.
.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Past simple
Сабақ жоспары | Предметы | Ағылшын тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4540 | Размер: | Автор: гостьМерзімі: 26.09.2015ж Уақыты: 14-30 Сынып: 6 ә
Сабақтың тақырыбы: Past simple
Сабақтың мақсаты: Етістіктің өткен шақ формасымен танысу,тақырыпқа байланысты берілген мәтінді топтық жұмыста бірлесе аудара отырып, жаңа сөздерді меңгерту.
Күтілетін нәтиже: Грамматикалық ережені сақтай отырып, өткен шақта сөйлемдер құрастыра алады, еркін сөйлейді, сөздік қоры молаяды, тілді меңгеруде сыныптастары ықпал етеді.
Негізгі идея: оқушылардың бірлесе отырып білім алуы.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері:
Дереккөздер: Оқулық, грамматикалық таблица
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
4 мин Кіріспе Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Уақыт шеңбері» тренингін ұйымдастырамын. Суреттер пайдаланып, 3 топқа бөлемін. Шеңберлене тұрады, өткен сабақта естерінде қалған сөздерін бір-біріне айтады және қайталайды, сөйлемдер құрастырады және бұл тізбек бойынша жалғасады.Суреттер бойынша топқа бөлінеді. Оқулық
Көлік түрлерінің суреттері
5 мин Өткен сабаққа қайталау жасау.Өткен сабақта өтілген сөздерді еске түсіру мақсатында суреттерді сәйкестендіру тапсырмасын ұсынамын. Exercise 7 Put the verbs in the correct columns.
visited looked moved died
started died liked retired
finished count lived cleaned
answered watched stayed want
10 мин Past Simple шағын енгізу
Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді кезектесіп оқидығ бірбірінің оқығанына смайликтер арқылы баға беріп отырады.
Exercise 4 . Read the text and pick up the verbs in the Past Simple.
Anna was born in 1927 in the country near Bristol. She live there with her family. Her husband died when she was 60. After her husband's death she started traveling around Europe. She started writing a book about her life. When her grandchildren were little she looked after them. Before she moved to Bath s often visited her son.
«Бағдаршам түстес парақшалар
Смайликтер
10 мин Қолдану. Өткен шақта берілген етістіктерді мәтіннен теріп алып, құрамындағы ерекшелігін анықтата отырып, оқылу ерекшелігін ажыратуды ұсынамын. Exercise 6 Listen and practice
[t] [d] [id]
looked lived started
worked died visited
2 мин Сергіту сәті «Sceleton dance» биін билетемін. Орындарынан тұрып, көрсетілген қимылдарды қайталап, билейді.
8 мин. Demonsrative pronouns This, that, these, those. Топта бірге талқылай отырып, бұл сөздердің мағынасын ажыратуды тапсырамын. 24-жат. Әр диалогты оқи отырып, қай суретке сәйкестігін анықтауды тапсырамын. Топта талқылайды, мағынасын ажыратады, бір-біріне түсіндіреді. 24-жат. Диалогтарды оқып, аудара отырып, суреттермен сәйкестендіреді. Топтар өз жұмыстарын өзгелермен салыстырып, бағалайды.
2 мин Рефлексия «Two stars and wish» әдісі бойынша жасауды тапсырамын. Стикерге сабақтың ұнаған 2 тұсын және келесі сабаққа өз ұсынысын жазады.
3 мин «Бір сөз, бір сөйлем» әдісі бойынша жұптық жұмыста сабақты қорытындылаймыз Сабақ барысына оқушыларды формативті мадақтау түрінде бағалаймын. Келесі оқылымға 10, 15-жат диалогты оқып, аударуды тапсырамын. Жұбы айтқан сөзге екіншісі сөйлем құрастырады.
Үйге тапсырмаға байланысты сұрақтары болса сұрайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.