–ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайжы, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі мен қаржылық жағдайының қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорының төлем қабілетіне кепілдік береді.
Алайда, субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты–оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті. Мұндай жағдай ақпарат пайдаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ол барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Кейбір тұтынушылар, мысалы несие берушілер қосымша ақпарат талап етуі мүмкін. Алайда, тұтастай алғанда, есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бәрінен бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
1. Меншік иелеріне (қатысушыларға, құрылтайшыларға) немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
2. Кәсіпорының тұрған жеріндегі салық органдарына;
3. Жергілікті қаржы органдарына;
4. Мемлекеттік статистикалық органдарына;
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістікрі туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.