Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
"Тіл шебері" байқауы. -

"Тіл шебері" байқауы.

Сабақ жоспары | Предметы | Ағылшын тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2351 | Размер: | Автор: Тәрбие
. "Тіл шебері" байқауы
Қазақстан Республикасы халықтарының
тілдері күніне орай ұйымдастырылған іс-шара
Кожахметова А.К., ағылшын тілі мұғалімі
Қожаберген жырау атындағы
№6 орта мектебі.
Мақсаты:
1.Қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары жөнінде оқушылардың білімін толықтыру
2.Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті туралы ақпарат беру
3.Ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмді насихаттау
на тілімен қатар, өзге халықтардың тілін құрметтеу;

Жүргізуші Ана тілім ұраным,
Ана тілім құраным.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.- дегендей,
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау және тілдік қарым - қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту мақсатында ұйымдастырылған "Тіл шебері» байқауын ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Президент Нурсултан Абишевич Назарбаев в своем Послании выступил с инициативой поэтапной реализации культурного проекта «Триединство языков». Глава государства считает, что Казахстан должен восприниматься во всем мире как высокообразованная страна, население которой пользуется тремя языками.
We must know Kazakh because it is our mother tonque. Also we should preserve Russian as it is international language. And today English has become a global language because it is the main language of business and sports, technologies and computers.
Жүргізуші: Олай болса, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жастарымызбен таныс болыңыздар. (таныстыру)
1-топ
2-топ
3-топ
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті сайыскерлер!
Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер және көрермендер бүгінгі сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар: Кемел Қарашаұлы Оспанов СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы, қазылар алқасының төрағасы
Майра Еренғайыпқызы Кәкімова М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Тіл және әдебиет институтының кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д, доцент
Рахат Омашқызы Әзімбаева «Лорд» мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі
Райхан Жеңісқызы Абрахманова БЭСТ гимназиясының орыс тілі мұғалімі
Дильнара Балтабеккқызы Мусина №20 қазақ орта мектебінің шет тілі мұғалімі
Жүргізуші: Құттықтау сөз қазылар алқасының төрағасы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Кемел Қарашаұлы Оспановқа беріледі.
Құрметті әділ қазылар, байқау тапсырмасымен таныс болыңыздар:
Байқау төрт турдан тұрады:
1. «Ұлттаным» - қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;
2. «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру;
3. «Елтаным» - еліміз туралы сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру
4. «Өнертаным» - байқауға қатысқан әр топ өз ана тілінде өнерін көрсетуі (ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмді насихаттайтын қара сөз, монолог, өлең, ән орындау).
Жүргізуші: Байқаудың басты шарты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білу болып табылады.
Жүргізуші: Байқау 5 балдық жүйемен бағаланады
Жүргізуші: Бүгінгі байқауымызды бастамас бұрын кезекті әсем әнге берейік
Жүргізуші: Үміткерлеріміздің бағын сынайтын алғашқы кезең «Ұлттаным» деп аталады, мұнда сайыскерлер кезекпен ортаға шығып интерактивті тақтада көрсетілген тақырып бойынша қазақ тілінде жауап беру қажет.
«Ұлттаным»
1.Қазақстан Республикасының рәміздері
2.«Мен кім? », «Мен жастарға сенемін» өлеңдерінің авторы
3.«Қырық мысал», «Маса» жинағының авторы
4. Неміс ақыны Гетенің мұражайында өлеңі сақталған қазақ ақыны кім?
5.Құрылғанына 260 жыл толып отырған қалаларының бірі
6.Қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, педагог
7.Қазақтың ұлы композиторы, «Кісен ашқан», «Қайран шешем», «Балбырауын» күйлерінің авторы
8.Тіл туралы заң қашан қабылданды?
9.Қазақтың бұлбұлы, әнші актриса. Астананың ұлттық театры және Алматыдағы атақты музыкалық мектеп оның атымен аталады
(Сайыскерлер кезекпен берілген тақырып бойынша қазақ тілінде жауап береді)
Жүргізуші: Мемлекеттік тіл достық пен бірліктің, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың негізі болатынына сенімдіміз.
Жүргізуші 2-тур- «Мәдениеттаным» В этом туре участники должны рассказать о традициях и обычаях казахского народа. Мәдениеттаным
• Шілдехана
• Қыз қуу
• Тұсаукесер
• Қазақтың ұлттық киімдері
• Қазақтың ұлттық ойындары
• Тұрмыс-салт жырлары
• Базарлық дегеніміз не?
• Байғазы дегеніміз не?
• Бастаңғы дегеніміз не?
Жүргізуші: The next part is called «Елтаным». Participants must answer the questions in english
Елтаным
 Astana
 Almaty
 Petropavlovsk
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың ең соңғы тапсырмасы «Өнертаным» деп аталады - байқауға қатысушылар өз ана тілінде өнерлерін көрсетеді (ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмді насихаттайтын қара сөз, монолог, өлең, ән орындау).
Жүргізуші: Құрметті халайық, сайыстың нәтижесін қазылар алқасы ақылдасып, шешімін шығарғанша, сіздердің алдарыңызға әсем ән мен тәтті күй тарту етеміз, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Міне, сайыстың ең маңызды сәті - марапаттау рәсімі де келді.
Жүргізуші: Слово для награждения победителей конкурса предоставляется начальника Управления по развитию языков Оспанову Кемелю Карашиевичу.
Жүргізуші: Узнай родной язык
В нем сила и свобода.
Узнай родной язык
В нем государства гордость.
Родной язык – в нем честь,
И совесть человека
Учи чужую речь,
Свою – цени навеки!
“Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл, ” деп өсиет айтқан ата-бабаларымыздың сөздерін мәңгі есте ұстайық деген тілекпен, бүгінгі сайысымызды аяқтағалы отырмыз.
Жүргізуші: Our participation is over. Thank you for your attention! Жақсылықпен жүздескенше қош сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.