.
.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Welcome, welcome, New Year!
Сабақ жоспары | Предметы | Ағылшын тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2140 | Размер: | Автор: ТәрбиеТақырыбы: Welcome, welcome, New Year!
Сыныбы: 8 «ә»
Сынып жетекшісі: Дәулетиярова Ақмарал
2010-2011 оқу жылы
Welcome, welcome, New Year!
Барысы
№249 мектеп-лицейде бүгін бал. Бал-маскарадқа қатысу құрметіне ие болған оқушылармен таныс болыңыздар.
1. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің алдыңғы қатарына енуінің кепілі, 8«А» және 8«Ә» сыныптарының білім жұлдыздары
2. Елінің атын төрткүл дүниеге танытып, олимпиадалардың болашақ алтын медаль иегерлері атанатын сыныбымыздың спорт жұлдыздарын қарсы алыңыздар
3. Әміре атадай өнерімен әлемді таңдандырып, Қазақ халқының өнерін жандандырып, дамытатын өнер жұлдыздарын ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.
Бүгінгі бал-маскарад ашық деп жарияланады. Балдық би биленсін!
Балдық би: ABBA: “Happy New Year!”
1-жүргізуші: Good afternoon, dear friends, guests. Welcome to our masked ball devoted to the celebration of the New Year.
2-жүргізуші: Балалар, сендер қайда тап болдық деп тұрған шығарсыздар?!
Сәздер 8 а және 8ә сыныптарының жаңа жылдық кешіндесіздер. Қызыққан болсаңыздар, әрі қарай сиқырлы жаңа жылдық ертегі әлемінің қызықтарын тамашалауға шақырыамын.
3- жүргізуші: Қайырлы күн, жаңа жылдық балға қатысушылар мен құрметті қонақтар! Алдағы жақсылығымен, жағымды жаңалығымен қуантар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
4-жүргізуші: Достар, осы жаңа жылдың символы, басты кейіпкері кім екенін білесіздер ме?
Оқушылар: Аяз ата мен Ақша қар
1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар. Ал сендер Аяз Атаның қалай пайда болғанын білесіңдер ме? (бәрі ойланады). Білмесеңіздер, Аяз Атаның қалай дүниеге келгендігін білу үшін көрініске назар аударайық.
2-жүргізуші: Баяғы өткен заманда Кіші Азия деп аталатын қазіргі Түркия жерінде Николас атты шіркеу қызметкері тұрыпты. Шамамен 255-257 жылдары туылған Николас ата-анасынан ерте айырылып, шіркеуде қызмет жасайтын көкесінің тәрбиесінде болады. Николас ата-анасынан мол мұра иеленіп қалады.
(Көрініс)
Кале қаласының маңындағы Ликий деген жерде бар мал-мүлкінен айырылып қалған 3 қызы бар кісі және ата-анасынан айрылған дәулетті Николас атты шіркеу қызметкері болыпты. Ішерге тамағы таусылған отбасындағы қыздарды күйеуге беретін уақыт жетеді. Бірақ сол заманда тұрмысқы шығып, отбасы құру үшін қыздың жақсы жасауы болуы қажет болған. Амалы болмаған әкесі үлкен қызын күңдікке сатуға мәжбүр болады. Қыздарына мән-жайды түсіндіріп, үлкен қызына дайындала беруді айтады. Қыздары бәрін түсініп, пеш жанына шұлығын жайып, ұйқыға жиналады. Таңертең ұйқыдан тұрып, шұлығын алып жатқанда, үлкен қызы шұлығының ішінен сыңғырлаған тиындардың джаусын естіп, әкесіне қуынышпен жеткізеді. Үлкен қызы күңдіктен құтылады. Ортаншы қызы күңдікке сатылуы тиіс түні де осындай жағдай қайталанып, ортаншы қызы да азапқа толы өмірден ққтылады. Кезек кіші қызына келгенде әкесі жақсылық жасап жүрген кім екенін анықтау үшін түнде ұйықтамай оларға жәрдемдесіп жүрген Николас екенін біліп, қатты қуанып, алғысын айтады.николас бірақ бұл жағдайды ешкімге айтпауды сұрайды.
3-жүргізуші: Осылайша, Николас мұқтаж жандарға жасырын көмектесуін жалғастырады. Николас адамдарға құдайды қалай сенудің, көмекке зәру адамдарға қол ұшын берудің жарқын үлгісін көрсетіп, адамдардың есінде мәңгіге қалды.
4-жүргізуші: осы кезден бастап адамдар Николасты Санта Клаус, яғни киелі Николас деп атап кетті. Балалар жыл сайын Жаңа жылды, Санта Клаусты асыға күтеді. Себебі, Жаңа жыл – сыйлық беру мен сыйлық алу уақыты.
1-жүргізуші: Адамдар Санта Клаусты әр елде түрліше атайды, мысалы, Ресейде Дед Мороз, Францияда Пэр Ноэль
2-жүргізуші: Жапонияда Сегацу-сан десе, қазақ халқы оны Аяз Ата деп атайды. Олай болса, Жаңа жылдың символдары, басты кейіпкерлері – аяз Ата мен Ақша қарды ортаға шақырайық.
(Аяз ата мен Ақша қарды шақыру)
Аяз Ата: Ау, амансың ба ұлдарым,
Ау, амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың,
3-жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен қуаныштымыз.
Аяз ата: Біз де сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,
Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
Аяз ата: Біз сендерге құр қол келген жоқпызю жаңа жылмен бірге сонау Өзбекстаннан музыкалық сәлемдеме әкелдік. Алдарыңызда ағайынды Парвиз және Ситора Назаровтар, қол соғып қойыңыздар
(Пародия-8 «ә» сынып оқушылары: Янги ил билан)
4-жүргізуші: Аяз Ата, Ақша қар, біздің сыныптың оқушылары да өнерден құр алақан емес, тіпті, біздің сыныпта әлемді әнімен, биімен таң қалдыратын талантты оқушылар бар. Солардың бірі – атақты Майкл Джексонның табынушысы – Уәли Ықылас, ерекше талант иесінің өнерін тамашалап көріңіз.
(Би: Уәли Ықылас)
Ақшақар: Ата, мына бала расында да талантты екен, өнерің өрге жүзсін!
Аяз Ата: Ескі жыл сенің де уақытың таяды, халқыңмен қоштасып қал.
1-жүргізуші: Балалар, ескі жылға рахмет айтып шығарып салайық.
Ескі жыл: Өлшеусіз алда көп міндет
Өссең де мұңсыз күнде сен
Өмірге ие болам деп
Өсиет айтам енді мен
Жасампаз заман бұл заман
Бүгінне ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Жаңа жыл саған аманат.
2-жүргізуші: Ескі барыс жылы, біздің саған еш өкпеміз жоқ, ризамыз саған. Барыс жылы біздің білім ордамыз үшін табыс жылы болды, алдағы жаңа жылда да табыстар легі толастамайды деп сенеміз.
Ескі жыл: Балалар, 12 жылдан кейін қайта кездескенше
Жаңа жыл: Мен – дағы қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкендерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.
Уа құдайым оңдасын.
Қызыр бабам қолдасын.
Жаңа Жыл бізді жарылқа!
Ойға толсын санамыз,
5 –тік болсын бағымыз,
Баласындай бір уйдің, тату болсын арамыз.
Мен барсы жылының табыстарын әрі қарай жалғастыруға уәде беремін.
2-жүргізуші: Ар бол Жаңа Жыл,бар бол Жаңа Жыл!
Қадамың Құтты болсын,Жаңа Жыл!
Бейбітшілік жылы бол,Жаңа Жыл!
Құт – береке жылы бол,Жаңа Жыл!
1-жүргізуші: Ата, сіздің түрлі жерді араладыңыз, қазақ халқының Жаңа жылдық салты туралы не айтып бере аласыз?
Аяз Ата: Қазақ халқы жаңа жылды 22 наурызда тойлайды. Жаңа жыл – Наурыз күні ренжіскен адамдар татуласып, дәстүрлі тағам – наурыз көже дайындалады.
2-жүргізуші: Ал, мен балаларға ағылшын халқының жаңа жылдық дәстүрі туралы айтып бергім келеді. Ағылшын халқында «Алғашқы қонақ» деп аталатын салт бар. Алғашқы қонақ жаңа жылды үйге кіргізетін адам, ол қара шашты ер адам болуы да шарт, егер алғашқы қонақ әйел адам болса, ағылшын халқы үшін бұл жағымсыз жаңалықтың белгісі болып табылады. Алғашқы қонақ үйдің жүрегіне – пешке келіп, отын ешқашан сөнбесін деген ниетпен оған көмір тастайды және үй иелеріне молшылықтың белгісі ретінде тұз бен нан сыйлайды. Дәстүр бойынша алғашқы қонаққа зор сый-құрмет көрсетілуі тиіс.
1-жүргізуші: Сонымен қатар, жаңа жыл күні дәстүрлі тағам – соус қосылған қуырылған картоп пен түйеқұс, брюссель капустасы, ет пирогі, пудинг, тәтті тағамдар әзірленеді және ағылшын балалары жаңа жылға «келесі жылы мен тек 5-ке оқимын, ата-анамның айтқанын мүлтіксіз орындаймын, достарымды ренжітпеймін» деген сияқты уәде береді.
2-жүргізуші: Достар, Жаңа жылда қазақ балаларының сүйікті әні қай ән деп ойлайсыңдар? Әрине, ол – «Шырша әні», ал «Jingle bells» әні ағылшын халқының жаңа жылдық гимніне айналды. Ендеше, бәріміз осы әнді бірге шырқайық
Ән «Jingle bells»
3-жүргізуші: Қазақта «Күлу – ем, ал күлдіре білу – өнер» деген керемет сөз бар. Олай болса, мектеп-лицейдің «Шанышпай» КТК командасының ізбасарлары 8 «а» сыныбының « »
командасының өнерін тамашалайық.
КВН.
Аяз Ата: Бәрекелді, балаларым!
4-жүргізуші: Жаңа жыл – көтеріңкі көңіл-күй мен ойын-күлкінің мезгілі. Олай болса, осы сәтте «Жүргізуші–Нұсқаушы» ойынын ойнауды ұсынамын. Ол үшін әр сыныптан 2 оқушыдан ортаға шықсын. Ойын шарты: 1 оқушы – жүргізуші, ал екіншісі – нұсқаушы болады. Көзі байлаулы тұрған жүргізушіге нұсқаушы дыбыстық белгілер арқылы жол нұсқап тұрады. Кедергілерді бұзбай, межелі орынға бірінші болып жеткен топ жеңіске жетеді. Егер дайын болсаңыздар, бастайық.
1-жүргізуші: Ойын жеңімпаздарын құттықтай отырып, келесі музыкалық сәлемдемені жеңімпаздардың құрметіне жолдаймыз.
Оркестр күй тартады: «Балбырауын» және «Мереке»
2-жүргізуші: Енді келесі ойналатын ойын «Бәрі керісінше» деп аталады. Ойынға әр сыныптан бір оқушыдан ортаға шығуын сұраймын. Ойын шарты: қатысушыларға 4 жолдан тұратын өлең шумағы беріледі, сол жолдардағы сөздерді керісінше оқып, әуенімен айтып бері тиіс.
Аяз Ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
Жаңа жыл : Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Аяз ата: Балалар, мен біраз демалдым. Сендерге көп рахмет.
Алыс – алыс ауылдар,
Өздеріңдей қауымдар
Күтіп отыр біздерді.
Сендермен қоштасатын сәт туды.
Қош сау болыңдар, балалар.
3-жүргізуші: Келесі жылы көріскенше, Аяз ата, Ақшақар
4-жүргізуші: Міне, Жаңа 2011 жыл да келді. Ал 2010 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз. Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін.
Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
1-жүргізуші: Біз сендермен қоштаспаймыз, тек сау болыңыздар демекпіз.
2-жүргізуші: До новых встреч. С Новым Годом!
3-жүргізуші: Good bye. See you soon. Happy New Year!
4-жүргізуші: Feliz Ano Nuevo!
«Жаңа жыл» әні
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.