.
.
Қанипа Бүркітбаева «I want to visit Astana ».
Сабақ жоспары | Предметы | Ағылшын тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3108 | Размер: | Автор: ТәрбиеМектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №22 жалпы білім беру орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ағылшын тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
5-Апта
3-күн 1-Сабақ
Сабақтың тақырыбы
Ағылшын 6-сынып «I want to visit Astana »
Сілтеме
Жоспар, оқулық, слайдтар, интернет желісі
Жалпы мақсаты Еліміздің бас қаласына деген қызығушылығын ояту мақсатында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру. Ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру. Оқушы шығармашылығын дамыту мақсатында жеке тапсырмалар беру. Өзін – өзі бағалауын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі - Бас қаламызды басқа елдердің қалаларымен салыстыру.
- Жас қала болсада әлемдік деңгейдегі елдердің қалаларынан кем еместігін ұғындыру.
- Жаса мәңгі Астана! - «Өз үйім өлең төсегім»
Негізгі идеялар
Бас қаламыз Астананы одан әрі көркейтуге ат салысу. - «Ең шырайлы қала» бағдарламасын қолдау.
Тапсырма 1 тапсырма - ой қозғау
2 тапсырма - мағынаны тану
3 тапсырма - ой толғаныс
4 тапсырма - бағалау
Міндеттері: Топпен жұмыс, оқушымен жұмыс, оқушыларды шынайы бағалау, өзін - өзі және топтық бағалауға үйрету
Кейінгі тапсырмалар
Астанамыз сияқты жас қала туралы деректер жинау
Бағалау
Формативті және өзін-өзі бағалау
6-Апта
5-күн 2- Сабақ
Сабақтың аты:
6-сынып «Where are you going to spend your holidays?»
Сілтеме:
Жоспар, интернет жүйесінен алынған ресурстар, слайдтар.
Сабақтың мақсаты:
1-ші жаттығуда берілген әр елдің тулары туралы түсінік беру.
Осы жаттығуды жасату арқылы білімдерін тереңдету, ой толғау.
Оқушының сол туларды қолдану арқылы ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өздерінің демалыс кезінде болған қалаларының көрнекті жерлерін айтқызу, сол қала жайлы танысу және оның өзіне тән құпияларын аша отырып, сұрақ - жауап диалогын ұйымдастыру.
Оқыту нәтижесі:
Білу керек:
• Алдыңғы өткен сабақтағы Present Perfect шағының қолданылуын.
• Қай елде қандай ұлттар тұратынын.
Болымды және болымсыз сөйлемдердің қалай қолданылатынын.
Негізгі идея:
Present Perfect Tense - шақтарын күнделікті өмірде қолданып білу.
Тапсырма көздері:
Оқулық, оқушылар, топқа арналған тапсырмалар, слайдтар, интербелсенді тақта.
Міндеттері:
Топпен жұмыс, оқушымен жұмыс, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Кейінгі тапсырмалар:
Present Perfect Tense - шағын қолдану арқылы «My friends plan» топигін дайындау.
Бағалау
Өзін - өзі бағалау, топты бағалау
Мұғалімнің ойы Тренердің жазбалары
Мен мектептегі тәжірибе кезінде 6 «ә» сыныбына Ағылшын тілі пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасын жүргіздім.
1. «I want to visit Astana» тақырыбы бойынша жазбалар:
Барлығы қалай өтті?
Топ қалалар атауы бойынша бөлінді. Бірігіп постер құрды, қорғады, бағалады. Мәтінмен жұмыс жасап, диалог құрды . Сабақтың соңында стикерлермен жұмыс жасады. Бас қаламыз Астана туралы өз ойларын өз сөзімен жеткізу, көрген, оқыған, естігендерін жинақтауға көмектестім. Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы бірлік пен татулықтың маңызын түсінді. Өмірден мысал келтіру арқылы шынайылыққа үйреніп, сөйлеу тілі дамыды. Ынтымақтастық атмосферасын құрды
Не ойдағыдай өткен жоқ?
Оқушыларды топқа бөлуде, қиыншылықтар туындады. Уақытты тиімді пайдаланбадық.
«Мені түсін» логикалық ойыны қалай өтті?
Сыныптың ынтымақтастық ахуалы. Оқушы мен менің қарым-қатынасымдағы шынайылылық. Өзімді еркін ұстадым. Оқушылар бір-бірлерін түсіне бастады.
Нені дамытар едім?
Тапсырманы тым күрделендірмеу. Бағалау түрлерін енгізу. Дарынды,талантты тұлғаны танытатын жұмыс түрлерін қалыптастатыру.
Нені өзгерткім келеді?
Оқушының жадын дамытатын тапсырмаларды түрлендіргім келеді.
Менің ұмтылатын нәрсем:
Топтық және жұптық жұмыстағы тапсырмаларды жас ерекшелігіне қарай таңдап, сыни тұрғыдан ойлауды дамытсам;
2. «Where are you going to spend your holidays?» тақырыбы бойынша жазбалар:
Барлығы қалай өтті?
Топ елдердің аттарымен бөлініп, диалог құрды. «Мына тулар қай елдің тулары?» деген тақырыпта логикалық ойынын ойнап, табу, ойлану арқылы әңгіме жүргізу. Тақтада он елдің туы тұрды, ал балалар туды тауып қана қоймай, сол елдің астанасында табу арқылы жұмыс жасады. Әр оқушы әр елдің туын, сол елдің көрнекті жерлерін, символын тауып мәтінге сүйене отырып, әңгімеледі. Өздері айтқан елдері жайлы білді .Оқулықтағы диалогтар арқылы сұхбаттар жүргізді.
Не ойдағыдай өткен жоқ?
Меніңше, балалар өз ойларын толық жеткізе алмай жатты, не дегенмен өз тілі емес екенінде ескеруіміз керек.
«Қалай табамыз?» логикалық ойыны қалай өтті?
Қызықты болды. Әр елдің көрнекті жерлерінің суретін көрсетіп, ол туралы не білетіндіктерін, қалай табуға болатынын жобалауға мүмкіндік бердім.
Сол статустар ненің мағынасын білдіреді? Не үшін әр елдің символы әр түрлі? Сен сол елге бара қалсаң ең бірінші нені көруге барар едің? Деген сұрақтарға балалар қызығушылықпен жауап берді.
Нені дамытар едім?
Оқушылардың өздері бір-біріне сұрақ қойып үйренуін дамытар едім.
Менің ұмтылатын нәрсем:
Сабақта оқулықтағы мәліметтермен шектеліп қалмай, танымдық қабілеттерін арттыратын материалдар мен сауалдар дайындасам деймін.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.