.
.
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы.
Сабақ жоспары | Предметы | Физикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1785 | Размер: | Автор: Нартай4540Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы.
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік : Металдар мен электролиттердегі электр тогының физикалық табиғатын түсіндіру, электр тогын өткізуіндегі
заряд тасушылар туралы алған білімдерін бір жүйеге келтіру,
Электролиттік диссоциация теориясы аясында түзілген тұздар және қышқырдар тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау және қорытындылау;
2. Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, ой өрісін кеңейтуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.
3. Тәрбиелік: Оқушының ғылымға қызығушылығын арттыру, ұжымдылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі : аралас
Көрнекілігі: слайдтар, мультимедиалық құралдар, видео- анимация.
Пәнаралық байланыс: Химия, математика, информатика, электротехника.
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (слайд 2)
р/с Сұрақтар Жауаптар
1. Өткізгіштердің диэлектриктерден айырмашылығы неде? Өткізгіштер электр зарядын өткізеді, ал диэлектриктер өткізбейді
2. Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысының себебі неде? Электр өрісінде
3. Ток көзі қандай роль атқарады? Электр тогы бар болуы үшін электр өрісі ұзақ уақыт тірек болады.
4. Электр тогы дегеніміз не? Электр тогы дегеніміз бұл металл өткізгіштердегі өріс әсерінен электрондардың бағытталған қозғалысы
5. Ток көзінің қандай түрлерін білесіздер? Гальваникалық элементтер, термоэлемент, фотоэффект
6. Аккумуляторды зарядтағанда және разраядтағанда қандай прцесс жүреді? Аккумуляторды зарядтау үшін ол арқылы ток жібереді. Ток жүрген кезде пластина мен қышқыл арасында химиялық реакция жүреді. Содан кейін ғана ол ток көзі болып табылады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Физика пәнінің мұғалімі. Бүгінгі сабақта сіздер химия пәнінен оқыған «Электролиттік диссоциация. Электролиттер» тақырыбының жалғасы «Металдар мен электролиттердегі электр тогы» тақырыбында мәлімет алатын боласыздар.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Металдар мен электролиттердегі электр тогы Слайд 3
Физика пәнінің мұғалімі: Ток көзінде энергия есебінен зарядталған бөлшектердің бөлінуі нәтижесінде жұмыс жасалады.
Химия пәнінің мұғалімі:
Сіздер зарядталған бөлшектерді білесіздер?
Қандай химиялық байланыс түрлерін білесіздер?
Жауап: электрондар, иондар, протондар.
Металдық, иондық.
Химия пәнінің мұғалімі: Металдың кристалдық решеткаларында иондардың түзілуі қандай процестің нәтижесінде болады.
Жауап : кристалдық тор түзетін электрондардың атомдардан үзілуі нәтижесінде ион түзіледі.
Слайд 4
Слайд 5
Na0 – 1e- → Na+1
Химия пәнінің мұғалімі: Металл атомдарынан электрондар оңай бөлінеді, атом – электронейтралды бөлшек. Ал электрондарды бөліп алған кезде олар оң зарядталған иондарға айналады да, электрондар теріс заряд тасушылар болып табылады. Сол себепті олар металдың кристалдық торындағы атомдар мен иондар арасындағы кеңістікті толтырады. Слайд: 6,
Физика пәнінің мұғалімі: бөлшектер жіктелетіндіктен жұмыс жасайтын энергиясы бар электр өрісі пайда болады. Ток болу үшін өрістен басқа электр энергиясын тұтынушы қосылатын тұйықталған тізбек болуы қажет. Слайд 7.
Физика пәнінің мұғалімі: Сіздер қазір электротехника пәні бойынша электр тізбегінің элементтерін еске түсіресіздер.
Қарапайым электр тізбегі мынадан тұрады: видео № 8-144
а) ток көзінен;
б) жалғағыш сымдар жүйесі мен басқарушы құрылғылардан
в) электр энергиясын тұтынушыдан
Физика пәнінің мұғалімі: металл өткізгішке ток көзінің полюстары қосылғанда, өткізгіште еркін электрондардың жылулық қозғалысы бағытталған қозғалыс туғызады. Электр өрісіндегі күштің әсерінен электр тогы пайда болады. Бұл құд\былысты сіздер қазір көре аласыздар( электр тогының пайда болуы) видео № 8-134
Физика пәнінің мұғалімі: электр өткізгіштігі өте жоғары металдарға – күміс, алтын, мыс, алюминий.
Химия пәнінің мұғалімі: дегенмен электр тогын тек металдар емес , сонымен қатар ерітінділерде өткізеді. Слайд 8,9,10,11,12
Слайд 13
Химия пәнінің мұғалімі:
1. Электролит дегеніміз не?
2. Суда еріген кезде немесе балқығанда ыдырау процесі қалай аталады?
3. Қандай бөлшектерге ыдырайды , олар қалай аталады?
Химия пәнінің мұғалімі: мыс хлоридінің ерітіндісінің диссоциациясы негінде Cu+2 және Cl – иондарына ыдырайды. Cu+2 ионы оң заряд тасиды және теріс зарядты катодқа (электр өрісінің әсерінен ) ұмтылады да , одан электрондар алып, қайтаа қалпына келеді.
Cl – иондары теріс заряд тасымалдайды және электр өрісінің әсерінен оң зарядталған электрод - анодқа (электрондарын беру үшін ) ұмтылады.
Слайд 14
CuCl2 ↔ Cu+2 + 2Cl-
Катодтағы процестер Анодтағы процестер
нәтижесі нәтижесі
Cu+2 + 2e- Cu0 2Cl- - 2e- Cl2
Электролит арқылы ток өткен кезде электродтарда заттың бөлініп шығу процесі электролиз деп аталады. Электролиттердегі электр тогы электр өрісінің әсерінен оң және теріс иондардың бағытталған қозғалысынан туады.
Физика пәнінің мұғалімі: Нәтиже
• Металдардығы электр тоғы - еркін электрондардың реттелген қозғалысы.
• Электролиттердегі электр тогы электр өрісінің әсерінен оң және теріс иондардың бағытталған қозғалысын туғызады.
ІV. Сабақты бекіту. Материалды топтау.
Презентация слайдтарының көмегімен сұрақтар қойылады.
1) электр тогын өткізетін зат қалай аталады? ( өткізгіш)
2) электр тогын өткізбейтін зат қалай аталады? (диэлектрик)
3) оң зарядталған бөлшектер қалай аталады?(катион)
4) электролиттік диссоциация деп қандай процесті айтады? (иондарға ыдырау процесі)
5) теріс зарядтталған бөлшектер қалай аталады?
6) электролиттік диссоциация теориясын ұсынған ғалым кім? (Сванте Аррениус)
7) оң және теріс зарядтар қалай әрекеттеседі? (тартылады)
8) электр тогы дегеніміз не?(зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы)
9) металда қандай бөлшектер электр тогын туғызады?(электрондар)
10) ерітінділер мен құймаларда қандай бөлшектер электр тогын туғызады?(иондар мен электрондар)
V. Сабақты қорытындылау.
Венн диаграммасы
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
«Мақұлданды» «Бекітемін»
Жалпы білім беретін пәндер директордың теориялық
Бірлестігінің төрайымы оқу жөніндегі орынбасары
__________А. Упишева _________Ж. Халитова
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
(кіріктірілген сабақ)
Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова
Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Атырау – 2012 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.