.
.
Коучинг жоспары Басқару және көшбасшылық.
Сабақ жоспары | Предметы | Ағылшын тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2371 | Размер: | Автор: ТәрбиеАпта Күні 21.09.2013
Коучинг тақырыбы: Басқару және көшбасшылық
Сілтеме: Нұсқаулық,суреттер, ғаламтор материалдары.
Мақсаты: Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Оқыту нәтижесі: Топтаса жұмыс атқара отырып,басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.
Негізгі идеялар: Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді.
Кәсіби білім, біліктері өседі.
Тренинг өткізу «Сөйлем құрау» 2 минут
Топқа бөлу Түрлі түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді. 2 минут
Тапсырмалардың түрлері: Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.( постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу) Уақыт
Кіріспе тапсырма Тақтада төменде аталған ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі
1. Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би
2. Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев, В.В.Путин
3.Педагогтар: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко
Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсыздар? (Әр топ өз ойын ортаға салады ) 5 минут
Бағалау Топтар бір-бірін қол белгісі арқылы бағалайды. 2 минут
№ 1 тапсырма « Көшбасшы» ұғымын постер жасап қорғау. 5 минут
Бағалау Түрлі түсті стикерлер арқылы бағалау:
қызыл -"жақсы",
жасыл -"орта",
сары-"төмен» (топтар бір-бірін бағалайды)
Тренинг-сергіту Кірпі (қара жорға) 2 минут
№ 2 тапсырма Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмадағы көшбасшыны рөлін сомдау керек. Тақтада 3 түрлі көшбасшылық бейнеленген текст беріледі. (Өктемшіл көшбасшылық. Сыйласымдық (демократияшыл) көшбасшылық. Делигирияшыл көшбасшылық.) 10 минут
бағалау
Дескриптор арқылы бағалау. (Әр топтан бір адамнан шығарып топ жасау. Олар бағалау критерийін жасайды.) 3 минут
Қорытынды рефлексия Бүгінгі коучинг саған ұнады ма? (рефлексиялық парақ толтыру) 3 минут
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.