Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Денелердің элекрленуі. Электр заряды.  Электр зарядының сақталу заңы. -

Денелердің элекрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1643 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Денелердің элекрленуі. Электр заряды.
Электр зарядының сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты: 1. Денелердің электрлену құбылысын түсіндіру, денелер мен материя бөлшектерінің ерекше қасиеті ретінде электр зарядына анықтама беру, электр зарядының сақталу заңының тұжырымдамасын беру.
2. Оқушының ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, өз беттерімен, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, алған білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра білуге үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі, топтық.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, тәжірибе көрсету, ойын
элементтері, сын тұрғысынан ойлау техниканың әлемдері.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі
 Сынып оқушыларын топқа бөлу.
-Тренинг: Балаларды жыл мезгілдеріндегі туған күндеріне қарай топтастыру.
 3 топ: «Архимед», «Паскаль», «Кулон».

2. Үй тапсырмасын тексеру
 «Физикалық лото» ойыны арқылы тарауды қорытындылау.

3. Жаңа сабақ:
 Әр топ өз іштерінде топ мүшелеріне:
- «Физикалық ұғым»,
- «Физикалық құбылыс»
- «Физикалық шама» аттарын береді.
 Осы атауларға сәйкес оқушыларды бөлек топтарға бөлу
 Жаңа тақырыпты осы 3 топқа бөліп беру.
1. «Электр» сөзінің шығу тарихы. (сызбамен түсіндіру)
2. «Электрлену» құбылысының мәнін ашу. (тәжірибемен түсіндіру)
3. «Электр заряды» туралы айту. (формуламен түсіндіру)
 Әр оқушы осы берілген тақырыптарды оқиды.
 Әр топ мүшелері өз тобына келіп, оқыған материалдарымен таныстырады

4. «Қарапайым тәжірибе – білім негізі»
1. «Жабысқыш шар»
Қажетті жабдықтар: шар, жүн, жиде
Тәжірибе барысы: 1. Шарды үрлеп, оны өзіңнің жейдеңе 10 рет үйке.
Шарды жейдеңе тигізіп ұстап, біразден соң қоя бер. Не
байқалады? Себебін түсіндір.
2. «Қолғалмалы түтікшелер».
Қажетті жабдықтар: Сусын ішетін 4 түтікше, шыны таяқша, жүн матаның қиығы,
үстел
Тәжірибе барысы: 1. 5 см қашықтықта өзара //етіп екі түтікшені үстелге
орналастыр.
2. Қалған екі түтікшені жүн матаға үйкеп, біреуін алғашқы екеуінің үстіне көлденең сал. Екінші түтікшені кезек-кезек (тигізбей) үстіңгі түтікшенің біресе оң жағына, біресе сол жағына апар. Не байқадың? Себебін түсіндір
3. «Тартылатын шарлар».
Қажетті жабдықтар: Жіп, 2 шар, жүн мата немесе былғары.
Тәжірибе барысы: Жіпке 2 кішкене үрленген шарларды бір-біріне жақын бірақ өзара жанаспай тындай етіп, іліңдер. Екі шарды былғарымен н/е жүн матамен үйкеңдер. Не байқалады? Неліктен?
4. «Секірмелі қағаздар»
Қажетті жабдықтар: Металл қалбыр, қағаз қиындылары, шыны, жібек шүберек.
Тәжірибе барысы: Металл қалбырдың үстіне кішкене қағаз қиындыларын салыңдар.
Шыныны жідек шүберекпен сүртіп, оны қалбырдың үстіне абайлап қойыңдар. Не байқалады? Неліктен?
5. «Жүзгіш мата»
Қажетті жабдықтар: Пластмасса сызғыш, мақта, жүн мата:
Тәжірибе барысы: Пластмасса сызғышты электрлеңде. Оның үстіне жақсы түтілген бір шымшым мақтаны қойып, ұшырып жіберіңдер де, сызғышты оның астына әкеліңдер. Егер сызғыш жақсы зарядталған болса, онда мақта үстінде «жүзіп» жүреді. Осы құбылысты түсіндір.
6. «Секіргіш қағаз қиындылары».
Қажетті жабдықтар: Пластмасса сызғыш, құрғақ қағаз, қағаз бөліктері.
Тәжірибе барысы: Пластмасса сызғышты құрғақ қағазға үйкелеп, майда кесілген қағаз бөліктеріне жақындатса, олар тартылады. Неге? Себебін түсіндір.

5. Суретті есеп. (Кітаппен жұмыс).
№1 есеп. Зарядталған таяқша мен қағаздан жасалған қауыз: 2 – суреттегі а және ә жағдайлары қалай әрекеттеседі? Егер таяқша теріс зарядталған болса, онда олардың өзара әрекеті қалай өзгереді?
№2 есеп. Жіпке ілінген қағаз қауыздары электрленген. Осы кезде олар 24 – суретте көрсетілгендей орналасады. Қауыздағы зарядтардың таңбалары жөнінде не айтасыңдар?
№3 есеп. Жіпке ілінген шарлардың (25 сурет) зарядтарының таңбасын анықтаңдар.
№4 есеп. Зарядталған денелердің (26 сурет) өзара әрекеті дұрыс кескінделген бе?
№5 есеп. Сурет бойынша әңгімелеңдер. Электрленген таяқша, жіңішке су ағыны.
№6 есеп. Сурет бойынша әңгімелеңдер. Резина мен шыны таяқша. Қағаз қиындылары.

6. Бекіту. «Мәреге жет» ойыны

Электр зарядының сақталу заңы қалай оқылады? (формуласы)

Аттас н/се әраттас зарядтар деп қандай зарядты айтамыз?
Электр зарядының неше тегі бар?

Электр зарядының өлшем бірлігі.
Электр зарядының белгіленуі
Электр заряды дегеніміз не?
Денелер қалай электрленеді?
«Электр» қандай сөзден алынған? Ол
қандай мағына береді?

7. Үйге тапсырма: § 28. 1-6 есептер.
8. Бағалау.
9. Қорытындылау. –Қазылар алқасының шешімдерін тыңдау.
-Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

Сабақтың тақырыбы: Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы
ежелгі ғалымдардың көзқарастары.
Сабақтың мақсаты: 1. Күннің жылдық қозғалысы, зодиак шоқжұлдыздары, эклиптика және күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері туралы, күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары туралы түсінік қалыптастыру.
2. Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Танымдық қызметтерін және қызығушылығын дамыту.
3. Алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге,
қойылған сұрақтарға ізденімпаздықпен жауап бере білуге,
шығармашылықпен жұмыстана білуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі. Сұрақ-жауап. Ойын элементтері ассоциациялық
карта «Еркін баяндау» стратегиясы.
Көрнекілігі: Сызбалар, конферт, шоқжұлдыздар атаулары, 39-сурет СТО
технологиялары
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қорғау» немесе «Қызығушылықты
ояту» кезеңі
Үй тапсырмасын тексеруде «Еркін баяндау» стратегиясын қолдана
отырып, таңдаған планеталары туралы әңгімелеу.
Сонымен бірге «Топтастыру стратегиясы» негізінде ассоциациялық карта толтырады.



3. Жаңа сабақ түсіндіру. «Ойды іске асыру» немесе «Мағынаны ажырату» кезеңі.
1. Эклиптика туралы түсінік.
Күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы.
2. Зодиак шоқжұлдыздары . 12-шоқжұлдыз. (38 сурет және шоқжұлдыздың фотосуреттері
арқылы түсіндіру)
3. Зодиак белдеуі – осы шоқжұлдыздардың жиыны.
4. Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері (21 –наурыз-Балықтар
шоқжұлдызында, 23-қыркүйек – Таразы шоқжұлдызында өтеді.)
5. Жазғы және қысқы Күн тоқырау күні.
22-шілде-ең ұзақ күн – жазғы Күн тоқырау.
22-желтоқсан-ең қысқа күн-қысқы Күн тоқырау.
6. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары геоцентрлік жүйе.
(грекше – жер ) 39 – сурет.
7. Күн жүйесінің құрылысы. (Күн және планеталар, серіктері)
8. Төменгі және жоғарғы планеталар

ПЛАНЕТА

ТӨМЕНГІ ЖОҒАРҒЫ

Меркурий, Шолпан Марс, Юпитер, Сатурн,
Уран, Нептун

Жер орбитасының ішкі Жер орбитасының сыртқы
жағында орналасқан жағында орналасқан

9. Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
Күн маңындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс.

1. Қорытындылау немесе «Ой толғаныс» кезеңі
1. Сабақты бекіту мақсатында «Мәреге жет» ойыны ойналады.

5. Шығармашылық кезең.
1. Жұмбақтар шешу. Физикалық пошта арқылы «Шешілмеген құпия» атты хат келіп тұр. Соны ашып орындап көрейік. Ең көп жұмбақ шешкен оқушыға «Күн» өзінің сәлемдемесін жолдапты.

а) Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
б) Шетін көргенмен,
Қусаң жете алмайсың. (көкжиек)
в) Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды (Ай мен жұлдыз)
г) Тақиям толған сөк
Таңертең тұрсам жоқ (жұлдыз)
д) Көк жиекті шай табақта
Алтын алма тербеледі,
Кейде бүркер алма жүзін
Ұлпа мақта перделер (Күн)
д) Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене,
Кейде орта, кейде толы сар тегене.
Тұнық пенен майдың арасынан,
Бір аққу ұшып шықты құсқа төре (Алты қаз – Үркер, жеті қарақшы,
бір бөдене – Шолпан, аққу - Күн)
ж) Жабық астында жарты көлше (Жарты ай)

2. Оқушылар өздерінің шоқжұлдыздары туралы әңгімелеу.
6. Үйге тапсырма: § 19,20. Ертегі құрастыру.
7. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.