.
.
«Кәусар» тобы Colors (Түстер).
Сабақ жоспары | Предметы | Ағылшын тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 14025 | Размер: | Автор: ТәрбиеКүні: 16.11.2012ж
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Ағылшын тілі
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: Colors (Түстер)
Мақсаты: 1. Білімділігі: түстерді ажырата білуге және ағылшын
тілінде айтуға үйрету
2. Дамытушылығы: ағылшын тілінде сөздерді дұрыс айту,
нақты айту, сөз қорын байыту, есту қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиешілігі: шет тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: бейнелеу, дене тәрбиесі, ана тілі
Билингвистикалық компонент: Red – қызыл
yellow - сары
green - жасыл
blue – көк
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, қимыл әрекет, суретпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, дидактикалық ойын
Қажетті құралдар: интерактивтік тақта, әр – түрлі түстердің суреттері, қағаздан жасалған әр – түрлі түсті гүлдің жапырақтары, шар, доп, үнтаспа мен музыкалық центр
Іс - әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру
Амандасу: (Greeting)
- Good morning children!
Балалар мұғаліммен тақпақ ретінде амандасады
- Good morning, good morning
Good morning to you
Good morning our teacher
We are glad to see you
Thank you children, sit down please
(Рахмет балалар, отыра қойындар)
Шаттық шеңбер:
Балалар бізге қонаққа ағылшын елінен ақ қоян келе жатыр (осы кезде ақ қоян секіріп келіп):
- Good morning friends. I am white rabbit. And I want to meet you.
Балалар ақ қоян сендермен танысқысы келетінін айтып жатыр. Қане бәріміз шеңберге тұрайық, доппен ойнап өз атымызды ағылшын тілде атап берейік(балалар шеңберге тұрып, мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды:
- «What is your name?» Сенің атың кім?
- «My name is …» Менің атым ...
Ақ қоян: Thank you, I am glad to meet you. And it is for you.
- Жарайсыңдар балалар, ақ қоян сендермен танысқанына өте қуанышты екен. Және ол мына мультфильмді сендер көрсін деп алып келіпті. Қане балалар барлығымыз мультфильмді назар қойып көрейік.
Балалар мұғаліммен тақпақ ретінде амандасады
Балалар орындарына отырады
Балалар допты қағып алып, атын ағылшын тілінде айтады да допты қайтадан мұғалімге лақтырады
Барлығы тып – тыныш мультфильм көреді
Ізденуші – ұйымдастырушы
Жаңа тақырып:
Балалардан мультфильмнің не жайлы екенін сұрау.
Балалардан үрленген шарлардың қандай түсті екенін сұраймын. Балалар қазақ тілінде жауап береді.
-Жарайсыңдар балалар, түстерді ажырата алады екенбіз. Бүгін біз осы түстердің ағылшынша айтылуын үйренеміз.
Look at me!
Listen and repeat after me!
(Тыңдаймыз және менен кейін қайталаймыз)
Мұғалім түстердің суреттерің көрсетіп , түстерді атап береді. Балаларға 3-4 рет айтқызып қайталаттырады.
Red – қызыл
yellow - сары
green - жасыл
blue – көк
Жаңа сөздермен жұмыс жасау:
Дидактикалық ойын: «Гүл жинау»
Мұғалім балаларға әр –түлі түсті қағаздан қиылған жапырақтарды көрсетіп, ойынның шарттарын түсіндіреді. Балалардың барлығы кезекепен бір – бірден тақтаға шығады. Мұғалім жапырақты үстелге қояды да, ағылшын тілінде түстердің біреуін атайды. Бала естіген жапырақты тауып алып, тақтаға жабыстырады.
Мақсаты: есту қабілетін дамыту
Сергіту сәті:
Тақтада бейнеролик көрсетіліп тұрады, балалар сол роликке қарап орындайды.
Шығармашылық жұмыс:
- Балалар мына суретті Дымбілмес салыпты, түстердің бәрін орнын ауыстырып жіберіпті. Қане Дымбілместің суретін дұрыстап бояп берейікші.
Балаларға боялмаған сурет беремін, бір суретті 2 бала бірігіп бояйды.
Мақсаты: түстерді ажырату,ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Балалар жауап береді
Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, мұғалімнің айтқанын бірнеше рет қайталайды
Балалар естіген түсін тауып, тақтаға іледі
Қолмен жаттығу жасайды
Суретті барлығы бірігп бояйды
Рефлексивті коррекциялаушы
Қорытынды бөлімі:
- Балалар бүгін қандай тақырып өттік?
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Біздің қоянымызда өте қуанышты, бүгінгі өткен сабағымыз оғанда ұнапты.
Балалар бүгін барлықтарын сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, жарайсындар!
- Балалар қоянымызды шығарып салайық, оған не дейміз?
- Good bye, good bye!
Балалар сұраққа жауап береді
Goodbye!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.