Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Электромагниттік толқындардың ағзаға тигізер әсері -

Электромагниттік толқындардың ағзаға тигізер әсері

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3706 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қарағанды облысы Шет ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы
мектеп – гимназиясының
физика пән мұғалімі
Асылбекова Жанар Мухаммедовна.

Тақырыбы: Электромагниттік толқындардың ағзаға тигізер әсері

Мақсаты: Осы тақырып арқылы электромагниттік толқындардың адам
ағзасына қаншалықты зияны бар екенін анықтау.

Міндеттері:

1. Электр құрылғыларындағы электромагниттік толқындардың
қуатының зиянын ашып айту.

2. Оқушыларды электомагниттік толқындардан өз ағзаларын дұрыс
қорғай білуге тәрбиелеу.

3. Оқушылардың электромагниттік толқын туралы білген білімдерін
одан әрі дамыту.

Жоспар

I Кіріспе

1.1. Электрлік техникалық құралдардағы электромагниттік толқындардың желісі

II Негізгі бөлім

2.1. Ұялы телефонның әсері және оның әсерінен туындайтын аурулар

2.2. Микротолқынды пештің әсері

2.3. Компьютер және адам денсаулығы

III Қорытынды

3.1 Электромагнттік толқынның ағзаға тигізер әсері

1.1. Біз күнделікті өмірде қолданатын электр құралдардың өз денсаулығымызға қаншалықты зиян келтіретінін кейде білмей де қаламыз. Мен осы өзімнің таңдаған тақырыбым арқылы жұртқа ұялы телефонның, микротолқынды пештің, компьютердің электромагниттік толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін ашып айтқым келеді. Электромагниттік толқындар кез келген үйде, мекемеде жалпы адам өмір сүретін барлық ортада бар.Электромагниттік толқындарды тұрғын үйдің теледидарында, өтегінде, мұздатқыштарында, микротолқынды пеште, шаңсорғыштарда, компьютерде, ұялы телефондарда болады. Электромагниттік толқындардың 1000 мГц таралу керек болса, электро техникалық құрылғыларда кейде одан көп асып кетеді. Мысалы: өтекті қосқан кезде 25см қашықтықта одан 0,2мкТл электромагниттік толқындар бөлінеді. «Tefal» шәйнегінде 20см-0,6мкТл. Кір жуғыш машина 50Гц, ал теледидардың пульті 1 метрде 1мкТл болады. Микротолқынды пеште 30см қашықтықта 50Гц магниттік өрісі 10,3-8мкТл болады. Ал ер адамдар электр қыздырғыш қолданған кезде өздерін әдемілей отырып, беттерінен ток жүргізеді себебі: Электр қырынғыш 100мкТл (микро Тесла) есептеледі екен. Компьютерде 60Гц болады. Ал ұялы телефонды алатын болсақ оның маркасына қарай олардың электромагниттік толқындарының қуаты да әртүрлі болады. Көп елдерде электромагниттік толқындардың қуаты 1,6 Вт/кг. болатындай көлем алынған. Ұялы телефонның электомагниттік толқынының қуаты аз болғаны жақсы. Қазіргі кезде SAR ұялы телефонының қуаты 2ВТ/кг- нан аспайды. Осыдан 7-8 жылдан бұрын шығарылған AMPS-800, DAMPS-800, NMT-450 ұялы телефондардың қуаты бұл көрсеткіштен анағұрлым көп болған, ал қазір олардың қуаттары 1,5Вт/кг, және 0,5Вт/кг аспайды. Ең аз қуат көрсеткіші CDMA құралында, оның қуаты 0,1Вт/кг.- нан аспайды. Барлық ұялы телефондарда аз қуатты қондырғылар орнатылған. Автокөліктердің ішіндегі ұялы телефонның қондырғы қуаты 3 ватт, ал қарапайым ұялы телефондарда барлығы 0,75 - 1ваттқа тең. Қондырғылар ұялы телефонның антенасының жанында орналасқан. Радиоқондырғылар антеналардың функциясы ғарышқа радиотолқындарды жіберіп тұру үшін арналған.
Электромагниттік радиация магниттік энергиядан және электромагниттік толқындар арқылы пайда болады. Барлық электромагниттік энергия электромагниттік спектрге түседі, олар өте төменгі радиацияның жиілігінен ренгендік және гамма-сәулелеріне дейін өзгереді. Көп адамдар ұялы телефонмен сөйлескенде оны тым қатты бастарына тақалтады, осыдан адамның миына көп радиация әсер етеді.
2.1. Көп ғалымдар ұялы телефонның электромагниттік толқындарының шынында да адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін зерттеп қараған. Көп елдерде осыған байланысты арнайы программалар құрылып, үш жылдың көлемінде зерттеулер жүргізілген. Оған 12 елден келген 15 мың дәрігер мамандар қатысқан. Дәрігерлер зерттеу нәтижесінде құлақтың маңайында орналасқан (ми, сілекей безі, құлақ түйсіктері, көз)-дерге ұялы телефоннан
шығатын электромагниттік энергияға көп көңіл бөлген. Осы сұрақ бойынша мен біздің Шет ауданындағы емханаға барып, лор дәрігерімен сауалнама өткіздім. дәрігер шынында да электромагниттік толқындардың адам ағзасына , соның ішінде құлақтың маңайында орналасқан мүшелерге көп әсерін тигізетіні туралы айтты.
Шынында да ұялы телефонды тым жақын қолданғанда одан электрмагниттік энергия шығады, тура сондай энергия микротолқынды пеште тауық етін пісіргенде шығады. Бұл энергия адамның миына және басқада мүшелеріне әсер етеді. Ұялы телефонды балаларға ұстап, онымен ойнауға болмайды. Шведтық ғалымдар «2мин. артық сөйлескен кезде адамның басында шу пайда болады» -деген тұжырымдама жасады. Ал Россияның ғалымдарының зерттеу барысында NMT-450, AMPS-800 ұялы телефондарымен сөйлескен кезде адамның миының биоэлектрлік жылдамдығына әсер ететіні байқалған. Адамның миы электромагниттік толқындардың сәулелерін әртүрлі қабылдайды. Электромагниттік сәулелер адам ағзасына өте қатты зиян тіпті кейде өлімге де әкеп соқтыруы мүмкін.
Ұялы телефонмен мешітте, жол жүріп кележатқанда, шаңғы сырғанап кележатқанда, 16 жасқа толмаған балаларға, әйел адамның жүктілік кезінді және де психикалық ауруға шалдыққандарға, эпилепсия ауруымен ауратындарға сөйлесуге болмайды. Дені сау адамдарға 20минуттан артық сөйлесуге болмайды. Себебі: бас ауруына және ойлау қабілетінің бұзылуына әсер етуі мүмкін.
Базалық станцияларда электромагниттік толқындардың қуаты 5Вт тан 20Вт дейін барады, ал үлкен қалаларда тіптен көп болуы мүмкін. Осыдан барлық жерде сәуле шашуы болуы мүмкін деген ой туындайды. Ұялы телефонның зияны жоқ деп шешкен канадалықтар осындай базалық станциялардағы антеналардан бөлінген электромагниттік толқындардың сәулелері адамға өте қатты зиян екенін анықтаған. Осының әсерінен рак ауруы пайда болады.
Электромагниттік толқындардың әсерінен әртүрлі аурулар туындайды екен:
- анкологиялық аурулар
- Альцгеймер ауруы
- Паркинсон ауруы
Электромагниттік толқынның радиациясының екі түрі бар.
Олар: Гамма-сәулелері және рентгендік сәулелер. Осы екі сәуле де адам денсаулығына зияны көп. Федералдық комиссия «Жоғарғы радио жиілігінің сәулелері адамның терісіне әсер етеді» - деп қарастырған екен. Радио жиіліктері адамның терісін микротолқынды пеште тамақ қыздырғандай етіп қыздыруы мүмкін, терінің зақымдануы жоғарғы жиілікті радиацияның әсерінен туындайды, себебі: адамның терісі көп мөлшердегі жылулықты тез тарата алмайды. Әсіресе көп зиян адамның көзіне тиеді, көзде қан айналымы баяу болады.
Қазіргі кезде ұялы телефондардың қаншама түрлісі бар, ғалымдар электромагниттік толқындардың адам ағзасына қандай зияны бар екенінің нақты шешімін тауып адамдарды алдын - ала қауіпсіздендіру жолын іздеуде.
Егер сіз ұялы телефон өміріме қауіпті деп қорқатын болсаңыз, сізге келесі ережелерді сақтаған жөн:
- - ұялы телефонмен наушник арқылы сөйлескен жөн, себебі сіз ұялы телефонды қолыңызбен ұстамай, басыңызға тақалтпайсыз сөйтіп өзіңізді телефонның электромагниттік толқынның сәулесінен қорғайсыз.
- - антенасы құлақтың маңайынан алшақ орналасқан ұялы телефонды қолдануға тырысыңыз
- - Зәулім үйлерде, мекемелерде ұялы телефонды қолданбауға тырысыңыз
- - ұялы телефонды көбінесе таза ауада қолданылған жөн
- - сәбилерге телефонды ойнауға бермеуге тырысыңыз
2.2. Микротолқынды пештің әсері.
Ресейлік Федерация ғылым академиясының институты микротолқынды пешке зерттеу жасаған екен. Микротолқынды пештің ішінде тағамға зерттеу жасаған, онда «С» витамині сақталып 75-98% пайыз құраған, ал күнделікті өмірде витамин 30-60% пайызды құрайды екен.
Өздеріңіз ойланыңыздаршы егер күнделікті өмірде істейтін тағамды су қайнағаннан да тез пісірсе, онда ол тағам қандай болып піскені?
Егер біз тағамды жәй жылытатын болсақ, онда ол тағамның дәмі азайып, микрофлорасы да азаяды.
Біз тағамды сусыз немесе аз көлемді суда пісірсек, онда тағамның ауыр металлдары мен нитраттары, нитриттері қайда кетеді?
Американдықтардың зерттеулері бойынша микротолқынды пештің арқасында «асқазан ракын» болдыртпауға болады. Себебі онда май мүлдем қолданылмайды. Ондай тағамды асқазанға пайдалы деп есептейді екен.
Ал испандық зерттеушілер керісінше микротолқынды пеште пісірілген брокколи қырыққабатының 98% пайызының витамині және микроэлементі жойылғанын байқаған.
Ең алғашқы микротолқынды пештің ішінде пісірілген тағамға швейцарлық биолог Хортеля және профессор Бернарда Блонка 1989 ж зерттеу жасаған екен, осы зерттеу барысында бір адамға пеште істелінген тағам жегізген, ал кейін микротолқынды пеште істелінген тағамды жегізген, сонда микротолқынды пеште істелінген тағамды жеген соң адамның қанының құрамында лейкоцит тым көп болып көбейіп, рак ауруына шалдыға бастағанын байқаған. Осы ауруды микротолқынды пеште істелген тағам тудырған, бірақ бұған ешкім мән бермеген екен.
Микротолқынды пеште істелген тамақтың электромагниттік толқындары микротолқынды пеште істелген етке судың молекуласының құрамымен енеді. Осыдан молекулалар қызып, бір-бірімен қақтығысады. Осыдан температура жоғарлайды, микротолқынды энергия 2,5см ден 5см ге дейін өтеді, сондықтан қалың етті ортасынан бөліп салған жөн.
Ұялы телефонның электромагниттік толқындарының адам ағзасына зияны қандай болса, микротолқынды пештің электромагниттік толқынының зияны да тура сондай болады.
Францияның, Россияның, Украинаның және Швецияның ғалымдарының зерттеуі бойынша электромагнитті ақпаратты (торс) толқын ақпаратты кеңістік болып табылады. Осы ақпаратты кеңістіктің адам денсаулығына тигізетін зияны өте көп екен. Адамның бас ауруы, ұйқының бұзылуы, мазасыздануы осының әсерінен болады.
Биологиялық зерттеу бойынша, адамның ағзасына микротолқынды пештен бөлінетін жоғарғы жиілікті диапазонның сантиметрлік сәуле шашуы әсер етеді. Электромагниттік сәуле шашуды көріп, естуге болмайды. Бұндай сәуле шашу тез байқалмайды. Сәуле шашу микротолқынды пеште істелген тағамға да әсер етеді. Осының салдарынан электромагниттік сәуле шашудан тағамның құрамындағы молекула ионизацияланып, атом электронын жоғалтады немесе керісінше қосып алады. Бұндай жағдай тағамның құрылымын өзгертеді. Сәуле шашу тағамдағы молекуланың бұзылуын тудырады.
Микротолқынды пеште өмірде қолданылмайтын жаңа атау еңгізілген- «радиолитикалық».
Радиолитикалық қосылым молекулалық радиация туғызады.
Микротолқынды пеште істелген ет құрамында Nitrosodienthanolamines концерогені болады. Сүттегі кейбір аминақышқылдар концерогенге айналған. Микротолқынды пеште қатып тұрған жеміс-жидекті жібіткен кезде, олардың глюкозидтары және галактозидының құрамында концерегенді элементі бар ұсақ бөлшекке айналады екен.
Тағамның құрамы 60% пайыздан 90% пайызға дейін азаяды.
В, С және Е витаминдерінің биологиялық қасиеті жоғалады.
Роберт Беккер Өзінің «Электричество тела» атты еңбегінде Ресейлік ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, микротолқынды пештің әсерінен туындайтын ауруларды қарастырған:
- Қысқа мерзімді зерттеу барысында микротолқынды пеште істелген тағамды ішкен адамдардың кәдімгі пеште істелген тағамды ішкен адамдардың арасында айырмашылық байқалғагн. Микротолқынды пештің тағамын ішкен адамның қанының құрамында өзгеріс байқалған, адамның қаны азайып, холестерині өскені байқалған екен.
- Шетелдік емхананың бірінде бір әйелдің тізесіне аса ауыр емес операция жасалған екен. Оған қан құю үшін медбибі қанды білмей микротолқынды пеште қыздырып, қанды әйелге құйған кезде әйел шетнеп кеткен екен.
- Вендік университетінің ғалымдарының зерттеуі бойынша микротолқынды пеште жылытылған тағамның аминоқышқыл атомның реті өзгергенін байқаған екен.
Микротолқынды пешпен қолданғанда келесі ережелерді сақтаған жөн:
- микротолқынды пеште майға шыжғырып тағам әзірлеуге болмайды, себебі майдың температурасы жоғарлайды.
- Жұмыртқаны қабығымен микротолқынды пешке салып қайнатуға болмайды, оның атылып кетуі мүмкін.
- Бауыр, сәбіз, горох, кукурузды да пісіруге болмайды, олардың да атылып кетуі мүмкін.
- Микротолқынды пештің үстіне металлдан жасалған ауыр заттар қоюға болмайды.
Осы ережелерді сақтаған кезде өз өміріңізді микротолқынды пештің зияндарынан азда болсын қорғайтыныңызды ұмытпағаныңыз жөн.

2.3. Компьютер және адам денсаулығы:
Компьютердің электромагниттік толқындардың адам ағзасына тигізер әсері өте көп. Электромагниттік толқын адамның:
- жүйкесінің тозуы, себебі компьютерде көп құжат басқан кезде көбісі құжатты сақтауға ұмытып кетеді, кейде жарық өшіп қалады сонда адам стесс алады. «Барлық ауру жүйкенің әсерінен болады» деп айтылған сөз бекер емес.
- Иммунитет төмендеуі, адам көп отырған кезде қан айналымы бәсеңдейді.
- Жүктілік кезде, Компьютермен жұмыс істеген кезде оның жанында электромагниттік толқын көп болады. Компьютердің платасы және мониторы қызған кезде ауаға зиян заттар бөлінеді. Осының әсерінен ауа құрғап, адамның тыныс алуы бәсеңдейді. Жүктілік кезде әйел адамның ағзасы көп қимылдағанды қажет етеді. Көп отырған кезде қан айналымы баяулайды, зат алмасу процессі де баяулайды. Жүктілік кезде осының салдарынан гипаксия болуы мүмкін және балаға қажетті заттың дұрыс бөлінбеуіне әкеп соқтырады. Баланың дұрыс дамуына да әсерін тигізеді.
Компьютердің алдында көп отырған кезде басқа да көп аурулар тындауы мүмкін: көз ауруы, қол білезіктерінің ісінуі, омыртқаның қисаюы, салмақтың қосылуы. Осындай ауруларға шалдыққыңыз келмесе компьютердің алдында көп отырмауға тырысыңыз, ал егер жұмысыңыз бойынша талап етілсе арнайы ережелерді сақтап, жаттығу жасап отыру қажет.Өз денсаулығыңызға көп көңіл бөлгеніңіз жөн.

3.1. Қорытынды:

Электромагниттік толқынның адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін мен осы тақырыбым арқылы зерттеп, таныдым.
Ұялы телефонның электромагниттік толқыны ұялы телефонның антенасының жанында орналасқан қондырғы арқылы зиянды екенін білдім. Өзімде бір тәжірибе жасап көрдім:
- ұялы телефонды бір апта жастығымның астына қойып ұйықтадым, сонда мен ұйықтап тұрғанда шаршағанымды сезіндім, басым ауырып, жүйкем тозғандай болып сезінді. Ал қазір мен ұялы телефонмен көп қолданбауға тырысамын. Дәл осы сияқты микротолқынды пештіде қаншалықты адам ағзасына зияны бар екенін білдім. Микротолқынды пешке де өзім бір тәжірибе жасап көрдім:
- Суып қалған тағамды алып жартысын пешке, ал жартысын микротолқынды пешке жылыттым. Сонда байқағаным пеште жылытылған тағамның дәмі сақталыпты, ал микротолқынды пеште жылытылған тағамның дәмі аса қалмаған екен. Себебі микротолқынды пеште жылытылған тағамның витаминдары 60% пайыздан 90% пайызға дейін азаяды екен. Тек тағамның дәмінің өзгеріп, құрамындағы витаминінің азғайғанын ғана емес, микротолқынды пеш қосылған кезде туындайтын электромагниттік толқынның әсері бар екеніне де көз жеткіздім.
- дәл осы секілді мен компьютердің адамға қаншалдықты зияны бар екенін білдім. Комьпютер адамға 60Гц электромагниттік толқын әсер тигізеді екенін де білдім, барлық электр құрылғыларының ішінде ең көп әсерін тигізетін ол компьютер. Мен өз денсаулығым және де барлық жұрттың денсаулығы жақсы болғанын қалаймын.
Осы тақырыбым арқылы келешек ұрпаққа электромагниттік толқынның зиянын айта отырып, өз ағзаларын электромагниттік толқынынан дұрыс қорғай білуді айтып жеткізгім келеді. Мен айтып өткен мәселелерден кейін келешек ұрпақтар, менің достарым өз денсаулықтарын осы электрлік құрылғылардың электромагниттік толқындарынан өз ағзаларын дұрыс қорғай білуді үйренеді деген үміттемін.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Интернет-сайт www.fizika.ru

2. Интернет-ресурс http://elementy.ru/

3. С.П. Бортников «Безопасность жизнедеятельности» учебно-методический комплекс, Ульяновск, 2004.

4. Т.А. Хван, П.А. Хван. Основы экологии. Серия "Учебники и учебные пособия". Ростов н/Д: "Феникс", 2003. – 256 с.

5. Физика, 9 кл. / А.В. Перышкин, Е.М. Гутник. М.: Дрофа, 2002

6. Физика. Большой энциклопедический словарь/Гл. ред. А. М. Прохоров
4- е изд. — М.: Большая Российская энциклопедия, 1999г
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.