.
.
Құрметті оқушылар , көрермендер . Ойыншылар. “ Физика әлемінде ” танымдық Физика әлемінде ” танымдық ойыны
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2459 | Размер: | Автор: Нартай4540ойынына қош келдіңіздер.
Ғалымдардың патшасы атанғансың
Архимед , Ньютон Галилейден бата алағансың
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – физика атанғансың
“Атажұрт” бағдарламасы негізінде танымдық – физикалық ойынға қатысушыларды
таныстырамыз .
1. “ Аристотель ” 2. “ Галилей ”
тобы және оның мүшелері
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты ол
Еңбектену жалықпау
Сәт – сапар тілеп баріңе
Сайысты енді бастайық
Ойынның алғашқы “Өткел” кезеңінде сұрақ алдымен топ басшыларына қойылады.
“ Аристотель ” тобына ..
1. Молекулалары бей – берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агреаттық күйі
( газ )
2. Атомның құрылысы неден тұрады ( ортасында оң зарядталған ядро , протон , бейтарап элемент электрон және теріс зарядталған электрон.)
3. Тығыздықтың өлшем бірілігі (кг\м3)
4. Вольтметр тізбекке қалай жағынады . (параллель)
5. Сандық мәінімен бірге бағыты да көрсетілген қандай физикалық шаманы ата (күш)
6. Ауырлық күшінің формаласын ата .
“ Галилей ” тобына..
1. Дене молекулалары бір – біріне жанасқан кезде өз - өзінен бір – біріне ену құбылысы қалай аталады. (диффузия)
2. Периодтың өлшем бірлігі (секунд)
3. Массасы 1кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығаттынын көрсететін физикалық шаманы ата(отынның меншікті жану жылуы)
4. Биіктігі 760мм.сын бағанының қысымына тең,0 градус температурадағы атмосфералық қысымды ата (қалыпты атмосфералық қысым)
5. Үйкеліс күшінің формуласын ата?
6. МКТ теориясын ата.
“БЕЛЕС” кезеңінде сұрақтар топқа қойылады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қосымша көмек алса, ұпай саны кемиді.Сұрақты қиынсынса және қарсыластары жауап беруге ынта танытса,жауап беру кезегін қарсыластар кезегіне беріуге құқы бар.Бұл жағдайда ұпай қарсыластарына жазылады.Егер топ кезегін бермей өздері жауап беріп, олары дұрыс болмай шықса, тиесілі ұпайлары жинаған ұпайларынан алынып тасталады.
“БЕЛЕС КЕЗЕҢІНІҢ СҰРАҚТАРЫ”:
1.Негізгі сұрақ. Бұл құбылысты алғаш рет суда қалықтаған плаун спорасын микраскоппен қарап байқаған кейін ол уақ бөлшектерді, Египет перамидаларының тастарының бөлшектерін қарастырады.Қазірде суда ерімейтін гуммигут бояуның бөлшектерін пайдаланады.Бұл бөлшектер бей - берекет қозғалыста болады.Ең ғажабы бұл қозғалыс еш уақытта тоқтамайды.Температура артқан сайын молекулуның қозғалғыштығы артады.Бұл құбылыс қозғалысты газда,ауада, қалықтаған тозаңнан немесе түтіннің бөлшектерінде байқаған болады.Бұл құбылысты неміс физигі ПОЛЬ бақылаушыны қызықтыратын етіп әдемі суреттеген. Бұл қандай тәжірбе, оны ашқан ғалымының есімі?
Қосымша көмек: Бұл суықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
Жауабы: Бұл құбылысты алғаш рет 1827 ж ағылшын батонигі Р.Броун ашқан, Броуындық қозғалыс деп атаймыз
2. Негізгі сұрақ:1786ж бұл ғалым бақаның табанын кесе салысымен оны металмен жалғап, оның бұлшық еттерінің секірісті жиырылуын байқады.Осы құбылысты жан – жақты зерттей отырып , “Бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде электр күші туралы тракаттар” атты кітабында толығымен сиптатталды.Бұл құбылысты зерделеп ,оны түсіндіру үшін итальян ғалымы Александро Вольтанның еншісіне тиді.Бақан бойына “тірі” электр жоқ, оның бұлшық етінін жиырылуы түрлі екі өткізгішті жалғанда пайда болатын электр тогынын бақа денесінен өтуі деп дәлелденеді. Бұл қандай тәжірибе, оны ашқан ғалымның есімі?
Қосымша көмек:Бұл құбылысты зерделеп , оны түсіндіру үшін итальян ғалымы Александро Вольтаның еншісіне тиді.Бақаның ойында “тірі” электр жоқ, оның бұлшық етінің жиырылуы түрлі екі өткізгішті жалғанда пайда болатын электр тогының бақа денесінен өтуі деп дәлелденді.
Жауабы:Бұл құбылысты гальваникалық элемент итальяндық анатом және физиолок Луиджи Гальвакнидың құрметіне атаған, ол атмосфералық электрдің бақа еттеріне әсерін әсерін сақтаған.
“Бекет” кезеңінін сұрақтары:
1.Негізгі сұрақ.Пизе қаласындағы биік көлбеу мұнарадан диаметрлері бітрей, шрйын келіп түсетініне көз жеткізді.Ол мынадай ұйғарымға келеді.Егер ауаның кедергісі болмаса, онда құстың қауырсыны мен ауыр шардың мұнарадан жерге түсу уақыты бірдей болар еді.Осы гипотезаны тексеру үшін ұзын шыны түтікшенің қорғасын шар мен құстың қауырсынын салып,пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен , олардың әртүрлі орталардағы тұжырымдарының дұрыстығына тәжірбие арқылы көз жеткізеді.Ғалым өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады, өйткені сол кезеңде ауа соратын арнайы құралдар , сорғылар әлі де жоқ болатын.Осы тәжірбені әрі қарай Ньютон жүзеге асырады.Ұзындығы 1м шыны түтікке қорғасын кесегі
(бытыра) , ағаш қабығынан жасалған тығын және құстың қауырсыны салынады. Түтікті тез төңкергенде бұл денелер түтіктің түбіне әр түрлі уақытта жетеді, егер түтік ішіндегі ауаны сорылап алғанда , онда денелер бір мезгілде түсер еді. Бұл қандай тәжірбие, қай ғалымның тәжірбесі ?
Қосымша көмек: Осы тәжірбеден кейінгі шыққан ұйғарым Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелерінің түсуі – еркін түсу деп аталады.
Жауабы: Денелерінің жерге құлап түсуін зерттеу үшін
итальян ғалымы Галилео Галелей.
2.Негізгі сұрақ: Аңыз бойынша Ғалым бұл жаңалықты шіркеудегі шырақтың шайқалуын бақылай отырып ашқан екен.Құлшылық ету кезінде ол шырақтың тербеліс құлашының кішіриетінін, яғни тербеліс амплитудасының азаятынын, бірақ периодтың өзгермей қалатынын байқаған. 1656 ж 70 жылдан Х.Гюегнге осы идеяны жүзеге асырып , маятникті сағат құрсатырды.Бұл сұрақтарға қандай тәжірбие, жасаған ғалымды атаңыз?
Қосымша көмек: Ғалым маятниктің тербеліс периодының оның амплитудасына тәуелді болмайтын тәжірбие жүзінде дәлелдей отырып , уақыт өлшеуіші сағат ретінде пайдаланады.
Жауабы:Жіпке немесе серіппеге ілінген жүктің тербеліс амплитудасына тәуелді болмайтынын 1583 ж итальяның ұлы физигі Галилео Галелей ашқан.
“ Асу” кезеңінде сұрақтар барлық топ ойыншыларына қойылады.Сұрақтары топ капитаны алдарына ілінген ұяшықты терезелерден өздері таңдайды. Әр топқа екі сұрақтан қойылады.Осы кезең соңында жинаған ұпай сандарымен жеңімпаз топ анықталады.
1 Физикалық құрал
2 Ғалым туралы
3 Физикалық заңдылықтар
1.Негізгі сұрақ. Өз тәжірбиесінде ғалым жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәріздес ыдысқа орналыстырылған шыны таяқшадан тұратын қондырғы иірмелі тарызыны қолданылады.Таяқшаның бір ұшына кішкентай металл шар бекітілген.Ал 2 ұшына оны теңгеріп тұратын жүк орналасқан.Шараларға аттас заряд бергенде олар бір – бірін тебеді, өзара әректтесу күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтауға болады.Ол осы тәжірбие арқылы вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашқан.Бұл сұрақ бойынша заң қалай аталады, оны тәжірбие арқылы дәлелдеген қай ғалым ?
Қосымша көмек: Ғалымның тәжірбиесі Ньютон ашқан бүкіләлемдік тартылыс
заңына ұқсас.
Жауабы: Француз ғалымы 1785 ж тәжірбие жүзінде электростатиканың негізгі заңы Кулон заңы деп аталады.
2. Негізгі сұрақ. Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай – жармай ішінде қоспасы бар – жоғын білуді ұсынған.Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай төгілген, сонда оның ойына мәселенің шешуі келген.Ол қуанғаннан “Эврика! Эврика!” деп айқайлап жіберген.Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген.Аңыз бойынша тәж затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шықты. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым тамаша табысқа ие болған. Бұл сұрақ бойынша қай ғалым туралы айтылады?
Қосымша көмек: Өзінің туған қаласын Сиракузды қорғау үшін әскери машина ойлап тапты.Ол маған тіреу нүктесін беріңдер, Жер шарында орнынан қозғалта аламын.
Жауабы: Архимед (б.з.б. 287 – 212).
3.Негізгі сұрақ Ауа райын сипаттайтын шама атмосфералық қысым қорап ішіндегі қысым тұрақты.Сондықтан атмосфералық қысым өзгергенде мебрана көп немесе аз майысады.Ал мебранаға стрелка бекітілген.Осы стрелка шкалдан атмосфералық қысымды нұсқайды.Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?
Қосымша көмек: Бұл құралды итальян ғалымы тәжірбие жүзінде Торричели ойлап тапты .
Жауабы: Барометр
4.Негізгі сұрақ: Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылауы бар шардан және поршенді цилиндрден тұрады.Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршенді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындыққа шапшып, будақтап шығаратынын байқаймыз.Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?
Қосымша көмек: Бұл құралмен жасаған тәжірбиелерге сүйене отырып , “ сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі” деген қағиданы алдық.
Жауабы: Паскаль шары.
5.Негізгі сұрақ . Ол Жер бетінде, демек оның ортасынан 6400 км қашықтықта еркін түсу үдеуі 9,8 м/с2, ал 60 есе үлкен қашықтықтағы Айда: 3600 = 602. Демек, еркін түсу үдеуі Жер ортасынан ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал азаяды. Ньютонның екінші заңына сәйкес үдеу күшке пропорционал.үдеудің осылай азаюы тартылу күшінің ара қашықтықтан тура сондай тәуелділігінен.
Екі дене оларды жалғастыратын түзу бағытымен біріне-бірі массаларының көбейтіндісіне тура пропорциянал болатын күштерімен тартылады. Бұл қандай заң деп ойлайсыз.
Қосымша көмек: Тажірбие қорытындысы бойынша сандық мәнге 6,67*Н*м/кг тең бұны гравитациялық тұрақты деп атаймыз.
F = G m1m2
r2
Жауабы: Бүкіләлемдік тартылыс заңы деп атаймыз.
1 Негізгі сұрақ. Тербеліс периодының еркін түсу үдеуіне тәуелді болатындығы тәжірибеде жер бетінің әр түрлі нүктелеріндегі еркін түсу үдеуін дәл өлшеу үшін пайдаланылады.. Жер бетінің
қажет аймағындағы еркін түсу үдеуін өлшеу үшін сол жерге маятникті
құралдарды орнатады да, маятниктің Т тербеліс периодын өлшейді. Периодтың
алынған мәні мен маятниктің белгілі ұзындығы бойынша сол жердегі еркін
түсу үдеуі есептеледі. Еркін түсу үдеуін есептеу нәтижелері бойынша пайдалы қазба байлықтар қоры жатқан аймақты анықтауға болады. Суретте қандай құрал бейнеленген
Қосымша көмек: Бұл құралмен жасаған тәжірбиелерге сүйене отырып , есепті мына формула арқылы есептеуге болады.
Жауабы: математикалық, серіппелі маятник
2. Негізгі сұрақ 0 мен 100 нүктелерінің аралығындағы шкаланы бірдей 100 бөлікке бөліп ,градус деп атаған. Сұйық бағанының бір бөлікке орын ауыстыруы температураның 1 градусқа өзгеруіне сәйкес келеді. 0градустан төмен температураға минус таңбасын қояды. Осы шкаланы ұсынған швед астраномы кім?
Қосымша көмек: оны t,0 С-деп белгілейді .
Жауабы: А. Цельсий
3 Негізгі сұрақ Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Ол электромагниттік индукция құбылысына негізделген. ферромагниттi өзекшеге кигiзiлген өткiзгiштердiң екi жақты орамдарынан тұрады Бiрiншi реттi орамдар арқылы айнымалы ток өткен кезде ферромагниттiк өзекшеде айнымалы магнит ағыны пайда болады. Бұл магнит ағыны өз кезегiнде екiншi реттi орамдарды да тесiп өтетiн болғандықтан осы орамдарда
индукциялық ЭҚК-iн туғызады. Егер екiншi реттi орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тiзбектен де айнымалы ток өтедi. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзiнiң айнымалы магнит ағынын туғызады Бұл құрылғыны қалай атаймыз.
Қосымша көмек: Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И.Ф. Усагин жетілдірді.
Жауабы: трансформатор
Негізгі сұрақ : 1895 жыл неміс ғалымы ауасы сорылып алынған түтіктердегі электр тогын зерттеу үстінде ерекше сәулелердің пайда болатынын байқаған. Бұл сәулелер көзге көрінбейді. Бірақ заттарда жарқыл туғызады және жабық фотография пластинкасын қарайтады. Бұл сәулелер қазіргі таңда өмірдің көптеген салаларында кеңінен қолданады. Бұл қандай сәуле?
Қосымша көмек: . жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа сәуле.
Жауабы: рентген сәулесі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.