Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дененің ауырлық күші әсерінен қозғалысы. -

Дененің ауырлық күші әсерінен қозғалысы.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2702 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақ тақырыбы: §32 Дененің ауырлық күші әсерінен қозғалысы.
Автор: Башарұлы.Тоқбергенова
Оқу мен тәрбие міндеттері:
1. Білімділік: ауырлық күші –Жер бетіндегі барлық денелердің жерге тартылу күші ,
оның әсерінен дененің қозғалысының түрлерімен, қозғалыс
формулаларымен оқушыларды таныстыру;
2. Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелеп отыруға тәрбиелеу, өзара жолдастық көмек
көрсете білуге және жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: зейіні мен зердесін дамыту, белсенділіктері мен қабілеттіліктерін
арттыру;
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту, бекіту
Оқыту әдістері: демонстрациялық, проблемалық, сұрақ-жауап, өздік жұмыс
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, химия, зоология, әдебиет, тарих, өмірмен
байланыс
Көрнекіліктер: құрал-жабдықтар: шыны, су, резеңке, жүктер, «Табиғаттағы күштер»
тірек-схемасы, таратпалар;
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру:
а) сәлемдесу, кезекшімен жұмыс;
ә) балалардың оқу құралдарын тексеру, зейіні мен зердесін
шоғырландыру ;

ІІ. Өтілген материалмен жұмыс:
І бөлім
№1
Қайықта отырған Әмір жағаға түсуі керекеді. Ол қайық кемерінен ырғып жағаға түсті. Осы кезде қайық қалай қозғалады? Не себепті қайық жағадан алыстады?
№2
Футбол алаңында доп жатыр. Әділхан жүгіріп барып, допты теуіп жіберді. Мұнда бір дененің әсері екінші денені қандай күйге келтіреді.
№3
Машина орнынан қозғалуы үшін қандай денелер өзара әсерлеседі ?
№4
Сабақтан тыс уақытта ағаш бұтағынан жоғары ұшқан құстың бұтақпен әсерлесуін бақыла. Байқалған құбылысты сипатта.

ІІ бөлім
«Табиғаттағы күштер» тірек- схемасын құрастыру.
1. Күш дегеніміз не, белгіленуі, өлшем бірлігі
2. Олардың түрлері
3. Оларды есептейтін формулалары








ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүкіләлемдік тартылыс күшінің бір көрінісі – денелердің Жерге тартылысы. Мұны ауырлық күші – денелердің Жерге тартылыс күші деп атайды. Олай болса:

Mm
R² мұндағы: М – Жердің массасы
R – Жердің радиусы
G=6.67 10 ¹¹ - гравитациялық тұрақты, яғни бұл шаманың көбейтіндісі: g=G =9.8 м/с² тең болады. Осыдан келіп ауырлық күшінің біз білетін формуласын F=mg аламыз.
Ауырлық күшінің әсерінен:
 Жоғары лақтырылған кез келген дене Жерге түседі.
 Жер бетіндегі өзендер суы төмен қарай ағады
 Жасанды жер серіктері жерді айнала қозғалады.
 Т.б.
Осы жағдайлардың ішінен бүгін біз дененің тік төмен және тік жоғары қозғалған жағдайын қарастырамыз.
Осы жағдайды 16 ғ-дың аяғы мен 17 ғ-дың басында өмір сүрген Г.Галилей еркін құлаған дене қозғалысы үдемелі болатынын және тұрақты 9,8 –ге тең болатынын тағайындаған.
Ғылым үшін баға жетпес дүние қалдырған Галилей өзінің жаңалықтарын қалай ашқанын сендер тарих пәнінен сол кездегі инквизиция соты дегеннен білесіңдер. Сонда да Галилей қорықпай «Дегенмен де – ол айналады» деген.
Дененің құлауына жер әсер етеді.Мұндай қозғалыста санақ басы ретінде Жер алынады. Санақ басын төмен немесе жоғары кез келген нүктеден аламыз. Ал дененің көтерілу биіктігін h дейміз.
Y y=h= h + v t + gt²

v = v+g t кез келген уақыт мезетіндегі жылдамдығы

h g v² = v² + 2 g (h - h) кез келген нүктедегі жылдамдығы



Формуланы пайдаланып есептер шығарайық:
Шешуі: h y
Бер: h=100 м g=-g , v=0, v=-v
g= 9.8 м/с² h=0
_____________ y=h= h + v t + gt² 0= h + 0 + gt
t-? v-? t=v 2h/g = 4.5c
v=gt = 9.8 4.5 = 44 м/с

IV . Бекіту кезеңі:
1. Таратпалар:
 Жауын бір жауады, ағаш екі жауады,- сөзінің мағынасы.
 Неліктен Ай өзінің қозғалыс жылдамдығын өзгертеді?
 Үйдің шатырындағы жатқан қарға ауырлық күші әсер етеді ме? Ол неліктен төмен түспейді?
 Денені Жер бетінде қандай күш ұстап тұрады?
 Жер мен Ай арасындағы тартылыс күшінің көрінісі

2. Жаттығу:
№15-1
Шешуі:
Бер: t = 4 c g=-g , v=0, v=-v
g= 9.8 м/с² h=0
_____________ y=h= h + v t + gt²
h -?

3. Тесттік тапсырма.
1.Ауырлық күшінің формуласы қандай заңға негізделген ?
А. Ньютонның ІІІ заңына
Б. Ньютонның ІІ заңына
В. Бүкіл әлемдік тартылыс заңына
Г. Ньютонның І заңына
2. Ауырлық күшін есептеу формуласы
А. F= -k x
Б. F= m g
B. F= m a
Г. F= G
3. Төмен қарай еркін құлаған денеге қандай күш әсер етеді?
А. Серпінділік күші
Б. Үйкеліс күші
В. Ауырлық күші
Г. Ешқандай күш әсер етпейді.
4. Ауырлық күші әсерінен қозғалған дененің жүрген жолын есептеу формуласы
А. S=vt
Б. h= h + vt
В. x = x+ vt + gt²/2
Г. h = h + vt + gt²/2

V . Үйге тапсырма: §32 №15-6,7,8

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.И.К. Кикоин. «Физика» 9 кл
2. Башарұлы. «Физика и астрономия» 9 кл
з. В.А.Буров. «Фронтальные экспериментальные задания по физике»
4. Я.И.Перельман. «Занимательная физика»
5.Л.А.Горев «Занимательные опыты по физике»
6. В.В.Тузовская.«Дидиактические материалы по физике ІХ класс.»
7. А.Усова. «Физиканы оқыту методикасы»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.