.
.
Маңғыстау облысы. Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2263 | Размер: | Автор: Нартай4540Ақтау қаласы.
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 орта мектебі.
\
Физикадан ашық сабақ жоспары.
Тақырыбы:
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.
(7 сынып)
Пән мұғалімі: Таяубергенова Зейнеп Нурбергеновна.
Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Үйкеліс неге байланысты, неге байланыссыз екенін тәжірибе арқылы оқушылардың өзі тәжірибелер жүргізу арқылы көз жеткізіп қорытындылау.
Тәрбиелілік мақсаты: топпен жұмыс жасауға, өздерін –өздері бағалауға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: зейінін, есте сақтау қабілетін арттыруға ықпал ету.
Көрнекілігі: карточкалар, динамометр, жүктер, тегіс, кедір –бұдыр қағаздар, оқулық, «ҮЙКЕЛІС» слайд, техникалық құралдар.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Өткенді қайталау. /4 топқа бөліп , карточкамен жұмыс істеу/
Жаңа сабақты меңгерту. /Оқушыларға проблемалық сұрақтар беру арқылы тақырыпты ашу. Жаңа материалды зерттеу, бекіту/
Жаңа сабақты пысықтау.
Қорытынды. /бағалау, үйге тапсырма/
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын қадағалау. Оларды 4 топқа бөліп, топтың жетекшісін сайлап алу.
ІІ. Өткенді қайталау
Интерактивті тақтада алдын –ала дайындалған карточкалардағы қайталау сұрақтары ашылады.
1-топқа:
Қолдан түсіп кеткен дене жерге құлайды. Денеге қандай күш әсер етеді?
500кг денеге әсер ететін ауырлық күші неге тең?
Тәжірибе: 4 жүк іліп, салмақты тап.
2- топқа:
Ауырлық күші деген не?
Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?
Тәжірибе : 2 жүк іліп, салмақты тап.
3- топқа :
Серпімділік күші деген не?
0,5 кг денеге әсер ететін ауырлық күші?
Тәжірибе: 3 жүк іліп салмақты тап.
4- топқа:
Дене салмағы дегеніміз не?
50 кг денеге әсер ететін ауырлық күші?
Тәжірибе: бір жүк іліп, күшті тап.
Интерактивті тақтадан 2-слайдта жауаптары көрсетіліп, топ басшылары қолдарына берілген «Жауап парағын» толтырады.
Жауап парағы
Топ жетекшісі_____________________________________
Сыныбы___________________________________________
Қайталау тапсырмалары Жаңа тақырып бойынша тапсырма Бекіту тапсырмалары қорытындылау
І топ ІІ топ ІІІ топ ІҮ топ
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Оқушылардың алдына проблема қойылады.
Күш әсерінен дене қозғалады. Қозғалатын денелерде не байқалады?
А) Детальдар тозады
Б) Күш әсері тоқтаса, дене тоқтайды.
В) Шаңғы, коньки тепкенде қандай күштің әсері әсері білінеді?
Бұл қандай күш?
Мына суреттерге қарап денені қоғау үшін қандай күшті жеңу керек? Шаңғышының үйкелісі қандай үйкеліс күш? Велосипедтің дөңгелегінің үйкелісі қандай?
3- слайдты дайындап ашып оқушыларға сұрақтар беру арқылы үйкеліс күшінің анықтамасын, түрлерін, белгіленуін көрсету.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
Үйкеліс күшін толық сипаттау үшін оның қандай шамаларға байланысты екенін тағайындау үшін 4 топқа /5мин/ тапсырма беріледі. Тәжірибенің орындалуын карточкаларға жазылып әр топқа алдына қойылады.
1-топ: Сырғанау , домалау, тыныштық үйкелістерін салыстыру.
Керекті құралдар: динамометр, жүк, домалақ қарындаштар.
Жұмыс барысы:
Динамометрдің бөлігінің құнын анықта.
Ағаш білеуді қойып, оның үстіне жүк қойып, тыныштық үйкеліс күшін есепте.
Ағаш білеуді тұрақты жылдамдықпен қоғай отырып, сырғанау үйкеліс күшін өлше.
Екі қарындаш үстіне білеуді қойып, домалау үйкеліс күшін анықта
Әр түрлі үйкеліс күштерін салыстырыңдар.
2 –топ: Сырғанау үйкеліс күштерінің жанасатын беттердің материалының тегіне байланыстылығын зерделеу.
Керекті құралдар: динамометр, ілмекті жүктер, тегіс қағаз, кедір –бұдырлы қағаз.
Жұмысты орындау:
Ағаш білеуді үстіне жүк қойып, әуелі столмен , сосын тегіс қағазбен, содан кейін кедір –бұдыр қағазбен үйкеліс күштерін өлшеп, кестені толтыр.
Үйкелісетін бет түрі Үйкеліс күші
Ағаш пен ағаш
Ағаш пен тегіс қағаз
Ағаш пен кедір- бұдыр қағаз
Үйкеліс күші неге байланысты:
А) Жанасатын беттердің материалының тегіне;
Б) Жанасатын беттердің тегістігіне.
3 –топ: Сырғанау үйкеліс күшінің дене массасының байланысын зерттеу.
Керекті құралдар: Динамометр, ілгектері бар жүктер.
Жұмыс барысы:
Динамометрдің бөлік құнын анықтау
Ағаш білеуді столға қойып , үйкеліс күшін анықта
Білеудің үстіне жүк қойып, үйкеліс күшін өлше
Үйкеліс күші дене массасына тәуелді ма?
4 –топ: Сырғанау үйкеліс күшінің жанасатын беттердің ауданына байланысты емес екенін зерделеу.
Керекті құралдар: динамометр, ілмекті білеу ағаш -2.
Жұмыс барысы:
Динамометрдің бөлігінің құнын анықтау
Ағаш білеуді үлкен жағымен столға қойып, үйкеліс күшін анықта
Білеуді кішкентай жағымен столға қойып, үйкеліс күшін анықта
Үйкеліс күші жанасатын денелердің бетінің ауданына байланысты ма?
Әр топ өзінің тәжірибесін қорытындылайды.
F(үйк/тын)>F(үйк/сырғ)>F(үйк/дом)
Үйкеліс денелердің материалына, жанасатын беттің кедір –бұдырына байланысты.
Үйкеліс масса өскен сайын өседі.
Үйкеліс беттердің ауданына байланысты емес.
Оқушылардың қорытындысын толықтырып, үйкеліс күшінің формуласын тақтаға жазамын.
Fүйк=μN=μmg
N- нормаль қысым күші. μ –үйкеліс коэффициенті.
Үйкелістің тұрмыста, техникада пайдалы, зиянды жақтарын бірлесе отырып талдап тақтаға екі графаға оқушылар кезекпен толтырады.
Үйкелісті азайту тәсілі: майлау, подшипниктерді пайдалану, массаны азайту.
Үйкелісті көбейту тәсілі: массаны көбейту, кедір –бұдыр жасау, арнайы материалдарды пайдалану.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
аттығу (1-4)
Ү. Қорытынды. /бағалау, үйге тапсырма/ 32 –тақырып. №14.5
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.