Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«БАЛА ТІЛІ – БАЛ» ФИЗИКАЛЫҚ ОЙЫН САБАҚ -

«БАЛА ТІЛІ – БАЛ» ФИЗИКАЛЫҚ ОЙЫН САБАҚ

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1834 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Шахтинск қаласы әкімдігінің №9 жалпы білім беру мектебі» КММ

Дайындаған: Айкенова Жанна Канатовна
Физика пәнінің мұғалімі

Шахтинск 2015ж
Сахнада сегіз ойыншыға төрт үстел қойылған. Әр үстелге түсті карточкалар берілген. «Теледидар экраны» ретінде интерактивті тақтаны пайдаланамыз.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме! Біз сіздерді «Бала тілі - бал» ойынына келгендеріңізге қуаныштымыз. Ойын жай емес, физикалық. Біздің планетамызда бізді қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар кішкентай тұрғындарымызды қызықтырады. Сондықтан бізосы ойынды өткізуді дұрыс деп шештік. Біздің ойын 3 кезеңнен тұрады. Сұрақтарды интерактивті тақта арқылы бейне түскен бастауыш сынып оқушылары жауап береді. Сахнаға 4 ұл және 4 қыз бала шығып, төот үстелге жұп болып 2-ден бөлінеді.
Әділ-қазылармен таныс болыңыздар.
Олай болса, біз «Бала тілі - бал» физикалық ойынының 1 кезеңінен бастаймыз.
1-кезең. «Ой жүгірту»
Жүргізуші: Әр жұп бір тапсырмадан алады. Бірінші сұрақ бойынша дұрыс жауапқа 25 ұпай беріледі. Егер жауап бере алмаса, онда екінші сұраққа жауап бере алады(15 ұпай). Ал егер екінші сұраққа жауап бере алмаған жағдайда, онда үшінші сұраққа жауап беру керек болады (5 ұпай). Онда экранға назар аударайық.
Бірінші жұпқа сұрақ:
1. Бұл зат өте кішкентай. Ол үлкен жылдамдықпен қозғалады және тербеледі (25 ұпай).
2. Ол барлық заттарда болады және әр заттарда әртүрлі (15 ұпай).
3. Ол атомнан тұрады(5 ұпай).
Жауабы: Молекула
Екінші жұпқа сұрақ:
1. Ол әртүрлі болады. Оны біз табиғатта көре аламыз және тәжірбиеде ала аламыз(25 ұпай).
2. Ол тартылады, тебіледі, жарқырайды немесе жылытады(15 ұпай).
3. Ол электрлік, механикалық, жарық, жылу және магниттік болады(5 ұпай).
Жауабы: Физикалық құбылыс.
Үшінші жұпқа сұрақ:
1. Ол жоғары, төмен немесе қалыпты бола алады. Оның көмегімен біз тамақтанамыз. Ал жоғарыда ол басқаша(25 ұпай).
2. Одан адамның өмірі ған емес, сонымен қатар жануарлардың да өмірі тәуелді(15 ұпай).
3. Оны барометрмен өлшейді(5 ұпай).
Жауабы: Атмосфералық қысым.
Төртінші жұпқа сұрақ:
1. Ол өте кішкентай, нөлге тең болуы мүмкін және материядан бөлек бар бола алмайды(25 ұпай).
2. Одан үлкен және кіші, қара және ақ, суық және ыстық кейбір денелерінің әрекеттесуі тәуелді(15 ұпай).
3. Оны электроскоппен көрсетуге болады(5 ұпай).
Жауабы: Электр заряды.
Жүргізуші:Қазір сіздерге ғалымдар туралы жұмбақтар ұсынылады.
Бірінші жұпқа сұрақ: Бұл қай ғалым?
1. Ол –бірінші ғалымдардың арасында соғысқа қызмет еткен және құрбандықа шалынған ең бірінші ғалым(25 ұпай).
2. Ол үлкен ойлап шығарушы. Оның жаңалығымен біз әр жұмада кездесеміз(15 ұпай).
3. Аңыз бойынша, оған «Эврика!» көтеріңкі дауысы жатады(5 ұпай).
Жауабы: Архимед.
Екінші жұпқа сұрақ:Бұл қай саяхатшы?
1. Осы саяхатқа 3000-ға жуық үміткер болды, бірақ ішінен таңдау оған түсті(25 ұпай).
2. (15 ұпай).
3. Сапардың алдында «Кеттік!» деп айтылған сөзі оған жатады(5 ұпай).
Жауабы: Ю.А.Гагарин
Үшінші жұпқа сұрақ: Бұл әйгілі ғалым кім?
1. Білімі бойынша инженер, ол 23 жасында философиялық доктор атағына диссертация қорғаған(25 ұпай).
2. Бастысы бұл ғылыми жетістік белгісіз ғылым облысында оның атын шығарды(15 ұпай).
3.Тірі адамның қаңқа бөліктерінің құрылуын бірінші болып көрген адам
(5 ұпай).
Жауабы: Вильгельм Конрад Рентген.
Төртінші жұпқа сұрақ: Қара жәшікке қандай дене жатыр?
1. Бұл дененің көмегімен Паскаль заңын және газдың тығыздығын көрсетуге болады(25 ұпай).
2. Онымен кейбір спортшылар дос(15 ұпай).
3. Ол жердің пішініне ұқсайды(5 ұпай).
Жауабы: шар, доп.
Жүргізуші: Біздің ойынымызда алға шыққан жұптар бар. Сонымен 2-кезең.
2-кезең. «Озу».
Жүргізуші: Сайыскерлер бір-бірін озып, тез арада сұраққа жауап беру керек және 25,15,5 ұпай алу керек. Кім бірінші түсті карточканы көтерсе, сол бірінші болып жауап береді.
1-тапсырма.
1. Оны барлық денелер, процестер, ойлар жасайды(25 ұпай).
2. Оны адамдар, жануарлар, машиналар, кемелер және ұшақтар жасайды
(15 ұпай).
3. Онсыз өмір болмайды(5 ұпай).
Жауабы : Масса.
2-тапсырма.
1. Ол жер бетіндегі барлық денелерде болады және ол барлық денеде әртүрлі:біреулерде – үлкен, ал біреулерде – кіші(25 ұпай).
2.Егер ол болмаса, онда кейбір заттарды сатып алуға түсініксіз болады
(15 ұпай).
3. Оны өлшеуге болады(5 ұпай).
Жауабы: Масса.
3-тапсырма.
1. Біз оны көрмейміз, бірақ ол бізді жылытады. ол адамда жоқ, бірақ кейбір жануарлар мен өсімдіктерде бар(25 ұпай).
2. Егер онымен дұрыс қолданбаса, ол өлімге әкеледі(15 ұпай).
3. Егер ол құралдан өткенде, электрлік болады(5 ұпай).
Жауабы: Электрлік ток.
4-тапсырма.
1. Бұл әркімнің өмірінде болатын жағдай. Кейде – жазатайым, кейде – әдейі(25 ұпай).
2. Егер далада тайғақ жол болса, онда ол жазатайым болады. Ал егер баскетбол және бейсбол ойыны болса әдейі болады(15 ұпай).
3. Алманың көмегімен И.Ньютон заңын ашты. (5 ұпай).
Жауабы: Еркін түсу.
Жүргізуші: Біздің ойынымызда айқын жеңімпаздар байқалып келеді, дегенмен басқалары келесі сайыста қуып жетулеріне болады. Сонымен ойынымыздың 3 кезеңіне көшеміз.
3-кезең. «Жеңу».
Әр жұпқа 10сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Барлығы 50 ұпай жинауға болады.
Бірінші жұпқа сұрақ:Ол денелерді жылытады (үйкеліс). Ол ішкі энергияның бір бөлігі(жылу мөлшері).Кез келген зат үш .... бола алады(күй).Әйгілі физик, салыстырмалы теорияны тұжырымдаушы(А.Эйнштейн).Ол неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жылдамдығы өзгереді(масса).Заттың төртінші күйі(плазма).Пиза мұнарасы қайда орналасқан?(Италия). Қайнау температурасы неге тәуелді? (қысым). Электр тогын өткізетіндер (өткізгіштер). Егер ол жоғарласа, онда адам аурады (температура).
Екінші жұпқа сұрақ:Италияда туған атақты физик және астроном (Г.Галилей). Электр тогын өткізбейтіндер (диэлектрик). Астрономның оптикалық құралы (телескоп).Ваттпен өлшенетін физикалық шама (Қуат). Жылдамдық векторы мен массаның көбейтіндісі (импульс). Динамитті ойлап тапқан кім? (Нобель). Зарядталған теріс элементар бөлшек (электрон). Электролиттегі физикалық-химиялық процесі (электролиз). Энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне берілуі (жылуөткізгіштік). Сүйықтың буға айналу құбылысы (булану).
Үшінші жұпқа сұрақ: Сағаттың соғуы, мотордың гуілі, жапырақтың сыбдыры – барлығы не ...(дыбыс). Ғарыш кемесінің бас конструкторы (С.П.Королев). Телескоп, дүрбі, фотоаппарат, үлкейткіш әйнек бұл құралдарды атайды (оптикалық). Абсолют нөл температура (-2730С). Сүйықтың бетінде жүретін булану (кебу). Қозғалыс энергиясы (кинетикалық). Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация). Классикалық механиканы негізін салушы әйгілі ағылшын физик және математигі (И.Ньютон) . Механикалық қозғалысты зерттейтін физика бөлімі (Механика). Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгері процесі (изотермиялық).
Төртінші жұпқа сұрақ: Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесі (кристалдану). Ток күшін өлшейтін құрал (ампертмер). Жылу процесін зерттейтін физика бөлімі (термодинамика). Ол пішіні мен көлемін сақтайды (қатты дене). Ток күшінің өлшем бірлігі (ампер). Молекулалардың қозғалысы және өзара әрекеттесу энергиясы(ішкі). Архимед қай аралда туды (Сицилия). Оптикалық күшінің өлшем бірлігі (диоптрия). Рентгенмен не өрнектеледі (радиация деңгейі). Жылдамдықтың өзгеру себебі (күш).
Қорытынды. Сөз әділ-қазыларға беріледі. Жеңімпаздарды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.