Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математикалық және серіппелі  маятниктердің тербелісі. -

Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі.

Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3493 | Размер: | Автор: Нартай4540
. №21 жалпы орта мектеп

Ашық сабақ
Тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі.

Пән мұғалімі: Асханова Мақпал

Күні______________ Сыныбы________________
Cабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі
маятниктердің тербелісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі туралы түсінік беру, орардың айырмашылықтары туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушының алдына күрделі сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Есте сақтау және қабылдау дәрежесін жетілдіру. Танымдық дағдысын дамытып, іздемпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелілік: Оқушылардың сабақ кезінде қолданылатын қондырғылар арқылы зерек болуға, приборлармен жұмыс істеу арқылы еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру. Өзіндік көзқарасын танытып, пікір айтуға жаттығу, оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік техниканың ережелерін сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, штатив, GLX, серіппе.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
-оқушылардың оқу құралдарын тексеру;
-оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бұл сабағымыз саяхат сабақ. Біз еліміздін қазіргі және осыған дейінгі астаналарына саяхат жасаймыз. Әрбір астанада берілген тапсырмаларды орындау арқылы біз өзімізге естелік суреттер жинаймыз. Естелік суреттер үш түрлі түсті болады. Қызыл – 5, көк- 4, сары- 3. Сабақ соңында жинаған суреттерінің түстеріне қарай бағалаймыз.
Қызығушылықты ояту
А) сергіту сәті
Ә) Анықтамалар әлемі
Мағынаны ажырату
Білсең де,тексер
Ой-толғаныс
Қорытындылау. Ойлан, тап.
Бағалау
Үй тапсырмасы
Анықтамалар әлемі
1 Тербеліс периоды дегеніміз не?
2. Тербеліс жиілігі дегеніміз не?
3 Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?
4 Өшетін тербеліс дегеніміз не?
5. Тербеліс дегеніміх не? Тербелістің түрлері.
6. Графиктен тербеліс париоды мен тербеліс амплитудасын тап
А=6 , T=20c
Жаңа тақырып
Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғыларды тербелмелі жүйелер деп атайды. Осындай жүйелердің қарапайым түрі—математикалық маятниктің тербелісін қарастырайық. Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.

Тербелмелі жүйелерге тән белгілердің бәрі математикалық маятникте де болады. Егер маятникті тепе-теңдік күйінен ауытқытатын болсақ, онда ол әрекет етуші күштерді теңгеруші күштің әрекетінен бастапқы тепе-теңдік күйіне қайта оралады. Осындай маятниктердің қозғалысын бақылап отырып, келесі қарапайым заңдарды тағайындауға болады.
Егер маятниктің ұзындығын өзгертпей, оған массалары әр түрлі жүктер ілсек, онда маятниктің тербеліс периодының өзгермейтіндігі байқалады. Демек, математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.
Егер маятникті қозғалысқа келтіргенде оны әр түрлі бұрышқа ауытқытатын болсақ, онда ол амплитудасы түрліше болғанымен, бірдей периодпен тербеледі. Амплитудасы өте үлкен болмаған жағдайда бұл тербеліс гармоникалық тербеліске мейлінше жуық болады. Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды.
Математикалық маятниктің тербеліс периоды
Т=2π√(l/g)

Серіппеге ілінген жүгі бар қарапайым тербелмелі жүйені серіппелі маятник деп атайды


Серіппелі маятниктің тербеліс периоды
Т=2π√(m/k)
«Білсең де тексер»
Сыныптан оқушы шығып, маятник көмегімен еркін түсу үдеуі мен серіппенің қатаңдығын есептеп, жауаптарын тақтаға жазады.

№22 жаттығу.
1 Ұзындығы 1 метр болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеп шығарыңдар.
Бер: l=1м Ш: Т=2π√(l/g)=2c
т/к: Т=?
2 Периоды 1с-қа тең болу үшін математикалық маятниктің ұзындығы қандай болуы керек?
Бер: Т=1с Ш: Т=2π√(l/g) ≫ l=(T^2 g)/(4π^2 )=0,25м
т/к: l=?
3 Математикалық маятниктің тербеліс периодын 2 есе азайту үшін оның ұзындығын неше есе қысқарту керек.
Қорытындылау. Ойлан, тап.



Үй тапсырмасы §27 Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.(95-бет)
№22-жаттығу 4-5.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.