Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есептер шығару -

Есептер шығару

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2701 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қызылорда қаласы
Сақтапберген Әлжіков атындағы
№144 орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Шамбекова Айнұр
Қысқа мерзімді жоспар 7 сынып
Сабақтың тақырыбы Есептер шығару
Сілтеме Білім беру стандарты, жоспар
Жалпы мақсаты Білу: Денелердің жүзу шарттарына және оған қатысты ұғымдарға түсінік береді,формулаларын біледі.
Түсіну: Шамалардың өзара тәуелділігін, байланысын шеше алады
Қолдану: Теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана алады,есептін мәселесі бойынша суретін салады, денеге әрекет ететін күштерді схема түрінде көрсетеді, есептеуге қажетті формуланы анықтайды және формуладан белгісіз шаманы анықтай алады.
Талдау: денеге әрекет ететін күштерді салыстырады, олардың ара қатысын белгілейді.
Жинақтау: Өз ойларын жүйелеп, шығармашылықпен жұмыс жасай алады.
Бағалау:есептін шешімін өзара топпен талқылайды ,түсіндіреді,нақты критерий бойынша бағалайды.

Әдіс - тәсілдер
•"Микрофон"
• Пед.бақылау
• Блум таксономиясы бойынша бақылау тапсырмалары
Күтілетін нақты нәтиже
Өткен тақырыптарды пысықтайды, қайталайды, сабақ мақсатын анықтай алады
Жеке,жұппен, топпен ынтымақтаса жұмыс жасауды үйренеді.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
(А) Есептер шығаруда теориялық білімін жан-жақты қолдана алады және
денеге әрекет ететін күштерді салыстырады, күштердің арасындағы тәуелділікті анықтай алады, олардың ара қатысын белгілеп, күштерді схема түрінде көрсетеді,қолданатын формуланы белгілеп, ондағы белгісіз шаманы анықтайды.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
(В) Теориялық білімдерін практикада қолданады : есептерді шығаруда
есептің шартына сәйкес қажетті формуланы пайдаланады, денеге әрекет ететін күштерді схема түрінде көрсетеді.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері (С) Есеп шығаруда қажетті формуланы анықтай алады, шарттарды түсіндіреді.
Негізгі идеялар Дененің сұйық ішіндегі қозғалысына және дене материалы тығыздықтарының арасындағы байланысқа негізделеді.
Негізгі бөлім Ұжымдық жұмыс,жеке жұмыс, топпен жұмыс
«Көпір тапсырмалары»
«Білу»
Ареометр дегеніміз не,ол не үшін қолданылады?
Дирижабльдің қызметі қандай?
Ватер сызық не үшін қажет?
Сүнгуір қайықтың жүзуі ,батуы, су бетіне қалқып шығуы қалай жүзеге асырылады?
Архимед күші мен ауырлық күші қалай бағытталады?
«Түсіну»

Кестені толтыр

Р/с
Физикалық шама
Белгісі
Формуласы Өлшем бірлігі

1
Архимед күші
FA

H

2
Тығыздық
ρ
ρ= Fa/gVд

3
V
V= Fa/gρ
м 3

4
Масса
... = Р/g
кг

5
Ауырлық күші

Н

«Қолдану»
Есептер шығару
Суға толық батырылған көлемі 1 дм3 тығынға әсер ететін архимед күшін анықтаңдар. ρт=240 кг/м3
Көлемі 0,4 м3 болатын дене суға жартылай батырылған. Денеге әсер ететін архимед күші қандай?
Қалқып жүрген ағаш білеуше 0,5 л суды ығыстырып шығарады. Білеушенің салмағы қандай?
Мұздың ауданы 8 м2, қалыңдығы 25см.Егер оған салмағы 600Н адам тұрып алса, мұз толығымен суға бата ма?
«Талдау» Сәйкестігін тап
F кг/м3
ρ кг
V Н
g м3
m Н/кг
«Жинақтау» 5 сұрақтан тұратын «графикалық бақылау» жаз.
«Бағалау» • Ынталандыру
• Жұптық бағалау (бармақпен бағалау)
• Топтық бағалау критерий бойынша.
• Кері байланыс (бағалау парағы арқылы)

Үй тапсырмасы
§44-48 бойынша 10-15 сұрақтан тұратын тест жазып келу.

Бағалау парағы

Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім:
Сабақта не оңай болды?
Сабақта не қиын болды?
Алдағы уақытта кездескен қиындықты қалай еңсеремін?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.