Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі -

Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3593 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 7 сынып
Физика Күні 20.11.2014 жыл Сабақ 2

Сабақтың тақырыбы §20 Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Мақсаты Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, бірқалыпты түзусызықты қозғалыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қозғалыс графигі жөнінде деректерді беріп, практикалық түрде қолдана алу дағдысын қалыптастыру
Жұмыс нәтижесі Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс туралы түсінігі қалыптасады. Ақпарат көздерін білім алуда пайдалануды, өз пікірлерін білдіруді, АКТ ны қолдана білуді, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді үйренеді, қосымша деректермен жұмыс жасауды үйренеді, ғылыми көзқарасы қалыптасады.Пікірлерін айта алады, өзіндік ойын ортақ пікірге келтіріп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді.
Сілтеме Р. Башарұлы Физика және астрономия 7-сынып. Алматы «Атамұра» 2012 жыл. 93-95 беттер.
Әдіс-тәсілдер Формативтік бағалау, өзін-өзі бағалауға ықпал ету. Жаңа әдіс – тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлау. АКТ слайдтар
Ресурстар Постер, оқулық, слайд, мұғалімге арналған нұсқаулық, АКТ, стикерлер, флипчарт, маркерлер, құты, спирт шам, су, шырпы.
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут

Сабақ жоспары 1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
2. Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
3. Рефлексия
4. Үйге тапсырма

Ойлауды Блум
бойынша жіктеу Мақсат Тапсырма түрі.
Түрткілер. Нәтиже Бағалау
критерийлер дескриптор Ұпай Жиынтық баға
Білу Үй тапсырмасын сұрауда әр топқа өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты пікірлерін тест арқылы анықтау.
Қызығушылығын ояту. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін «Шашу» әдісін пайдаланып, 3 топқа бөлемін. Сыныпта жағымды ахуал тудыру үшін "Жақсы тілектер" трегингін ұйымдастырамын. Тесттің түрлері арқылы үй тапсырмасын сұрау.
І. Толықтыру тесті
1. Жылдамдықты .............. әріпімен,
жолды .......... әріпімен, уақытты ............
әріпімен белгілейді.

2.Векторлық шаманы ата
А) уақыт Ә) жылдамдық
Б) жұмыс

3. Жылдамдықты өлшеу құралы
А)диномометр Ә)спидометр Б)сызғыш

4. Жылдамдықтың 108 км/ сағ – пен берілген мәнін м/с – пен өрнекте
А)108000 м/с Ә)30 м/с Б)300 м/с

5. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығының формуласы
А)v=s/t Ә) v=s*t Б) v=s-s 0/t

ІІ.Сәйкестендіру тесті

Сұрақ Жауап
Жылдамдық, бірлігі
Дененң бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді
Бірқалыпты қозғалыс Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі
Орын ауыстыру Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүреді
Бірқалыпты емес қозғалыс v=s/t, 1 м/с
Қозғалыс траекториясы Дене тең уақыт аралығында әртүрлі жол жүреді

ІІІ.Балама жауаптары бар тесті
1.Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с па?
Ия жоқ
2.Орташа жылдамдықты s әріпімен белгілейміз ба?
Ия жоқ
3.Жылдамдықты өлшейтін құрал спидометр деп атала ма ?
Ия жоқ
4.Жылдамдық векторлық шама ма?
Ия жоқ
5.1 сағ. 60 сек бар ма?
Ия жоқ Тесттің түрлері арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді. Білім деңгейін зерделеу
Тапсырма толық жасалды 3
Тапсырма жартылай жасалды 2
Тапсырма жасалмады 1
Түсіну Стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
Арқылы тақырыптың идеясын түсіну Мағынаны тану
Сұрақтар қою арқылы ой қозғау.



Жетелеуші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашап аламын.
1. Қандай қозғалысты байқап тұрмыз?
2. Мына екі суреттің арасында қандай байланыс бар?
3. Енді осылардың графиктерімен жұмыс жасап көрейік.
4.
Сол арқылы жаңа сабақты түсінеді. Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақты түсінеді.
1. берілген мәндер бойынша график салу
2. графикке қарап, қозғалыс теңдеуін жазу
3. кестедегі мәндерге қарап теңдеу құру
1.20м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалатын материялық нүкте қозғалысының графигін сал. Уақыттың бастапқы мезетінде нүкте координаталар басынан оңға қарай 10 м қашықтықта болсын, яғни бастапқы координата х0=10м.
Қозғалыс теңдеуі х= х0+υt бойынша 0с, 2с, 4с, 6с уақыт берілген.

2. υ=-5м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуін жаз
.

3. υ=2м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуін кестедегі мәндерді пайдаланып жаз


Ойын жеткізеді, түсінігі кеңейеді Тақырыптың басты идеясын табу Тапсырмаларды толық орындады 3
Тапсырмаларды жартылай орындады 2
Мүлдем орындай алмады 1
Қолдану Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру. Топтық жұмыс
1 топ: Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырма


2 топ:Семантикалық карта мен жұмыс

Физ шама белгіленуі өлшем бірлігі Формуласы
v vорт х м/с м s/t х0+
ν*t Sорт/
tорт
Жылдамдық
Орташа жылдамдық
Қозға-
лыс теңдеуі

3 топ: Постермен жұмыс орындау.



Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» биі Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады Іс-тәжірибеде үйлестіре алды Тапсырмаларды толық орындады 3
Тапсырмаларды жартылай орындады 2
Тапсырмаларды орындай алмады 1
Талдау Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау,
ой шешімін табу. Есептер:
1. 35м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалатын материялық нүкте қозғалысының графигін сал. Уақыттың бастапқы мезетінде нүкте координаталар басынан оңға қарай 5 м қашықтықта болсын, яғни бастапқы координата х0=5м.
Қозғалыс теңдеуі х= х0+υt бойынша 0с, 2с, 4с, 6с уақыт берілген.
2. х=2+3t теңдеуімен сипатталатын қозғалыс графигін ссипатталатын қозғалыс графигн құрыңдар. t=0, t=2, t=4.
3. Мынадай жағдайдағы бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигін сызыңдар
v=18 км/сағ, x0=0 Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады Іс-тәжірибеде үйлестіре алды Есептерді толық орындады 3
Есептерді жартылай орындады 2
Орындай алмады 1
Жинақтау Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтайды Ашық сұрақтар
Топтарға сұрақтар беру арқылы диалогқа түседі.
1.Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады?
2.Орын ауыстыруды координаталар айырмасы арқылы қалай өрнектеуге болады?
3.Қозғалыс теңдеуі дегеніміз не?
«Сиқырлы сөздер»
Бірнеше сөздер беріледі. Сол сөздердің арасынан бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ сөзді тауып айтыңыздар.
1) афгрик 2)қысзутзүтыты 3)шәбі
4)пытқалыріб 5) ориндакато 6)бейкаліклұы
Жауабы: график; түзусызықты; Әбіш; бірқалыпты; координата; Кекілбайұлы.
Сонымен балалар бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ сөз Әбіш кекілбайұлы -75 жаста. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы. Маңғыстау олбысы Маңғыстау ауданы, Онда ауылында 1939 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келді. 2002 жылы ҚР Парламент Сенатының депутаты болды. 2009 жылы «Сыр- десте» ой-толғаулары 5 томдық жинағы жарыққа шықты. 1986 жылы Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазіргі таңда құрметті еңбек демалысында. Осы жазушыға арнап жергілікті тілшіміз Рза Оңғарбайдың жазған өлеңі:
Жүрген жоқсыз әрдайым қасымызда,
Алматы асып кеттіңіз жасыңызда.
Адамзаттың білімі сыйған білем.
Мына сіздің алтындай басыңызға.

Болғаннан соң теңерім, телегейім,
Дарияға қалайша теңемеймін.
Ғылымменен білімнің мұхитына,
Жүзіп кете бересіз кемедейін.

Талай тантық талқыға түсіп көрді,
Қаппақ болды, күпінді, ісіп көрді.
Бұл қазақ көзі көрмей сенбес еді,
Ағамыз алыптармен теңдес еді.

Ортаймайды сіз барда көңіліміз,
Ұзақ болсын Әбеке өміріңіз.
Тірі әулие деп елің тіркеп қойған,
363- ші нөміріңіз.- деп сабағымызды қорытындылаймыз. Білімдерін жинақтайды, сараптайды Жағдаяттан шыға білу құзыреті Толық шықты 3
Қиналды 2
Шыға алмады 1
Бағалау Дүниетанымын кеңейту. Оқулықтағы §20 қайталау
7-жаттығу. Өзін -өзі тексеру сұрақтары.
Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді. «Өзін – өзі бағалау» арқылы Креативті 3
Ойы жүйелі, тың ойлы емес 2
Жалпыға ортақ ой 1

«Өзін – өзі бағалау» бетшесі

№ Тест түрлері Топтық жұмыс Жеке жұмыс Ашық сұрақтар Сиқырлы сөздер Жалы ұпайы
№1
№2
№3

«Өзін – өзі бағалау» бетшесі

№ Тест түрлері Топтық жұмыс Жеке жұмыс Ашық сұрақтар Сиқырлы сөздер Жалы ұпайы
№1
№2
№3

«Өзін – өзі бағалау» бетшесі

№ Тест түрлері Топтық жұмыс Жеке жұмыс Ашық сұрақтар Сиқырлы сөздер Жалы ұпайы
№1
№2
№3
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.