Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Электроизоляциялық  материалдар.  Кабельдер. -

Электроизоляциялық материалдар. Кабельдер.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1897 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
№29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі
Жоғарғы санатты физика пәнінің мұғалімі
Серікбаева Жаннат Бекешқызы

«Физика және электротехника» қолданбалы курсы. 10а сынып.

Сабақтың тақырыбы: Электроизоляциялық материалдар.
Кабельдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Электроизоляциялық материалдардың сипаттамалары, түрлері, қолданылуы,
оларға әсер ететін факторлар туралы, кабельдер, олардың түрлері мен қолданылу жағдайлары туралы түсініктер беру , олардың электротехникалық маңызын меңгеру.
Дамытушылық: Пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жеке т ұлғаны ізденімпаздыққа ынталандырып, мамандыққа дұрыс бағдар беру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдерінің практикалық маңызын білуге үйрету, зерттеушілік жұмысқа баулу, экологиялық тәрбие беру.

Сабақты ұйымдастыру формасы: оқушы рефераттары
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: презентация - слайдтар
Құрал – жабдық: компьютер, интерактивті тақта, әртүрлі электроизоляциялық материалдар.
Пәнаралық байланыс: химия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысуы, дайындығы.
ІІ. Қызығушылықты ояту
(Үй тапсырмасын сұрау).
Блумның сұрақ қою таксономиясы:
1. Өткізгіштерге нелер жатады ?
2. Металдарда электр тогын тасымалдаушылар
3. 1- ші текті өткізгіштер
4. 2- ші текті өткізгіштер
5. Электротехникалық бұйымдарды атаңыз.

ІІІ. Мағынаны тану.
(жаңа білімді меңгеру )
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Электроизоляторлар немесе диэлектриктер.

Изолятор, яғни диэлектрик жалпы бейтарап атомдардан немесе молекулалардан тұрады.

Бейтарап атомдағы электр зарядтары (дәлірек айтсақ, электрлік зарядталған бөлшектер: электрондар мен ядролар) бірімен – бірі байланысқан болады да, заттың бүкіл көлемінде, өткізгіштердегі еркін зарядтар сияқты өріс әсерінен орын ауыстыра алмайды.
Өткізгіштер мен диэлектриктердің құрылысындағы айырмашылықтың болуы нәтижесінде, олардың электростатикалық өрістегі жәй – күйі де түрліше болады. Диэлектриктің ішінде электростатикалық өріс пайда бола алады және бұған сай диэлектрик оған өзінің белгілі бір ықпалын тигізеді.
Диэлектриктің екі түрі. Диэлектриктерді мынадай екі түрге бөлуге болады.
Полярлы ( полюстік) диэлектриктер - бұлар оң зарядтар мен теріс зарятардың центрлері бір – біріне дәл келмейтін молекулалардан тұрады.
Полярсыз (полюссіз) диэлектриктер – бұлар оң зарядтар мен теріс зарядтардың центрлері бір – біріне дәл келетін молекулалардан тұрады. Полярлы диэлектриктерге спирт, су, және т.б. жатады; полярсыздарға - инертті газ, оттегі, бензол, полиэтилен т.б. жатады.

Диэлектрлік өтімділік.
Диэлектриктердің электрлік қасиеттерін сипаттау үшін диэлектрлік өтімділік деп аталатын ерекше бір шама енгізіледі.
Ортаның диэлектрлік өтімділігі дегеніміз біртекті диэлектрик ішіндегі электр өрісінің Е кернеулігінің модулі, вакуумдағы Е0 өрісі кернеулігінің модулінен неше есе кем екенін көрсететін физикалық шама. ε = E0/E.

2. «Электроизоляциялық материалдар. Кабельдер» Тақырыбы бойынша оқушылардың өздігінен жұмыстары (Оқушы рефераттары)
Ұсынылған тақырыптар:
І. Электроизоляциялық материалдардың сипаттамалары
1.Электрлік сипаттамалары.
2.Физика – химиялық сипаттамалары.
3.Изоляциялық материалдардың механикалық сипаттамалары
ІІ. Электроизоляциялық материалдардың түрлері.
 - газ тәрізді
 - сұйық
 - табиғи бейогроганикалық
 - жасанды бейорганикалық
 - табиғи органикалық
 - жасанды (синтетикалық ) органикалық

ІІІ. Қазіргі кездегі қолданыстағы изоляциялық материалдар
1.Диэлектрлік кілемдер.
2. Стеклопластик ( шыныпластик)
3. Электроизоляциялық шыныматалар
4. Электрокартон.
5. Изоленталар.

ІV. Электроизоляциялық материалдарға әсер ететін факторлар
1.Электроқозғалтқыштың изоляциялық қасиеттеріне қыздырудың ықпал етуі
2.Электроқозғалтқыштың изоляциялық қасиеттеріне ылғалдың әсер етуі.

3.Электроқозғалтқыштардағы изоляцияға механикалық күштердің әсері.
4.Электроқозғалтқыштардағы изоляцияға химиялық активті орталардың әсері
V. Кабельдер
1.Кабель бокстері, муфталары, сауыты.
2.Кабельді байланыс жолы
3.Қолданылу жағдайларына қарай кабельдердің түрлері

ІV . Оқушылардың рефераттарын бағалау.

р/с Оқушының аты-жөні Реферат тақырыбы Балдық бағалау
0 1-2 3 4 5 6 7 8 9 10


V. Сабақты қорытындылау.
Ұсыныстар беру.
1. Электроизоляциялық материалдардың химиялық құрамы, молекулалық құрылымы туралы ақпараттар жинақтау.
2. Электроизоляциялық материалдардың әртүрлі факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырауы туралы (биологиялық,әр түрлі концентрациялар бөлуі,т.б.) ақпараттар жинау.

Үйге тапсырма. Теориялық шолу. Ғылыми-көпшілік әдебиеттермен жұмыс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.