Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Денелердің өзара әрекеттесуі -

Денелердің өзара әрекеттесуі

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2117 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Денелердің өзара әрекеттесуі

Сабақтың мақсаты:
А) Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау, бағалау, пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру;
ә) Денелердің қзара әрекеттесуін бақылай отырып, ойлау қабілетін, танымын дамытып, формулаларды, өлшем бірліктерін есептерлеуде қолдана алу дағдысын дамыту.
Б) Ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке, байқампаздыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Иллюстративтік, репродуктивті, проблеманы іздеу, сұрақ-жауап, эвристикалық.
Сабақтың формасы: Ұжымдық, фронтальдық, өз бетінше.
Сабақтың көрнекілігі:
Сөзжұмбақ, бейнесөз, магнитафон, мензурка, әр түрлі денелер, динамометр, асықтар, карточкалар.
1. Ұйымдастыру.
- Серпімділік күшін қандай ұлттық ойын арқылы түсіндіруге болады?
- Садақ ату ойыны арқылы.
Садақ – мықты ағаш немесе аңның мүйізінен жасалатын қару. Садақтың оғы – жебе. Садақтың адырнасын кері тартқанда тарту күшіне қарама-қарсы серпімділік күші пайда болады. Қолдың тарту күшін жойғанда серпімділік күшінің әсерінен садақ атылады. Серпімділік күшінің пайда болу себебі – деформацияланғанда дене бөлшектерінің орналасу қашықтықтарының өзгеруінде. Дене неғұрлым қатты деформацияланса, соғүрлым серпімділік күші көп болады.
Ауырлық күшін найза ату ойыны арқылы, тең әсерлі күшті арқан тарту ойыны арқылы түсіндіруге болады. Арқанның ұштарына әсер ететін күштер бағыты және шамасы бойынша анықталады. Денеге әсер ететін күштер теңгерілмесе, онда дене қозғалып, жылдамдығы артады. Егер денеге әсер ететін күштер теңгерілетін болса, онда дене тыныштықта болады. Дененің жылдамдығы нөлге тең.
Үйкелес күшін бағанға өрмелеу ойыны арқылы түсіндіруге болады. Бағанға өрмелегенде баған мен аяқ киімнің арасында үйкеліс күші пайда болады.

Өтілген тақырыптарға байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
1. «Саусақ бірікпей – ине ілікпейді». Ине қолға ілігу үшін саусақ пен ине арасындағы үйкеліс біршама болу керек, ол үшін біз саусақтарды біріктіру арқылы инемен тиісу ауданын арттырып, үйкеліс көбейтебіз.
2. «Найза салу – ерліктен, ат жауыры терліктен». Ат жаурының пайда болуы, аттың арқасына ердің қапталы батып үйкелуінен. Осы үйкелісті болдырмау үшін тоқымның астына терлік жасалады(қойдың жабаға жүнінен).
3. «Қарыстан сүйем жуық» (физикалық шама).
4. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес».
5. «Гауһарды мысқалдап өлшейді» (физикалық шаманы өлшеу)
6. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»
7. «Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді» (диффузия құбылысы)
8. «Аттығы жаяу жолдас болмас»
9. «Ит жүгіріп, тазы болмас»;
10. «Қимылдаған қыр асар»;
11. «Шапқан озар, жатқан қалар» (механикалық қозғалыс);

Cөзжұмбақ

Д и ф ф у з и я
и н е р ц И я
Н ь ю т о Н
А у ы р л ы қ
М е х а н и к а л ы қ
к и л О м е т р
д е ф о р М а ц и я
т е м п Е р а т у р а
п л а с Т и к а л ы қ
м а т е Р и я л ы қ

1. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекула аралық бос орындарына өтуі (диффузия)
2. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы (инерция)
3. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
4. Денелердің жерге тартылу күші (ауырлық)
5. Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі (механикалық)
6. Ұзындық бірлігі (километр)
7. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)
8. Дененің жылулық күйін сипаттайтың шама (температура)
9. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация қалай аталады? (пластикалық)
10. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын дене (материялық)

(динамометр)

Динамометрдің құрылысы не үшін қолданылатыны туралы айтып, бөлік құнын анықтайды.
Динамометрмен күштерді өлшеп көрсетеді (ауырлық күші, салмақ, үйкеліс күші, т.б)

Бейнесөз
(Күш – векторлық шама)

Физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің қазақша «баламаларын» кім айтады?
1 кг – 1 пұт
1 пұт =16 кг
1 км – 1 шақырым
1 м – 1 кез
1 адым, қарыс, сұйем.

Диктант

1. Жылдамдықтың формуласы, өлшем бірлігі /V=S/t ; м/
2. Жүрілген жолдың формуласы, өлшем бірлігі /S=V*t ; м
3. Ауырлық күшінің формуласы, өлшем бірлігі /F=m*g ; Н
4. Тығыздықтың формуласы, өлшем бірлігі /ρ=m/v ; кг/м3/
5. Уақыттың формуласы, өлшем бірлігі /t=S/υ ; с/
6. Салмақтың формуласы, өлшем бірлігі /P =m*q; H/
7. Гук заңы /F= kx; Н/
8. Тең әрекетті күші /F=F1 + F2; F=F2 - F1/
9. Массаның формуласы, өлшем бірлігі /m=p *v; кг/
10. Көлемнің формуласы, өлшем бірлігі /V=m/p; м3/
11. Үйкеліс күшінің формуласы /F= µ*N; Н/

Қате бағасы

0 «5»
1-3 «4»
4-6 «3»
7-9 «2»
10-11 «1»

Оқушылар өздері тексеріп, білімін бағалайды.

Қоржындағы асықтар нөмірленген.
Асықты алған оқушы сол нөмірлі есепті шығарады.

1. Көлемі 570 см3 спорт ядросының салмағы 38,2 Н. Ядро қандай металдан жасалған (ядро материалы Р= 700 кг/м3 шойыннан жасалған)
2. Екі кішкентай арба бір-біріне әсер еткен кезде олардың біреуінің жылдамдығы 1 м/сек, екіншісінікі 50 см/сек. Қайсысының массасы көп, неше есе көп (0,5 м/сек < 1 м/сек, 2 есе көп m2 3. Аузы тығындалған бөтелкеге жартысына дейін су қүйылған. Бөтелкенің жоғарғы жартысында су жоқ деуге бола ма? (бөтелкенің жоғарғы жартысында су болады, бірақ ол газ тәрізді су буі түрінде).
4. Гранит тастың массасы 6,5 т. Граниттың тығыздығы 2600 кг/м3. Граниттың көлемі қандай? (V=6500кг/ 2600кг/м3=2,5м3)

5. Металл кесегінің көлемі 50 см 3, ал оның массасы 355 г. Осы металдың тығыздығы осындай (7100 кг/м3, мырыш)
6. Жұмсақ жер бетінде жатқан бөренені көтергенде жер бетінде ойылып қалған із көрінеді. Із қандай күштің әсерінен пайда болған? (бөрененің салмағының есебінен пайда болған)
7. Қай столдың массасы артық? Салмағы 95 Н-ба, әлде салмағы 0,095 кН-ба? ( m1=m2, себебі Р1=Р2).
8. Массасы 10 кг дененің салмағын тап.
9. Адамның салмағы 800 Н. Оның массасы қандай?
10. Массасы 200 г дененің салмағын тап.
11. Алюминийден жасалған бөлшектің массасы 300г, оның көлемі 150 см3. Осы бөлшектің ішінде қуыс бар ма?(Бар, р=2г/см3, рАІ=2,7 г/см3 )
12. Велосипедші бір қалыпты қозғалып 30 мин ішінде 90 км жол жүрген, жылдамдығын м/с өрнекте.
13. 36 км/сағ-ты м/с-пен өрнекте
14. Дененің 5 с. Ішінде жүрген жолы 10 м. Жылдамдығын тап.

Таспаға жазылған жұмбақтар
1. Таң атпайын десе де,
Күн қоймайды. (Жердің өз осінен айналуы)
2. Атасы қалғып, мүлгиді,
Әкесі зорға жылжиды
Ағасы шабан
Өзі жорға
Інісі жылдам,
Баласы жүйрік
Зымырап тұрған,
(Жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд)
2. Алтындалған тағым бар,
Күмістелген шарым бар.
Ауыр ма әлде жеңіл ме?
Салмағын кәне табыңдар.
(Р=mg, m-тақ пен шар көлемі және алтын мен күмістің тығыздығы арқылы шығарылады Р=pvg)
Сабақты қорыту
Үйге тапсырма п.30-42

Осындай сабақтар оқушылардың ынтасы мен пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін арттырып, білім сапасын көтеруге ықпалын тигізеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.