Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Гук заңы §36. Динамометр -

Гук заңы §36. Динамометр

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3057 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Солтүстік -Қазақстан облысы
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан
Жеңіс негізгі мектебі
жетінші сынып
физика пәні мұғалімі Кульмаганбетова Гульнара Нургазыевна

Сабақ тақырыбы: §35. Гук заңы
§36. Динамометр
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Гук заңы, динамометр туралы оқушыларға жан-жақтылы түсінік бере отырып, оқушылардың ізденістерін жетілдіру.
2. Дамытушылық. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жарату. Өз ойын ашық айта білетін жеке тұлға қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, қарапайым, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс, құрал-жабдықтармен және тестпен жұмыс. ( Сын тұрғысынан ойлау әдістері )
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, үлестрмелер, диномометр, сызғыш, өшіргіш, шар.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру, сыныпты
2 топқа бөлу
ІІ. Қызығушылықты ояту.
1. Екі топқа сұрақтар беріледі, сол бойынша оқушылар өз топтарымен ассоциациялық карта сызады:
1) Деформация деп нені айтады?
2) Деформация түрлері ?
3) Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады
І, ІІ – топ.

Пластикалық дене пластилин

Серпімділік күш

пластикалық созылу сығылу серпімді

пішіні өлшемі пішіні өлшемі

өзгереді өзгермейді

2. «Кім жүйрік?» сайысы
І – топ.
Мектептен үйге жету үшін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін айту керек.
1) А) Жол Б) жылдамдық В) уақыт С) масса Д) кұш Е) тығыздық





ІІ – топ.
Мектептен үйге жету үшін өлшем бірліктері бойынша физикалық шамаларды айту керек.
2) А) м Б) м/с В) с С) кг Д) Н Е) кг/м³





ІІІ . Жаңа сабақ

Гук заңы. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни:
Тірек сызба арқылы түсіндіру:

Гук заңы

- дененің созылу

немесе сығылу шамасы
түсірілген сыртқы күш қатаңдық


.

Мұндағы F-түсірілген сыртқы күш, -дененің созылу немесе сығылу шамасы. k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық нъютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі. k-қатаңдық дене материалына және оның өлшемі мен пішініне байланысты.

Динамометр. Күшті өлшеу үшін аранайы құралдар – динамометрлер (грекше динамис-күш және метро-өлшеймін) қолданылады. Динамометрлердің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады.

серіппе


Динамометрлердің бірнеше түрі бар. Қол динамометрлері және біршама үлкен шамадағы күштерді өлшейтін арнайы динамометрлер.

Динамометр:


Қол динамометрлері Арнайы динамометрлер.



ІV. Білімді бекіту, тиянақтау.

1. «Кім көп біледі ?» ойыны.

Әр топ сұрақтарға жауап береді.
1. 100 кг таспен 0,1 т ағаштың қайсысы жеңіл?
2. Массасы 0,5 т құм мен 500 кг топырақты араластырғаннан кейінгі қоспаның массасы қандай болады?
3. Болат серіппе 150 Н күш әрекетінен 500 см-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын есептеңдер.
4. F=1000 H, k=100 Н/м. х-?
5. .

2. «Дәлдеп көзде».
Дұрысын тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсет.


Тест жұмысы

I нұсқа - І топ
1. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты ағылшын физигі Роберт Гук қай жылы анықтаған?

A) 1660 cool 1659 C) 1661 D) 1670

2. Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке қандай пропорционалдық қатынаста болады?

A) кері cool тура C) қарама-қарсы D) кері және тура

3. формуласындағы k-

A) жұмсақтық cool қалыңдық C) қатаңдық D) ұзындық

4. күшті өлшейтін құрал-

A) сызғыш cool таразы C) сағат D) динамометр

5. Күштің SI жүйесіндегі өлшем бірлігі-

A) Н cool м/с2 C) м/с D) с

II нұсқа - ІІ топ

1. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты анықтаған ғалым?

A) Эйнштейін cool Қаныш C) Нъютон D) Гук

2. Гук заңының формуласы-

A) F=ma cool F=mg C) D) F=(g+a)

3. k-қатаңдықтың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі-

A) Н cool Н/м C) м D) м/с

4. Динамометр нені өлшейтін құрал-

A) күшті cool массасы C) уақытты D) салмақты

5. Динамометр қандай заң негізінде пайда болған?

A) Кедергі заңы cool Нъютонның заңы C) Сақталу заңы D) Гук заңы

V. Сабақты қорыту:
Әр топтың ұпайы есептеліп, көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімі бағаланады.
Оқушылардың білімін бағалау кестесі:

Аты-жөні Ассоциация-лық карта

«К «Кім жүйрік?»
сайысы «Кім көп біледі?» ойыны «Д «Дәлдеп
көзде»
ойыны
3. Қорытынды баға




VI. Үйге тапсырма: §35- §36 оқып, 13-жаттығуды орындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.