Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Экономика аруы» -

«Экономика аруы»

Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2146 | Размер: | Автор: Нартай4540
. № 173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп

ЭКОНОМИКА АРУЫ

Қызылорда қаласы
«Экономика аруы»
1-жүргізуші Қайырлы күн, қымбатты жас достар, ұстаздар қауымы.
2-жүргізуші Бүгінгі біздің қызықты да көңілді, сапалы да салмақты, үнемді де экономды «Экономика аруы» байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші Бүгінгі сайыста мектебіміздің ең сұлу, әсем, ғажайып, әрі экономика ғылымының білгір аруын таңдаймыз.
2-жүргізуші Сонымен №173 орта мектептің әуе толқынында «Экономика аруы»
1-жүргізуші «Экономика аруы» байқауының бағдарламасында:
1. Презентация, өзін-өзі таныстыру.
2. Серігіңді тап!
3. Биле, биле, биле!
4. Сән үлгісі.
5. Интеллектуалды шоу.
6. Қадамыңа гүл бітсін!
2-жүргізуші Бұдан басқа қымбатты көрермендер сіздерге арналған әзіл-қалжың, ойындарымыз бар.
1-жүргізуші Әрбір байқауда маңызды қызмет атқаратын арнайы қонақтар болады, яғни бүгінгі байқаудың әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші Абыройы күнмен таласқан
Көкірегінен әсем ән ұшқан
Мейірім төккен адамға
Бақытты байтақ даламда
Тағдырлар талай табысқан
Талғамы заңғар заманда
Атағы кеткен ғаламға
Елімнің ару қыздары-ай!
1-жүргізуші Әділқазылар алқасынан «Презентация» бөліміне баға берулерін сұраймыз.
2-жүргізуші Альбина, осы сен жігіттермен қалай танысасың?
1-жүргізуші Әсел сен білесің бе, әдетте жігіттер келіп танысуға ыңғай білдіреді.
2-жүргізуші Солай ма. Ал қазіргі турда аруларымыз жігіттермен өздері танысуы тиіс. Яғни «Серігіңді тап» туры.
1-жүргізуші Бұл турда аруларымыз әртүрлі мемлекеттердің валюталарын таңдап алады және залда мемлекеттердің атын ұстап отырған жігіттер арасынан өз мемлекетін тауып алуы тиіс. (Қыздар карточкаларын таңдап, серіктерін іздестіреді, тапқан соң ортаға шығады)
2-жүргізуші Біздің арулар өз серіктерін тапқан сияқты. Енді жігіттермен танысып өтсек.
1-жүргізуші Әділқазылар алқасынан «Серігіңді тап» туры бойынша баға берулерін сұраймыз.
2-жүргізуші Альбина, саған қызық айтайын ба?
1-жүргізуші Ия, ол қандай қызық?
2-жүргізуші Осы тұрғанда бар ғой, қатты билегім келіп тұр.
1-жүргізуші Әсел сен де қызықсың, бүкіл зал болып сенің биіңді тамашалаймыз ба? Ал арулар ше?
2-жүргізуші Айтпақшы аруларымыз есімнен шығып кетіпті. Сонымен келесі тур «Биле, биле, биле!»
1-жүргізуші Бұл турдың шарты бойынша арулар өз серігімен бірге мың бұралып, папури билеп шығуы тиіс.
2-жүргізуші Сонымен ортада аруларымыздың әсем биі!
1-жүргізуші Әділқазылар алқасының «Биле, биле, биле!» турына баға берулерін сұраймыз.
2-жүргізуші Есептеу комиссиясынан 3 турдың бағасын хабарлауын сұраймыз.
Музыкалық номер: Ақбергенова Айнұр.
1-жүргізуші Келесі тур «Экономикалық сән үлгілері» байқауы. Қазіргі таңда дүние жүзінің атақты кутьюрелері кез-келген жаңалықты қалт жібермейді. Біздің бүгінгі байқауда сол атақты кутьюрелердің экономикалық мағанадағы сән үлгілерін тамашалаймыз.
2-жүргізуші Әділқазылар алқасынан «Сән үлгісі» турына баға берулерін сұраймыз.
1-жүргізуші Қымбатты көрермендер, сіздерге де кезек жетті. Енді сіздермен бірге бірнеше Energy-driser ойнасақ. Energy-driser «Пам-пам-паба-паба»
2-жүргізуші Біздің байқау одан әрі жалғасуда.
Ал қанеки, оқушылар, ұстаздар мен қонақтар
Бұл сайысқа қатысушы жасөспірім талаптар!
1-жүргізуші «Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар» демекші, келесі турымыз «Интеллектуалды тур» деп аталады. Аруларымыз экономика пәнінен алған білімдерін ортаға салады.
2-жүргізуші Бұл турдың шарты бойынша арулар ситуацияларды шешеді және билет таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Ситуация: «Сіз фирма менеджерісіз. Фирма қызметкерлерінің жұмысқа қызығушылығы нашарлауына байланысты еңбек өнімділігі төмендеп кетті. Еңбек өнімділігін қалай жоғарылатуға болады? Сіз не істер едіңіз?»
1-жүргізуші Аруларымыз сұрақ пен ситуацияларға ойланғанша, «Ақ сандығым ашылды!» ойыны. Ойын шарты бойынша ортаға бір көрермен шығады, сандық ішінде не жасырынғанын табуы тиіс.
1. Бұл заттың алғашқы аты «банкоседлар»
2. Бұл зат б.э. 812 ж. Қытайда пайда болған. Жауап: (банкнота)
2-жүргізуші Біздің қатысушылар дайын болса, жауаптарына құлақ түрелік.
1-жүргізуші Әділқазылар алқасынан «Интеллектуалды турдың» бағасын берулерін сұраймыз.
2-жүргізуші Есептеу комиссиясының есебі дайын болғанша, «Ақ сандығым ашылды» ойыны.
Бұл жәшіктегі заттың атауы «Вампум». Жауап: (Ракушка)
1-жүргізуші Экономика кеші көңілді
Достық әні төгілді
Дайын әркез арулар
Көтеруге көңілді
Келесі тур «Қадамыңа гүл бітсін!» деп аталады. Бұл турдың шарты бойынша қатысушылар мына аралықтан жүріп өтуі тиіс. Әр қадам басқан сайын бір экономикалық термин айтуы тиіс. Сонымен ортада қатысушылар.
2-жүргізуші Әділқазылар алқасынан «Қадамыңа гүл бітсін!» турының бағасын берулерін сұраймыз.
1-жүргізуші Қымбатты көрермендер, біздің әділқазылар алқасы байқауымыздың қорытынды бағаларын хабарлағанша сіздерге әзіл-қалжыңнан шашу шашамыз.
Көріністер: «Папамның туған күні»
«Ювелир дүкенінде»
Қара жәшік ойыны:
«Бұл зат алғаш рет 1886 жылы АҚШ-тың Атланта штатыда барлық ауруларға ем болатын микстура ретінде пайдаланылған».
Жауап: (Coca-cola).
2-жүргізуші Әділқазылар алқасының қорытынды бағалары дайын болса, хабарлауларын сұраймыз.
1-жүргізуші Экономика пәнін үйренсең
Жамандықтан жиренсең
Болашақта маман боларсың
Бизнеспен көгерген!
2-жүргізуші Қымбатты ұстаздар, жас достар «Уақыт-ақша» дегендей, бүгінгі экономика кешіне алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Осымен «Экономика аруы» сайысы өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.