.
.
Сыныбы: 9 «а» Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4862 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы:
Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға механикалық күштер туралы, олардың формуласын, бағытын түсіндіру; сонымен қатар, динамиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау; масса ұғымынығ физикалық мағынасын ашу;
Дамытушылық: жүйелі түрде ойлауға, ізденуге, өз ойын ашық түрде айта білуге үйрету; білімге деген құштарлығын ояту
Тәрбиелік: мұқияттылыққа, үйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға, өздерін еркін ұстауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту, бекіту
Қолданылатын әдістер: оқулықпен жұмыс, кестемен жұмыс, есептер шығару, топтастыру стратегиясы
Көрнекіліктер: кесте, физикалық диктант, қарточкаға жазылған деңгейлік есептер
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
амандасу, түгендеу, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру
Үй жұмысын тексеру
үйге берілген тапсырманы сабақ барысында тексеру
3. Жаңа білімді игерту
А) топтастыру стратегиясы
Анықтамасы
Қандай шама
Белгіленуі Өлшем бірлігі
түрлері
өлшейтін құрал
Жауаптары:
Анықтамасы: Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әркеттің өлшемі болып табылатын физикалық шама.
Күш – векторлық шама
Өлшем бірлігі: Ньютон
Өлшейтін құрал: динамометр
Белгіленуі: F
Түрлері: Ауырлық күші, үйкеліс күші, серпімділік күші, тіректің реакция күші
Ә) кестемен жұмыс (оқулықпен жұмыс)
Р/с Күштің түрлері Белгіленуі Формуласы Анықтамасы Бағыты
1 Ауырлық күші
2 Серпімділік күші
3 Үйкеліс күші
4 Тіректің реакция күші
5 Теңәрекетті күш
§ 12. Ньютонның екінші заңы. Масса
Күштің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп аталады.
Масса – дененің инерттілігінің өлшемі
Ньютонның екінші заңы: денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал.
a=F/m
Ньютонның екінші заңының формуласын
F=am
Бұл теңдеу динамиканың негізгі заңы деп аталады. Бұдан теңәрекетті күш үдеудің шамасы
мен бағытын анықтайтыны шығады.
Ньютонның ІІ заңының негізінде күш бірлігі енгізіледі.
Күш бірлігіне массасы 1 кг дене 1 м/с2 үдеу тудыратынын күш алынған. Си жүйесіндегі күш бірлігі Ньютон (Н) деп аталады. Сонымен,
1Н= 1 кг*м/с2
4. Білімді бекіту
(карточкада жазылған тапсырмалар)
1 карточка
ДИНАМИКА НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ?
Күш әрекетінен массасы 1 кг дене 10 м/с2 үдеу алады. Осы күш массасы 0,5 кг денеге қандай үдеу береді?
2 карточка
ИНЕРЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ
Ұшақтың массасы 60 т қозғалтқыштыңтарту күші 90 кН болса, ол ұшар алдындағы жолда қандай үдеу алады?
3 карточка
НЬЮТОННЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ
Массасы 0,2 кг тыныштықта тұрған денеге 5 с бойы 0,1 Н күш әрекет етеді. Осы дене қандай жылдамдық алады және сол уақыт ішінде қандай жол жүреді?
4 карточка
ИНЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС САНАҚ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
2 Н күш әрекет еткен кезде 4 см ұзарған серіппенің қатаңдығын тап.
5 карточка
КҮШ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Массасы 2 кг дене жоғарыдан 9,8 м/с2 тұрақты үдеумен Жерге түседі. Денеге әсер етуші күші неге тең?
6 карточка
НЬЮТОННЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ
Массасы 5 кг денеге әрекет ететін қорытқы күш 10 Н. Дененің үдеуі неге тең?
5. Үйге тапсырма
1. § 11,12; 10 жаттығу
2. Күш туралы мақал-мәтелдер
6. Қорытындылау, бағалау
А) «Алты қалпақ» әдісі
Ә) Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.