Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математикалық маятниктің тербелісі. -

Математикалық маятниктің тербелісі.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2004 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы
Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясы
Тастанбекова Айпарша Мүтәқызы
Физика пәнінің мұғалімі
Сабақ жоспары №
Сабақтың тақырыбы: Математикалық маятниктің тербелісі.
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға математикалық маятниктің
тербелісінің физикалық заңдылықтарын түсіндіру;
б) оқушылардың танымдық, шығармашылық, өз бетінше
ойлау мен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын
қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру;
Сабақтың түрі: аралас;
Сабақтың көрнекілігі: плакат, мультимедиалық объект.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау:
А) тақтаға екі оқушы үйге берілген есепті шығарады.
Б) Қалған оқушылармен сұрақ-жауап:
1. Тербелмелі қозғалыс кезінде дененің кинетикалық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады? Неліктен?
2. Серіппеге бекітілген дененің потенциалдық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады? Неліктен?
3. Тербеліп тұрған дене траекториясының кез келген нүктесіндегі толық энергия неге тең?
4. Өшетін тербеліске мысалдар келтіріңдер.
5. Айырмашылығы неде?


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Математикалық маятниктің анықтамасын түсіндіру;
2. Математикалық маятникте тербеліс тудыратын күшті талдау;

3. Математикалық маятниктің периоды;
, , , , ,
, , ,
* Сонымен математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға, қалай тәуелді екен?
4. Гармониялық тербеліс графигі;

x Т


А
О t

IV. Жаңа тақырыпты бекіту – тест.

І нұсқа
1. Суретте Оу осі бойымен тербелетін дене координатасының уақытқа тәуелділік графигі кескінделген. Тербеліс амплитудасы қандай?

А) 4см; В) 2см; С) 1см; Д) 0,5см; Е) 0.

2. Суреттегі график бойынша тербеліс жиілігін анықтаңдар.

А) 1с; В) 2с; С) 4см; Д) ½ Гц; Е) ¼ Гц.

3. Дене тербелісінің амплитудасы 0,5 м болса бір период ішінде дене қандай жол жүреді?
А) 0; В) 0,5 м; С) 1м; Д) 2м; Е) 2,5м.

4. Ұзындығы 4,9 м математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең?
А) 4,4с; В) 3,2с; С) 7,2с; Д) 52,4с; Е) 13,2с

5. Математикалық маятниктің тербеліс периоды Т0. Егер оның ұзындығын n есе арттырса, тербеліс периоды қандай болады?
А) nT0 cool n2T0 С) Д) Е)

ІІ нұсқа
1. Суретте дененің координатасының уақытқа тәуелділік графигі кескінделген. Тербеліс периоды неге тең?


А) 1с; В) 2с; С) 4см; Д) ½ Гц; Е) ¼ Гц.

2. Суретте дене координатасының уақытқа тәуелді графигі берілген. Дене тербелісінің циклдік жиілігі неге тең?

А) В) С) Д) Е)

3. 4с ішінде маятник 8 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды неге тең?
А) 8с; В) 4с; С) 2с; Д) 0,5 с; Е) 32с.

4. Ұзындығы 2,45м математикалық маятник 60с ішінде қанша тербеліс жасайды?
А) 190; В) 19; С) 2; Д)38; Е) 76.

5. Тербеліс теңдеуі x=10 cos(16πt+8) (Барлық шамалар СИ жүйесінде берілген). Тербеліс периоды неге тең?
А) 10с; В) 8с; С) 16с; Д) 1/8 с; Е) 1/16 с.

Жауаптары: І нұсқа: В, Е, Д, А, С.
ІІ нұсқа: С, В, Д, В, Д.
V. Есеп шығару
VI. Үйге тапсырма: §27(І,ІІ), 22-жаттығу (4,5)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.