Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кім білгір?  Сыныптан тыс жұмыс (7 - сыныптар арасында) -

Кім білгір? Сыныптан тыс жұмыс (7 - сыныптар арасында)

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3515 | Размер: | Автор: Нартай4540
. №4 орта мектебі

Кім білгір?

Сыныптан тыс жұмыс
(7 - сыныптар арасында)



2009-2010 оқу жылы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сабақтан тыс уақытта оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелілігі: тез ойлау қабілеттерін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу;

Дамытушылығы: физика пәнінен алған білімдерін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Жоспар:
1-бөлім. Мәңгі өлмес ғалымдар.
2-бөлім. Физикалық терминдерді білесіз бе?
3-бөлім. Әзілді-шынды сұрақтар.

Әділ қазылар алқасын сайлаймыз. Ойынға қатысушы екі топ ортаға шақырылады: «Ньютон шәкірттері» және «Жас физиктер» топтары.

1-бөлім



Математика мен математиктер жайлы тәрбиелік маңызы бар сөздер айтылады. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1. Александр Македонскийдің шәкірті? (Аристотель)
2. Саяхат жасауға аттанған сөзі «Ал кеттік!» дейтін саяхатшы (Ю. Гагарин)
3. Итальян ғалымы, инерцияны ашыпты, оны білген балалар, залда жүруден қашыпты. Бұл кім? (Г.Галилей)
4. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? (Архимед)
5. Ауаның салмағын есептеген. (Торричелли)
6. Атомның құрылысын анықтаған. (Резерфорд)

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Әр топтың ұпай саны айтылады.

2-бөлім

Бұл сайыста оқылған сөздердің қай елдің сөзінен шыққандығын анықтау қажет.

1. Пробирка (орыс)
2. Электрон (грек)
3. Үтік (түрік)
4. Инерция (латын)
5. Ракета (неміс)
6. Орбита (неміс)
7. Барометр (грек)
8. Геоцентр (грек)
9. Диффузия (латын)
10. Планет (грек)
11. Деформация (латын)
12. Динамометр (Грек)
13. Гидравликалық (грек)

Әділ қазылар алқасына сөз беріліп, қатысушы топтардың ұпай саны айтылады.

3-бөлім


1. Кім барлық тілде сөлейді? (жаңғырық). (2 ұпай)

2. 36 км/сағ-та қанша м/с бар? (10 м/с) (2 ұпай)

3. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ) (1 ұпай)
4. Егер 1 жұмыртқаны 4 минут қайнатса, 5 жұмыртқаны неше минут қайнатады? (1 ұпай)
5. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (2 ұпай)
6. Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле
7. ХБЖ жылдамдық бірлігі-(м/с)
8. Жол қандай шама ? – Скаляр
9. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді ? -
10. Ақпараттың өлшем бірлігі. (байт)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.