Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Банктік қызметтер -

Банктік қызметтер

Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3273 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері
Сынып: 9А Сабақ: 16 Күні: 25.12

Тақырыбы: Банктік қызметтер
Сабақтың мақсаты: Банктердің атқаратын негізгі функциялары мен операцияларын түсіндіру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларға банк қызметтерінің түрлеріне түсінік бере отырып, ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: Экономикалық ойлау, әртүрлі экономикалық жағдайда шешім қабылдай білу, топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Нарықтық экономика жағдайында қор нарығының маңызы мен тиімділігін көрсете отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: іскерлік ойын
Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық
Көрнекілігі: схемалар, слайдтар

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Банк ұғымы
2. Банк жүйесіне анықтама
3. ҚР-да қалыптасқан банк жүйесі және қызметтері
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
1. Банк қызметтері түсінігі
2. Банк атқаратын функциялары
3. Банк операциялары
1) Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады.
2) Банктердің функциялары:
1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.
2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.
3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)
4. Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
5. Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
6. Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
7. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
8. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:
- орталық эмиссиялық, эмиссиялық емес;
- коммерциялық депозиттік, инвестициялық;
- жинақ;
- арнайы бағытағы банктер.
3) Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
• Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
• Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
• Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер).
Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:
-Заңды немесе жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер);
-Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие);
-Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;
-Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
-Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б.
Ұлттық Банк мынадай операцияларды жүргізеді:
• бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
• мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
• депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жьшға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
• депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы кағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
• қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
• қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
• чектерді жазып вексельдерді береді;
• жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады

Несие беруде және төлемдерде делдалдық ету
Ақшалай табыс пен жинақ ақша бөлігін капиталға айналдыру
Айналымның несиелік қаржысын (вексельдер,чектер, банкноттар) жасау

Орталық эмиссиялық
Коммерциялық депозиттік
Инвестициялық
Жинақтық
Арнайы мақсатқа арналған

«Экономист» ойыны
Оқышыларды 2 топқа бөліп, жарыс ұйымдастыру. Ұяшықтарды таңдап отыру арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр ұяшықтың өзінде белгіленген балдар жазылған. Қай топ көп сұрақтарға жауап беріп, көп балл жинаса, сол жеңімпаз атанады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Банк қызметінің негізгі міндеттері?
2. Уақытша бос ақшаларды қалай қадағалайды?
3. Банк операцияларына не жатады?
V. Үй тапсырмасын беру. Барлық тақырыпты қайталау.
VI. Бағалау.
Экономикадан сабақ жоспарлары + сабақ презентациялары. Мына сайтта
http://vk.com/dana.arman?w=wall277389711_20%2Fall
http://sabaktar.ucoz.ru

экономикадан мына тақырыптарға арналған сабақ жоспарлары:
№ Тақырыптар Сағат
саны Мерзімі Түрі, әдіс-тәсілдері Шығармашы-лық жұмыстары
1 Экономикалардың білім негіздері 1 Дәріс
2 Экономикадағы басты мәселелер 1 Дәріс
3 Экономика тарихы 1 Баяндау
4 Әр түрлі мемлекеттердің экономикалық қатынастардың дамуы 1 Салыстырмалы оқыту
5 Қазақстан Республикасының экономикасы 1 Семинар
6 ҚР экономикасының даму кезеңдері 1 Презентация
7 ҚР экономикасының даму факторлары 1 Дәріс
8 Экономикалық реформалардың кезеңдері 1 Дәріс
9 Жекешелендіру 1 Дискуссия
10 Мемлекет қарамағына алу 1 Ұжымдық оқыту
11 Ресурстар түрлілігі 1 Іскерлік ойын
12 Ресурстардың шектеулігі және таңдау мәселесі 1 Баяндау
13 Экономикадағы тұтынушы 1 Іскерлік ойын
14 Тұтынушының рационалды тәртібі 1 Дәріс
15 ҚР банк жүйесі 1 Топтық жұмыс Кроссворд
16 Банктік қызметтер 1 Іскерлік ойын
17 Қаржылық жүйесі 1 Баяндау
18 Банктік есепшот 1 Дәріс
19 Депозиттер 1 Топтық жұмыс Реферат
20 Интернет-банкинг 1 Лекция
21 Қаржы секторы 1 Семинар
22 Қаржы секторындағы тұтынушыларды қорғау 1 Ситуациялық
23 Тұтынушы 1 Презентация
24 Тұтынушыны қорғау 1 Дискуссия
25 Несие дегеніміз не? 1 Ұжымдық оқыту Реферат
26 Төлем карталар 1 Презентация
27 Сейфте сақтау 1 Дәріс
28 Валюта. Валюта нарығы. Қор биржасы 1 Презентация
29 Банк жүйесі 1 Лекция
30 Банк жүйесінің мамандықтары 1 Баяндау
31 Сұраныс пен ұсыныс 1 Лекция
32 Сұраныс пен ұсыныс заңы 1 Жаттығу
33 Қаржылық қызметтер 1 Ұжымдық оқыту
34 Қаржылық қызметтің тұтынушылары 1 дискуссия

№ Сабақ тақырыбы Сағат
саны Мерзімі Түрі, әдіс-тәсілдері Шығармашы-лық жұмыстары
1 Кіріспе. Бизнес жоспардың болашағын жоспарлау 1 8.09 Дәріс
2 Еңбек нарығы 1 15.09 Презентация
3 Жалақы, қаржылық шешімдер қабылдау 1 22.09 Баяндау
4 Еңбек ресурстары 1 29.09 Лекция
5 Жұмыссыздық. Инфляция. Іскерлік белсенділік кездері 1 6.10 Іскерлік ойын
6 Сапа 1 13.10 Семинар
7 Сапалы түрде сауда жасау 1 20.10 Ситуациялық
8 Салықтар 1 27.10 Дәріс
9 Зейнетақымен қамтамасыз ету 1 3.11 Баяндау
10 Ақша табу 1 17.11 Топтық жұмыс
11 Ақша табу жолдары 1 24.11 Дискуссия
12 Ақша. Валюта. Айырбас 1 3.12 Презентация
13 Несие және оның түрлері. Несие алу. Несие тарихы 1 8.12 Дәріс
14 Қор биржасы 1 15.12 Презентация Реферат
15 Қаржылық қор жинау 1 22.12 Ұжымдық оқыту
16 Қамсыздандыру 1 29.12 Баяндау
17 Кәсіпкерлік – бірегей іс-әрекет түрі 1 12.01 Лекция
18 Жеке кәсіпкер 1 19.01 Іскерлік ойын
19 Шағын кәсіпкерлік дегеніміз не? 1 26.01 Ұжымдық оқыту
20 Олардың түрлері 1 2.02 Топтық жұмыс
21 Жоспарлау 1 9.02 Дәріс
22 Жоспардың құрылымы 1 16.02 Семинар
23 Бизнес жоспар 1 23.02 Іскерлік ойын
24 Жобалау іс-әрекеті 1 2.03 Баяндау
25 Шығындар 1 9.03 Дәріс
26 Өзіндік құнның калькуляциясы 1 16.03 Дискуссия
27 Өзіндік құн 1 6.04 Ұжымдық оқыту
28 Бухгалтер 1 13.04 Лекция Реферат
29 Бухгалтерлік есеп әліппесі 1 20.04 Иллюстрация
30 Актив. Пассив. Дебет. Несие 1 27.04 Семинар
31 Маркетинг 1 4.05 Дәріс
32 Маркетинг негіздері 1 11.05 Презентация
33 Оқушылардың шығармашылық жұмысы 1 18.05 Топтық жұмыс Кроссворд
34 Компанияның макро, микро, маркетингтік зерттеулері 1 25.05 Іскерлік ойын

№ Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі Түрі, әдіс-тәсілдері Шығармашы-лық жұмыстары
1 Салық және халықты әлеуметтік қорғау 1 7.09 Баяндау
2 Зейнетақы, жәрдемақы, тегін білім беру, медициналық көмек көрсету 1 14.09 Ұжымдық оқыту
3 Қазақстан Республикасының салық жүйесі 1 21.09 Баяндау
4 ҚР салық жүйесі 1 28.09 Лекция
5 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі 1 5.10 Іскерлік ойын
6 ҚР зейнетақы жүйесі 1 12.10 Дәріс Реферат
7 Жеке жинақ ақшасы 1 19.10 Топтық жұмыс
8 Жанұялық бюджет 1 26.10 Дәріс
9 Жанұялық бюджетті есептеу 1 2.11 Семинар
10 Табыс және оны басқару 1 19.11 Іскерлік ойын
11 Табыс және оны басқару 1 26.11 Баяндау
12 Шығын және оны басқару 1 30.11 Дәріс
13 Шығын және оны басқару 1 7.12 Дискуссия
14 Қазақстан Республикасының халықаралық саудаға енуі 1 14.12 Ұжымдық оқыту
15 ҚР халықаралық саудаға енуі 1 21.12 Лекция
16 Халықаралық сауда тарихы 1 28.12 Топтық жұмыс Кроссворд
17 Халықаралық сауда тарихы 1 11.01 Лекция
18 Халықаралық саудада қандай ақша түрлері қолданылады 1 18.01 Семинар
19 Халықаралық саудада қолданылатын ақша 1 25.01 Баяндау
20 Валюта курстары 1 2.02 Презентация
21 Валюта курстары 1 8.02 Дискуссия
22 Қаржы нарығындағы алаяқтық 1 15.02 Ситуациялық
23 Мемлекеттік бюджет 1 22.02 Презентация
24 Мемлекеттік бюджет 1 1.03 Дәріс
25 Мемлекеттік бюджет 1 9.03 Презентация
26 Мемлекеттік қарыз 1 15.03 Лекция
27 Мемлекеттік қарыз 1 5.04 Дәріс Термин сөздер жинағы
28 Экономиклық өсу және әлемдік экономик мәселелері 1 12.04 Презентация
29 Экономиклық өсу және әлемдік экономик мәселелері 1 19.04 Топтық жұмыс
30 Қала және халық санының өсуі 1 26.04 Дискуссия
31 Қала және халық санының өсуі 1 3.05 Дәріс
32 Экономиклық өсу және экологиялық мәселелер 1 10.05 Семинар
33 Экономиклық өсу және экологиялық мәселелер 1 17.05 Іскерлік ойын
34 Бизнес – оқиғалар 1 24.05 Баяндау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.