.
.
Калькуляция - өздік құнын анықтау тәсілі. Калькуляция - өздік құнын анықтау тәсілі.
Сабақ жоспары | Предметы | Экономикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2306 | Размер: | Автор: Нартай4540Шаруашылық активтерін бағалаудың негізгі принципі олардың нақты өздік құнын анықтау болып табылады. Тауарды өндіру мен өткізуге байланысты субъектінің барлық шығындарын нақты өздік құнды құрайды. Өнімнің және тауарлықматериалдық қорлардың өздік құндарын есептеудің негізгі принциптері бухгалтерлік есептің стандарттарында толық қарастырылған .
Өндірілген өнімнің өздік құнын анықтау (есептеу) тәсілін калькуляция деп атайды. Өнімнің өздік құнына (жұмыс, қызмет көрсету) материалдарды және еңбек ресурстары үнемді (тиімді) пайдаланудың деңгейі, техникалық қаруландыру, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға әсер етеді. Калькуляция құжат түрінде дайындалады. Онда шығындар калькуляция объектісі мен шығын баптары бойынша көрсетіледі.
Калькуляция объектісінесатып алынған тауарлық материалдық қорлар, дайындалған өнімдер, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтерді жатқызуға болады. Калькуляция бабы ол өздік құн құрайтын шығын, яғни бухгалтерлік есептегі сәйкесті объектінің ақшалай бағалау үшін негіз болып табылады.
Сондықтан калькуляцияда маңызды шаруашылық процестерінің жүргізілуін бақылау үшін қажетті мәліметтер көрсетіледі.
Калькуляция құрылу уақытымен мақсатына қарай жоспарлы, нормантивтік, есеп беру түрлеріне бөлінеді.
Жоспарлы калькуляцияжоспарлау мерзім басындағы жоспарлау мерзім ішіндегі нормалы шығынға байланысты жоспарлы тапсырманы белгілейді.
Нормантивтік калькуляцияда белгілі мерзімдегі шығынды есептей отырып, өнім дайындағанға дейінгі өздік құнынан құрылады. Оның басты мақсатыбелгіленген нормадан тыс нақты шығындардың ауытқуына бақылау жасау болып табылады.
Есеп берукалькуляциясынданақты шығарылған өнімдердің (жұмыс, қызмет көрсету) нақты өздік құндары анықталынады. Өнімнің бір данасын өндіруге кеткен өздік құнын жоспарлы құнымен салыстыра отырып, өндіріс орнының (мекеменің) жұмыс сапасын анықтауға болады.
Сонымен калькуляция бухгалтерлік есептің бір тәсілінің элементі болып табылады. Ол активтердің құнын өлшеу мен мекеменің шаруашылық қызметінің әрбір кезеңіндегі (жабдықтау, өндіру, өткізу) процестерінің құнын бағалау үшін қолданылады.
Жабдықтаумекеменің (өндіріс орнының) жұмысын жүргізу үшін қажетті еңбек құралжабдығы (машина, құралжабдықтар, станоктар т.б.с.с.), еңбек құралдары мен (шикізат, материалдар, жанар жағар май) қамтамасыз ету.
Калькуляция көмегіне сүйене отырып, шаруашылық қызметінде келтірілген баптар бойынша тауарлықшаруашылық қорларының (шикізаттар, материалдар, жанаржағар май) қорлары дайындалады.
Өндірісшаруашылық қызметінің бұл бабында калькуляцияға сүйене отырып өндірілген өнімнің фабрикалық зауыттық өздік құны анықталынады.
Өткізубұл бапта дайын өнімнің толық өткізу құны есептелінеді. Шаруашылық қызметінің әрбір бабтарында калькуляция өнімнің жоспарланған өздік құнын төмендетуді бақылау мен өнімнің бірлік мөлшерін өндіруге жұмсалатын шығын нормасын бақылап отыру үшін қолданылады.
Өздік құн әрбір өндіріс орнының жұмыс сапасын көрсетеді. Ол өндіріс орнына жіберілген есептегі қателіктер мен кемшіліктерді уақытында айғақтауға мүмкіндік береді. Калькуляцияны тұтастай объектіге жеке бұйымға құруға болады. Калькуляция құрудың дұрыстығына (нақтылығы) өздік құнды құраушы шығындарды тиісді топтастыру калькуляция құрылған объектінің шығындарын дәл есептеу жанама шығындарды тарату әдістерін таңдауға байланысты болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің шығындары екі түрге бөлінеді.
1. тауарлықматериалдық құралдың (жұмыс, көрсетілген қызмет) өздік құнына енгізілген (кіргізілген, жатқызылған) шығындар;
2. тауарлықматериалдық қорлардың өздік құнына енбейтін және мерзім ішінде шығынға жатқызылған (шығын деп танылған) жалпы және әкімшілік шығыстар, прцент бойынша шығыстар, өткізу бойынша шығыстармерзімдік шығынға жатады.
Туарлықматериалдық қорлардың өздік құнына калькуляция құруда төмендегідей принциптерді сақтауды қажет етеді.
1. тауарлық материалдық қордың (жұмыс, көрсетілген қызмет) өздік құнына барлық өндірістік шығындар жатқызылады.
2. өндіріс шығындарын экономикалық нысандары бойынша топтау материалдық шығындары, еңбекақы, еңбекақы бойынша аудару, жөнелту шығындары (уақыт, мерзім, калькуляция баптары, өндіріс орны мен калькуляция объекті) бойынша жүргізіледі.
3. Бухгалтерлік есетің мәліметтерін қолдану калькуляция бойынша өздік құнын есептеудің негізі болып табылады. Бұл жағдайда талдау есебін дұрыс ұйымдастырудың рөліне баға жетпейді. Өздік құнға калькуляция құру үшін мәліметтер аналитикалық есептерден (шоттардан) алынады.
Егер дайндалған өніммен аяқталмаған өндіріс шығындары шектелген болсы, өндірісте жіберілген бракқа (ақауға) есептелген шығын, өндіріс қалдықтарын бағалау мен қосалқа өнім, калькуляцияның әрбір бабы бойынша анықталған шығын, калькуляция құрылған объектінің әрқайсысына қатысты анықталған болса да , онда өнімнің (жұмыс, көрсетілген қызмет) өздік құнына калькуляция құру аяқталған деп есептелінеді.
Бағалау мен калкуляция бухгалтерлік есеп алу әдісінің маңызды элементі ретінде негізгі шаруашылық процестерін есепке алу кезінде толығырақ зерттеледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.