.
.
«Физикалық бағдаршам» атты танымдық сайыс «Физикалық бағдаршам» атты танымдық сайыс
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1713 | Размер: | Автор: Нартай4540Пәні: Физика және астрономия
Тобы: МтБ – 61, ИнБ – 81, ББ – 21,МБ – 81, ТжБ -11
Күні : 15.02.2014 жыл
Уақыты: 11 -00
Өткізілетін орны: 1 кабинет
Мақсаты:
1. Білімділік: Білімге деген көзқарастарын қалыптастыра отырып,өз білімін бағалауға дағдыландыру
2. Дамытушылық: Оқушылардың білімге қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайдтар, фишкалар
Пәнаралық байланыс: астрономия, математика, тарих
Ойын барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру,жеңімпазды анықтау.
2. Ойын жүрісі:
- Құрметті ұзтаздар, қонақтар, оқушылар сіздерді «Физикалық бағдаршам» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 1 курс студенттері қатысып отыр, сайысымыз 3 турдан тұрады.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасы мен таныс болайық.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Сариева Г
Директордың оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары – Жаңбырова Г
Директордың оқу – өндірістік практика жөніндегі орынбасары – Әділов С
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш өнер білімменен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей , кім шығады сайысуға– деп бүгінгі сайысымызға қатысушыларды таңдап алайық. (көрермендерге сұрақ беріп, 9 қатысушы таңдап аламыз)
Сұрақтар.
1. Астрономияда пайдаланатын ең басты құрал? (телескоп)
2. Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)
3. Дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі? (деформация)
4. Алғашқы қазақ ғарышкері? (Т Әубәкіров)
5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама?(күш)
6. Еркін түсу үдеуінің сан мәні неге тең? (9,8 м/с2 )
7. Жолдың жылдамдыққа қатынасы? (уақыт)
8. Инерцияны ашқан итальян ғалымы? (Галилео Галилей)
9. Температураның өлшем бірлігі? (градус)
10. Дененің көлемін өлшейтін құрал? (мензурка)
11. Физика сөзі қай тілден шыққан (грек - табиғат)
12. Пішіні мен көлемін сақтамайды? (газ)
13. Табиғи жарық көзі? (күн)
14. Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)
15. Қай планетаның сақинасы бар? (сатурн)
16. Энергияның өлшем бірлігі? (Дж)
17. Атомның моделін құрған кім? (Резерфорд)
18. Кедергінің өлшем бірлігі? (Ом)
Ойынға қатысушылар қызыл, сары, жасыл жолдарға тұрады. Қызыл жолға тұрған ойыншы қателеспеуі керек, сары жолда - 1 рет қателесуге болады, жасыл жолда – 2 рет қателесуге болады. Әрбір жолға 3 оқушыдан келеді. Әрбір сұрақ 2 ұпаймен бағаланады.
Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады
Кім біледі көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады үш тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік білімдерін сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт алдына – дей отырып І турымызды бастаймыз.
І тур
Қызыл жол
1. «Эврика» деп айғайлап, заң ашты, ол кім? (Архимед)
2. Авогадро тұрақтысының сан мәні? (6,02* 1023 моль-1)
Сары жол
1. Жазуға болатын химиялық элемент? (бор)
2. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы? (электр тогы)
3. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 60 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? (1 сағ 60 мин = 80 мин)
Жасыл жол
1. Нейтронның заряды қандай, оң немесе теріс? (заряд жоқ)
2. Больцман тұрақтысының сан мәні? (1,38* 10-23 Дж/ К)
3. Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады?(5)
4. Электр шәйнегінің екі спиралы бар. Қай жағдайда су тезірек қайнайды? Спиральдерді тізбектей немесе параллель қосқанда? (параллель)
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып сайысымыздың ІІ турын бастаймыз.
ІІ тур
Қызыл жол
1. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағат 43 минут)
2. Диффузия деген не? (бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының кеңістігіне еніп кетуі)
Сары жол
1. Жоғалмайды ешқашан,түрлендірсең егерде
Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (энергия)
2. Жерден көтеру оңай, бірақ лақтыру қиын (мамық)
3. Кемпірқосақтың түсі не деп аталады? (спектр)
Жасыл жол
1. Судың үш күйін ата? (қатты, сұйық, газ немесе мұз, су, бу)
2. Ең алғаш ғарышқа ұшқан ұшқыш, аты қандай? (Ю. А. Гагарин)
3. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін (электр тогы)
4. «Мен енді білемін, атомның қандай екенін!» - осы сөзді айтқан кім? (Резерфорд)
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер – дей отырып ІІІ турымызды бастаймыз.
ІІІ тур
Қызыл жол
1. Столдың басында 2 әке мен 2 бала отыр. Оларға үш алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)
2. Кернеуді өлшейтін құрал? (вольтметр)
Сары жол
1. Токтың қуатын өлшейтін құрал? (ваттметр)
2. Токтың жылулық әсері дегеніміз не? (өткізгіштің бойымен ток өтсе, ол қызады)
3. Мұз жарғыш жүзіп келеді
Бауыры қызып келеді
Абайла ойып түсер
Ондайлар бұзық келеді (үтік)
Жасыл жол
1. Токтың физиологиялық әсері дегеніміз не? (жануарлар бойымен ток өтсе, олардың бұлшық еттерінің жиырылуын туғызады, адам бойымен ток өтсе ол ауыр әсер қалдырады)
2. Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды
Реленің күшімен бүлдірместен баптайды (аккумулятор)
3. И Ньютонның заңын ашуына не себеп болды? (Алма)
4. Торғайлар бұтаққа бір – біден отырса, бір торғай, ал олар екеуден отырса бір бұтақ артық қалады. Бұтақ қанша, торғай қанша? (үш бұтақ, төрт торғай)
Қорытынды
Жарыстың сәтітаяп қалды
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Әділқазы сіздерге сөз береміз
Қай тобымыз жеңімпаз болып сарапталды – дей әділқазыларға сөз кезегін береміз.(Әділ қазылар алқасы қортынды жасап, жеңімпаз топ марапатталады)
Осыменен қызықты тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба, жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!
Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі
Физикалық бағдаршам
(танымдық сайыс)
Дайындаған физика пәнінің оқытушысы: Л. Мектепова
Бейнеу 2014 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.