Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. 7-сынып -

Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. 7-сынып

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 8121 | Размер: | Автор: Нартай4540
. № 9 орта мектеп

Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.
7-сынып

Физика пәнінің мұғалімі: Юсупова Гульзира Салимқызы

Жітіқара қ. 2014 ж
Сабақтың тақырыбы: Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Топтарға бөлу. Топ ережелерін қайталау. Рөлдерін анықтау (көшбасшы, хатшы, уақыт бақылаушы)
3. Үй тапсырмасын тексеру (әр топқа карточкадағы тапсырма)
1-топ: Бақылау
2-топ: Эксперимент
3-топ: Теориялық талдау (А4 парағына жазу)
Бағаларын бағалау парағына қою

4. Жаңа сабақ
1. Жаңа тақырыпты ашу: (өлшеу құралдары туралы видеобейне)
Балалар, бұл видеобейнеде не көрсетілген? Оны қайда қолданады?
Табыс критериі: Ендеше, бүгінгі сабағымызың тақырыбы қандай? Ал бүгінгі тақырыптың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Бүгінгі сабаққа дейін шамалар туралы не білдіңдер?
Осы сабақта нені білуге болады?
2. Оқулықпен жұмыс:
1-топ: физикалық шамалар 1-4 бөлім
2-топ:өлшем бірліктері 2-4 бөлім
3-топ: физикалық шаманы өлшеу 3-4 бөлім
(алған керекті мәліметті тұжырымдамалық картаға бейнелеу және жазу)

3. Өзіндік жұмыс
Үстелге үш мензуркаға құйылған суды қойып, тапсырманы орындауды ұсыну.
Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар осы тұрған заттар не үшін керек?
Аспап аты Өлшенетін физикалық шама Аспап шкаласының бөлік құны Физикалық шаманың мәні Аспаптағы судың көлемі (V,см3)
Мензурка мл 1 мл көлем

150-100=50 см3
( 150 мен100-дің арасындағы бөліктін санына бөлеміз)
50:10=5 см3-құны
Топтар шығып жұмыстарын қорғайды. Басқа топтар сұрақтарын қояды.
Табыс критериі: бүгінгі алған білімдерінді қайда қолданасыңдар?

5. Сабақты бекіту: «Ыстық үстел» ойыны (топтар арасындағы сайыс)
Кері байланыс кестесін толтыр
6. Бағалау
(барлық бағаларын қорытындылап бақылаушылар бағаларын қояды, мұғалім қорытынды бағасын шығарады)
7. Сабақты қорытындылау:
Ақылдың алты қалпағы
Бүгінгі жұмыс істеген топтарын туралы пікір
Бүгінгі сабақта не ұнады, нені тағы білгілерің келеді?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.