.
.
Бухгалтерлік есеп формасы. (4) Бухгалтерлік есеп формасы.
Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2376 | Размер: | Автор: Нартай4540Есептің журнал–ордерлік формасы жағдайындағы жұмыс жүйесі мына схемада көрсетілген:
Есептік деректер кредиттік белгісі бойынша тіркеу принципіне сәйкес әрбір синтетикалық есеп шотты кредит бойынша жазу (дебеттелінетін есеп шоттар қатынас қағаздарында) қандай да бір журнал–ордерде толық жүргізіледі. Тиісті синтетикалық есеп шот дебеттік айналымдар түрлері журнал ордерлерде онымен қатынас қағазды есеп шоттар кредиті бойынша жазулардың тіркелуіне қарай анықталынады. Жиынтық деректерді барлық журнал–ордерлерден Бас кітапқа көшіргеннен кейін онда әрбір есеп шоттың дебеті бойынша деректер анықталынады.
Синтетикалық және анилитаклық есеп біріктіріле, бірыңғай регистрлерде жүргізілетін есеп шоттар бойынша дебетті айналымдар да осы есеп шоттардың кредиті бойыншажазуларын тіркеуге арналған журнал–ордерлерде кірініс табады. Белгілі бір синтетикалық есеп шоттардың кредиті бойынша жазуларға қоса аналитикалық есепте жүргізілетін журнал–ордерлерде екі бөлім болады. Бірі–операцияны есеп шот кредит бойынша жазуға, екіншісі–аналитикалық есеп көрсеткіштерін көрсетуге арналған.
Журнал–ордерлер, тәртіп бойынша, экономикалық мазмұны жағынан біртекті операцияларды, сондай–ақ есеп шоттық жағынан өзара байланысты операцияларды көрсету үшін қызмет етеді.Сондықтан кейбір журнал–ордерлер операцияларды бірінеше синтетикалық есеп шоттар кредиттері бойынша өзінің экономикалық мазмұны бойынша біркелкі көрсетуге арналған. Мұндай жағдайда олардың әрқайсысы үшін регистрде бөлім немесе графа берілген.
Бухгалтерлік есептің машинаға бағдар ұстаған формалары.
Қазіргі уақытта ұйымдар көп атқара алатын және проблемаларға бағдарланған шағын электрлі есептеу машиналары (ЗЕМ–ЗВМ) компьютерлермен жарақталған. Олар деректерді дәстүрлі есептік регисмтрлерде (карточкаларда, еркін парақтарда ж.б.) және ақапарт тұтынушы машиналарда тікелей жинақтай алады.
Жалпы алғанда есептің бұл формасына ақпаратты өңдеудің мынадай жүйелілігі тән: ақпарат тұтынушы машина–ЭЕМ шығатын ақапараттың машинограммасы.
Автоматтандырылған есеп формасының бір варианты суретте көрсетілген.
Бухгалтерлік есептің машинаға бағдарланған формасы жасалған. Олардың айырмашылық ерекшеліктері–автоматты түрде есептік ақпаратты басқару, бақылау мен талдау үшін қажетті шамада қорытындылайтын, ақпарат тұтынушылар ақпарат алып, қаржылық есеп құру үшін қажетті машинограммалар жасау мүмкіндігі.
Қазіргі уақытта бухгалтерлік есепті ПЭВМ ді пайдалану арқылы (оның саны 50 единицаға жақындаған) автоматтандыру бағдарламасының рыногы құрылды. Барлық бағдарламаларға компьютерде бухгалтерлікжелі құру қарастырылған.
ПЭВМ–де әрбір аналитикалық есеп шот бойынша синтетикалық есептің тиісті есепшотына машинограммалар әзірленеді. Бұл регистрді мынадай мазмұн болуы мүмкін: кіріс сальдосы, жекелеген құжет негізінде (сальдо) дебет бойынша (немесе кредит бойынша) айналым. Жаңа сальдо әрбір операциядан кейін шығарылады. Ай аяқталысымен аналитикалық есеп шот дебеті мен кредит бойынша айналымдар жиынтығы саналады, сондай–ақ ақырғы сальдо белгіленеді.
Бас кітап есептері тік сызық принципі бойынша басылады. Бұл бірінші реттегі әрбір есеп бойынша (қажетті жағдайда субсчет бойынша да) дебет пен кредит бойынша айналымдар жоғарыдан төмен қарай қатынас қағаздалған есеп шоттарды көрсете отырып келтіріледі. Есеп шоттар кодтары көбініесе былайша орыналастырылады: алғашқы екі таңба синтетикалық есеп шот шифрын белдіреді, соңғы төртеуі аналитикалық көрсеткіштер үшін қолданылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.