Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы -

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2576 | Размер: | Автор: гость
. ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп - гимназиясы» КММ

ФИЗИКА ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән мұғалімі: Шакенова С.С
Мерзімі: 28.10.2015 жыл
Сынып: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Сабақтың мақсаты:
Бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы білім бере отырып, алған білімдерін практикада, есеп шығаруда қолдануға және өз бетімен, топпен жұмыс жасай білуге үйрете отырып, шығармашылыққа баулу, ұқыптылыққа, жинақылыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, тәрбиелеу
Негізгі идеялар: Интербелсенді әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Топпен жұмыс жасай біледі. Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады. Өз пікірін еркін жеткізуге дағдыланады..
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, интербелсенді әдіс- тәсілдер.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: презентация, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, ноутбуктер, практикалық жұмысқа арналған құрал – жабдықтар.

р/с Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Күтілетін нәтиже
1 Ұйымдастыру Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру Сәлемдесу
Кезекші сыныпта жоқ оқушыны айтады
Сабаққа дайындалады

2 Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық кезеңі 1. Сыныпта жағымды ахуал тудыру (оқушыларға конфет таратып беру)
2. Не себепті жер бетінде адамдар хаосты қозғалмайды? деген сұрақ қою
3. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
4. Оқушыларды конфеттерінің түсіне байланысты топқа бөлу
5. Ақылдың алты қалпағы Оқушылар өздері таңдаған конфетін жейді
Оқушылар өз ойларын айтады

6 топқа бөлініп отырады Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі

3 Жаңа тақырыпты меңгерту Оқулықтағы «Бүкіләлемдік тартылыс заңы» тақырыбын берілген алты қалпақ бойынша қорғауға дайындалады
Ақылдың алты қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді.
Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.
Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Қара қалпақ бұл – сын, «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.
Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.
Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.
Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді. Оқушылар постер жасайды, топпен жұмыс жасайды
Қалпақ түсіне сәйкес мазмұнда тақырыпты қорғайды. Оқушылар алған білімдерін талдап, топпен, жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, өз бетімен жұмыс жасап үйренеді.
4 Сабақты бекіту Бүкіләлемдік тартылыс заңына байланысты есептер шығарту
3 топқа Паскаль бағдарламасында есептің бағдарламасын құру берілсе, қалған 3 топқа практикалық тапсырма беріледі. Екі дененің массаларын таразыда өлшеп арақашықтықтарын өлшеп күшті анықтау. Оқушылар компьютерде есеп шығарады және практикалық жұмысты орындайды Оқушылар алған білімдерін практикада қолданып, тәжірибе нәтижесін талдап, топпен, жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, өз бетімен жұмыс жасап үйренеді.
Тақырыптың өмірмен байланысы көрінеді.
Ақпараттық құралдармен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, шапшаң ойлауға үйренеді.
5 Сабақты қорытындылау (рефлексия)
Бағалау

Үй тапсырмасын беру - Бағалау парағы толтырылады
- Сұрақтары бар қоржын әдісі:
Оқушыларға сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар таратылады
1. Мен таңғалдым...
2. Мен ойланып қалдым...
3. Менде сұрақ бар...

15 тақырыпты оқу
12 жаттығудың есептерін тексеру Бағалау парағында қорытынды баллдарын есептейді.
Сұрақтарға жауап жазып қағаздарын қоржынға салады. Оқушылар қалдырған сұрақтар келесі сабақтың басында ашылып талқыланатын болады.
Үй тапсырмасын күнделікке жазады Оқушыларда тақырып бойынша толық білім қалыптасады, өзін- өзі бағалайды. Сабақтан алған әсерін білдіреді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.