.
.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Деформация. Гук заңы. Динамометр
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2344 | Размер: | Автор: Нартай4540Жасқайрат ауылы Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі
Ибатуллина Айгерім Сәкенқызы
Сабақтың тақырыбы: Деформация. Гук заңы. Динамометр.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Өтілген сабақ материалдарын еске түсіре отырып, дененің жылдамдығы басқа денелер әсер еткенде өзгеруі тек дене массасына ғана емес, сонымен қоса күштің әрекетінен де өзгеретінін, дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі, олардың түрлері туралы ұғымдарды түсіндіру.
2.Дамытушылық: Оқушыларды терең ойлауға, ғылыми ой қозғауға баулу, ой-өрістерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы оқушылардың физика тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың технологиясы:СТО
Оқыту әдісі: сұрақ – жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: пластилин, резеңке, сызғыш, шар, интерактивті тақта, динамометр, гір тастар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу,түгелдеу, топқа бөлу
2.Оқушылардың құрал- жабдығын тексеру.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасына шолу.
1.Қызығушылығын ояту.
(Әр топқа қайталау сұрақтарын беру)
1-топ:
1.Үйкеліс күш дегеніміз не? Үйкелістің қандай түрлерін білесіңдер
2.Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебі не?
Жауап:Сыртқы шырыш қабығы уйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады. Балық пен адам қолының үйкелісі аз, сондықтан ол қолдан шығып кетеді.
3.Күнделікті өмірде үйкелістің қандай түрлері кездеседі. Пайдасы мен зияны.
2-топ:
1.Үйкеліс күшінің формуласы қандай ?
2. Кітапты қолыңмен басып стол бетімен сырғанат . Қандай күштің әсерімен кітап қозғалды?
Оқушы : Кітап және қол арасындағы үйкеліс күші әсерінен
3. Үйкеліс күші қалай бағытталады? Мысал келтір
2. Құралдар әлемі
Өлшеу құралдарының атын атап, атқаратын қызметтерін айту.
1. Термометр;
2. Сызғыш;
3. Сағат;
4. Мензурка;
5. Таразы;
3. «Сәйкесін тап» ойыны.
Жол m – кг
Жылдамдық s – м
Уақыт υ – м/с
Масса t – c
Көлем Ғ- Н
Салмақ V – м3
Күш Р – Н
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Денелер өзара әрекеттескенде деформациясын бақылау тәжірибесі орындалады. Пластилинді алып түсірілген күштің әсерінен пластилиннің пішінінің оңай өзгеретінін байқауға болады. Резеңкені созып, пішінін өзгертуге болады. Шарды үрлеп оның пішінің, көлемін өзгертуге болады. Бұл тәжірибелерден кейін деформация және оның түрлерін (пластикалық және серпімді) түсіндіру.
Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкелуге тырысады.
ДЕФОРМАЦИЯ
СЕРПІМДІ ПЛАСТИКАЛЫҚ
Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан Денеге күштің әсер етуін бұрынғы кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып тоқтатқаннан кейін ол дене
келетін деформация қалпына қайтып келмейтін
деформация
Созылу
Сығылу
Бұралу
Майысу
Ығысу
1-тәжірибе:
Серіппені штативке іліп, оған массасы белгілі жүктерді іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз.
Қорытынды жасаймыз:«серіппеге неғұрлым көбірек жүк ілсек ол көбірек созылады.» Серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (созылуына) тура пропорциональ
2- тәжірибе.
Қатаңдығы басқа серіппені штативке іліп, оған алдыңғы серіппеге ілген жүктерді ретімен іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз. Алдыңғы серіппенің ұзаруымен салыстырып қорытынды жасаймыз.
Қорытынды жасаймыз:«серіппенің созылуы оның жасалған материалына тәуелді». Серпімділік күші дененің жасалған материалының қатаңдығына тура пропорциональ
Серпімді деформация үшін Гук заңы : Деформация кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (сығылуына) тура пропорциональ.
F = kx
k- дененің қатаңдығы, Н/м
x- дененің созылу немесе ұзару шамасы, м
Күшті өлшейтін арнайы құрал – динамометр қолданылады. Динамометрдің әртүрі бар:қол динамометрі, тарту динамометрі, мектеп динамометрі.
IV. « Ойлан, тап»
Жаңа сабақ бойынша есеп шығару.Интерактивтік тақтаға есептер беріледі.
1-топ:
Қатаңдығы 100 Н /м –ге тең сымды 1см –ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек? ( 1 Н)
2-топ:
Массасы 0,2 кг балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 500 Н / м –ге тең қармақ бауы қаншаға созылады? (0,04 м)
V. Кітаппен жұмыс. 13- жаттығу
1-топ:№1
Берілгені: Шешуі:
к= 7,2*104 Н / м F = кх
F= 10 кН = 10000 Н х = F /к
Т/к: х-? х = 10000Н / 7,2*104 Н/м = 1388,9*10-4 = 0,14м
2-топ:№2
Берілгені: Шешуі:
F = 245 Н F = кх
ℓ = 35мм = 0,035м к = F/х
Т /к: к-? k= 245Н / 0,035м = 7000 Н /м
VI. Сабақты бекіту :Тест
1.Деформация – жайылу, таралу /жоқ/
2.Күшті өлшейтін құрал – динамометр /ия/
3. Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп аталады. /ия/
4. Деформация түрлері: ауырлық, серпімділік, үйкеліс /жоқ/
5. F = kx - Гук заңының формуласы /ия/
6. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады. /ия/
VII. Оқушыларды бағалау.
VIII. Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беру. § 26, 27,28. 10-жат.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.