Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дайын өнімдер шығаруды есепке алу. -

Дайын өнімдер шығаруды есепке алу.

Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1524 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Дайын өнімдер шығаруды есепке алу.
Техникалық тексерістерден өтіп, техникалық бақылау бөлімі қабылдаған өнімді–дайын өнім деп атайды. Осындай өнім дайын өнімдер қоймасына жіберіледі де тапсыру жүк құжатымен ресімделеді.
Техникалық бақылау бөлім қабылдамаған және барлық өңдеу фазаларынан өтпеген өнімдер мен бұйымдар аяқталмаған өндіріс құрамында есепке алынады. Өндіріс өнімдері нақты, нақты көрсетілген құны (бағасы), қойма есебіндегі карточкаларда көрсетілген сақтау орны бойынша әрбір түрі бойынша есеп жүргізіледі.
Дайын өнімнің өзіндік құны оны шығаруға жұмсалған және дайындауға кеткен барлық шығындардан құрылады.
Дайын өнімнің бағасын есептегенде нақты өзіндік құны мен мекеменің өндірістік бағасының арасындағы ауытқуы есепке алынады. Айлық есеп беру соңында, яғни «Дайын өнім» шотында нақты өзіндік құны анықталынып, баға айырымы қайтадан есептелінеді. Дайын өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау үшін талдау есебінің мәліметерімен аяқталмаған өндірісті түгіндеу қорытындылары пайдаланылып, арнаулы есеп айырысу ресімделінеді.
Кесте 10.5.1.
Дайын өнімнің нақты өздік құнының есебі.
Теңге.
Сатып алушылар Бұйым Барлығы
‘‘ А ‘‘ ‘‘ Б ‘‘
1 Аяқталмаған өндіріс қалдығы - - -
2 Ай ішіндегі өндіріс шығыны 276158,82 122487,18 39864,00
3 Ай ішіндегі аяқталмаған өндіріс
қалдығы 6158,18 - 6158,18
4 Дайын өнімнің нақты өндірістік
өздік құны 276158,82 122487,18 39864,00
5 Нақты шығарылған дайын өнім кг 4306,91 2000 6211
6 Дайын өнімнің 1 кг нақты өзіндік
құны 64 – 12 61 – 24 х

1) Осы 10.5.1. кестесінде келтірілген мәліметтер негізінде дайын өнімнің нақты өздік құны «Негізгі өндіріс» шотының кредитінен «Дайын өнім» шотының дебетіне жазылып шегеріледі.
2) Өндірістің дайын өнім тікелей мекеменің қоймасына жіберіледі.
3)Түсіруден анықталған аяқталмаған өндіріс қалдығы 6158 теңге 18 тиын. аяқталмаған өндіріс шотына «А» бұйымының талдау шотына сәйкесті жазылады.
Жаңа өндіріс циклінің басында аяқталмаған өндіріс қалдығы бұйым түрі бойынша «Негізгі өндіріс» шотында қалпына келтіріледі де ол дайын өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) нақты өндірістік өздік құнының шындығын қамтамасыз етеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.