Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ғажайып физика» интеллектуалды конкурсы -

«Ғажайып физика» интеллектуалды конкурсы

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2163 | Размер: | Автор: Нартай4540
. ШҚО, Семей қаласының
«№23 ЖОББМ» КММ
физика және информатика
пәні мұғалімі Ж.С.Малгеждарова

«Ғажайып физика» интеллектуалды конкурсын өткізу ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережесі.
Негізгі ереже 7-8 сыныптарға арналған «Ғажайып физика» интеллектуалды сайысының мақсатын, міндетін және өткізу ережесін анықтайды. Өту тілі – қазақша.
2. Сайыстың өту мақсаты:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін танымдық, зияткерлік, шығармашылық, тәжірибелік қабылеттерін арттыру.
3. Сайыстың міндеттері:
- Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту, оқушылардың интеллектісін байыту, ой-өрісін кеңейту;
- Дарынды және қабілетті балаларды көбірек анықтап, ары қарай қолдап, олардың мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету;
- Әр түрлі мәселелер бойынша ақпарат алмасу және ғылыми-ізденіс жұмыстарының тәжірибелерімен алмасу;
- Оқуға, физикалық тәжірибе жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру.
4. Сайыстың жұмысшы органы
Сайысты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- сайыстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;
- сайыстың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;
- тапсырмалардың мазмұнын анықтайды;
- жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, сайыс өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;
- жұмыстарды тексеруге қатысады;
- жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды;
5. Қатысушылардың құрамы
Сайысқа қаладағы жалпы білім беретін мектептердің және мектеп-гимназияның 7-8 сынып оқушылары қатысады. Команда құрамы 5 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.
6. Сайыстың өткізілу тәртібі мен орыны
Сайыс 2 кезеңде өткізіледі:
• бірінші кезең –– 30 мин;
І тур. «Сәлем – сөздің анасы». (топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі)
ІІ тур. «Физика біздің айналамызда». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)
ІІІ тур. «Бұл не?» (физикалық құралдарды таныстыру 5-тік жүйе)
ІV тур. «Бәрін білгім келеді!» (сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, 10-40 ұпай)
• екінші кезең – тәжірибелік (үй тапсырмасын көрсету) – 45 мин.
І тур. «Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету, 10-дық жүйе) Топтық кезеңде әр топ 3 физикалық құбылысты көрсетеді, оны қарсыластары түсіндіру қажет. Құралды оқушылар өздерімен бірге құрап әкелу керек.
- құбылысты көрсету – 5 минут;
- қарсыластардың құбылысты түсіндіруі – 3 минут;
- өз жауаптары – 2 минут;
IІ тур. «Әділқазылар сұрақтары». (әділқазы сұрақтарына жауап беру – 3 минут).

7. Қорытындыларды бағалау, марапаттау тәртібі
Сайыстың қорытындысы бойынша әр қатысушының жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады, команда – жалпы есепте. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.

Сайыстың өткізілу тәртібі:
Сайыс 2 кезеңде өткізіледі:
• бірінші кезең –– 30 мин;
І тур. «Сәлем – сөздің анасы». (топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі)
ІІ тур. «Физика біздің айналамызда». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)
1. Ол кез-келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп;
Ол шама векторлық емес, скаляр шама;
Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады;
(жауабы: масса)
2. Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта;
Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана;
Оны сағатпен өлшейді;
(жауабы: уақыт)
3. Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдарда көп;
Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды;
Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек;
(жауабы: күш)
4. Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады;
Онсыз біз аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз;
Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз;
(жауабы: үйкеліс)
5. Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді:
Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді;
Жердегі ең ақылды кім?
( жауабы: адам)
6. Адам организмінде бар зат;
Заттың үш күйінің біреуі;
Жерде онсыз өмір жоқ.
(жауабы: су)
ІІІ тур. «Бұл не?» (физикалық құралдарды таныстыру 5-тік жүйе)
Метр, рулетка, транспортир, сағат, секундомер, термометр, динамометр, компас, таразы, микроскоп, фотоаппарат, мензурка, тонометр, воронка
ІV тур. «Бәрін білгім келеді!» (сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, 10-40 ұпай)
ТАБИҒАТ
10 – «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия)
20 – Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы көп)
30 – Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс (шық)
40 - Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар – қайтымсыз)

ТЕХНИКА
10 – Кірпіштің салмағы 2 кг және тағы жарты кірпіш. Кірпіш салмағы қанша? (3 кг)
20 – Ең алғаш рет қыздыру шамын 1872 ж. Санкт-Петербургте кім ойлап тапты. (А.Лодыгин)
30 – Оқушы рюкзагының белбеуі неге жалпақ? (Жалпақ белбеу денеге қысымды аз түсіреді)
40 – Оттағы шәйнек неге ызылдап әндетеді? (ауа көпіршіктерінің су жылығанда ұлғайып, түбінен қопарылып жоғары көтеріле бастаған қозғалысынан ызыл туады)

ҚҰБЫЛЫС
10 – Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебін түсіндіріңдер (сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады, сондықтан ұстап тұру қиын)
20 – Бейнероликте қандай физикалық құбылыс көрсетілген? (конвекция)
30 – Судың терең жерінде табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма? (таяз жерінде ауырдады, терең суда тас ауыртпайды себебі суда адамды көтеру оңай. Архимед күші әсер етеді)
40 – Бейнероликтегі тәжірибе қандай физикалық заңға негізделген? (Паскаль заңы)

• екінші кезең – тәжірибелік (үй тапсырмасын көрсету) – 45 мин.
І тур. «Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету, 10-дық жүйе) Топтық кезеңде әр топ 3 физикалық құбылысты көрсетеді, оны қарсыластары түсіндіру қажет. Құралды оқушылар өздерімен бірге құрап әкелу керек.
- құбылысты көрсету – 5 минут;
- қарсыластардың құбылысты түсіндіруі – 3 минут;
- өз жауаптары – 2 минут;
IІ тур. «Әділқазылар сұрақтары». (әділқазы сұрақтарына жауап беру – 3 минут).

Қорытынды. Марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.